Құрметті БАҚ өкілдері!

17 сәуір күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында шет елдік және отандық дизайнерлердің қатысуымен Қазақстан Сән Апталығының мерейтойлық датасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР: Kazakhstan Fashion Week бас продюсері Саят ДОСЫБАЕВ. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Болат МАЖАҒҰЛОВ . Kazakhstan Fashion Week атқаршы продюсері Динара САТЖАН. Қазахстандық және американдық топ-модель Алена СУББОТИНА. Ресейдің топ-стилистері Оксана ОН мен Гала БОРЗОВА. «Астана Балет» театрының жетекші солисті Дилара ШОМАЕВА. БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 17 сәуір күні сағат 12:30-ге дейін хабарласуға болады.