Құрметті БАҚ өкілдері!

25 сәуір күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңы «Қазақстанда жасалған» тақырыбында шара өткізеді.

Бұл алаң ақпараттық кеңістік үшін сарапшылар пулын құруға, еліміздің сарапшылар қоғамдастығына арналған «тартылыс нүктесін» құруға және оның әлеуетін арттыруға, жаңа қызықты адамдарды ұсынуға, Қазақстанның өңірлерінде өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық пікірге бағытталған.

СПИКЕРЛЕР: Дмитрий Корепанов – «Қазақстанда жасалған» сату және тауар орталығының директоры; Аңсаған Мұстафа – ұлттық киім өндіруші, суретші-блогер; Самғау Нәсіпхан – отандық аяқ-киім өндірушісі; Биназир Cұлтан – «Binazir» брендының негізін қалаушы, мүсінші; Байбосынова Гүлшат– «Golden Nomad» отандық брендының өкілі; «My Baursaq» компаниясының басшысы Асқар Жалдинов.

ӨТЕТІН ОРНЫ: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа Орталығы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша: +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 25 сәуір күні сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.