Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 8 ақпан күні сағат 11:00 Орталық коммуникациялар қызметінің «МАҢЫЗДЫ» жаңа сараптамалық алаңында «Жастар және Start up» тақырыбына арналған пікірталас өтеді.

Бұл алаң ақпараттық кеңістік үшін сарапшылар пулын қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар:

  • Арын ӨРСАРИЕВ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

  • Павел КОКТЫШЕВ - Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

  • Гүлнар ИСМҰХАНОВА – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м. а., әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, компаниялардың бірінші тұлғаларының коучi және командалық коучi (ICF). Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының толық мүшесі (ISA, АҚШ)

  • Ерболат МУХАМЕДЖАН - Atameken Business channel телеарнасының бас продюсерінің орынбасары

  • Ерлан ШАЙXЫМБАЕВ - Қазақстан Республикасы цифрлық технологиялар және криптоиндустрия қауымдастығының вице-президенті, Crowdsale Network платформасының негізін салушы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2018 жылғы 8 ақпан күні сағат 09:30-ге дейін хабарласуға болады.