Құрметті БАҚ өкілдері!

23 мамыр күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңы «Жастардың қоғамды өзгерту интеграциясының мүмкіндіктері» тақырыбында шара өткізеді.

Бұл алаң ақпараттық кеңістік үшін сарапшылар пулын құруға, еліміздің сарапшылар қоғамдастығына арналған «тартылыс нүктесін» құруға және оның әлеуетін арттыруға, жаңа қызықты адамдарды ұсынуға, Қазақстанның өңірлерінде өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық пікірге бағытталған.

СПИКЕРЛЕР: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТ; «SERPIN» Білім және инновация Ұлттық палатасының директоры Әкiм ХАЗIРЕТӘЛІ; Тұңғыш Президент қорының жетекші сарапшысы Жақсылык САБИТОВ; «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Камила БАШАРОВА

ӨТЕТІН ОРНЫ: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа Орталығы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша: +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 23 мамыр күні сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.