Top.Mail.Ru

Құрметті БАҚ өкілдері!

Өткен жылдары салық міндеттемелерін орындамаған Қазақстан азаматтарының салықтық борышы бойынша өсімпұлдарды есептен шығаруға бағытталған «Салықтық рақымшылық» туралы Заңы өз күшіне енді.

• Салық бойынша өсімпұлдарды есептен қалай шығаруға болады? • Мемлекет алдында борышы бар азаматтар саны қанша? • Салықтық рақымшылық қандай жиілікпен өтеді және ол бюджет кірістеріне әсер ете ме?

Осы және басқа да сұрақтарға баспасөз конференциясының қонақтары:

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев;
ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсенбиев; ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Нағима Нұртазина жауап беретін болады 25 шілде, сағат 16:20, Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 25 шілде күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!