Құрметті БАҚ өкілдері!

18 маусым күні сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сонымен қатар, спикерлер 2020 жылға арналған әлемдік студиялардың фильмдерін қазақ тіліне дубляждау жоспарымен бөлісетін болады.

СПИКЕРЛЕР:

«Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара ШАЙЖҮНІСОВА

MELOMAN бас директоры Вадим ГОЛЕНКО

«Ойыншықтар хикаясы-4» анимациялық фильміндегі барлық саундтректердің орындаушысы, әнші Данияр ӨТЕГЕН

BI group құрылыс компаниясының өкілі;

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 18 маусым күні сағат 10:00-ге дейін хабарласуға болады.