Құрметті БАҚ өкілдері!

17 сәуір күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңы Петропавл қаласында «СҚО-дағы шағын және орта кәсіптің дамуы» тақырыбында шара өткізеді.

Бұл алаң ақпараттық кеңістік үшін сарапшылар пулын құруға, еліміздің сарапшылар қоғамдастығына арналған «тартылыс нүктесін» құруға және оның әлеуетін арттыруға, жаңа қызықты адамдарды ұсынуға, Қазақстанның өңірлерінде өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық пікірге бағытталған.

СПИКЕРЛЕР: Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан ҚАЛИЕВ; «Qzmedia» бас директоры Закиржан МАМЛЮТОВ; СҚО Аққайың ауданының бизнес-тренері Рахымбек ЗЕЙНУЛЛИН; «Радуга» ЖШС экономика және қаржы бөлімінің бастығы Ирина ДЕМИДОВА.

ӨТЕТІН ОРНЫ: Петропавл қаласы, Оқушылар сарайы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша: +7 747 371 3800 телефоны арқылы немесе madina.xasanova.2018@mail.ru электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 17 сәуір күні сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.