Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 4 ақпан күні сағат 15:00 Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының басталуына байланысты баспасөз-конференциясы өтеді. Байқаудың басты мақсаты - оқушыларды рухани-адамгершілік қырынан дамыту, қазақтың батырлар жырын, эпостарын дәріптеу.

Жоба туралы жан-жақты мәлімет беретіндер:

  1. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев;
  2. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева;
  3. «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев;
  4. «Qazaq Epos» қоғамдық қорының Бас директоры Бақытжан Тұрлыбеков.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 4 ақпан күні сағат 13:00-ге дейін хабарласуға болады.