Құрметті БАҚ өкілдері!

Қазақстанда «Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң қабылданғанына тура он жыл өтті. Осы жылдар ішінде қандай шаралар жасалынды? ЖЭК дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау механизмдері бар ма?

Саланың бүгінгі күндегі жай-күйі, келешегі және алдағы салалық іс-шаралары туралы толығырақ келесі спикерлар айтып береді:

• ҚР ЭМ Жаңғырмалы энергия көздері департаментінің директоры Соспанова Айнұр Сапарбекқызы; • ҚР ЭМ Жаңғырмалы энергия көздері департаментінің жаңғырмалы энергия көздерін дамыту басқармасының басшысы Құланбай Абай Құланбайұлы; • «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ-нің Директорлар кеңесінің төрағасы Қапенов Нұрлан Нұрғалиұлы; • Басқарма төрағасы - «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ - Директорлар кеңесінің мүшесі Хисамидинова Калия Рифатқызы. 2 мамыр 2019 жыл, сағ. 12:20.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 2 мамыр күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.