«Форматтың өзі өзгермейді, тек өткізу жолы ғана. Яғни, егер бұрын ҰБТ қағаз жүзінде болған, балалар келіп, қағаз сұрақнамалар, тест кітапшаларын алады, одан әрі дөңгелектерді бояп, көп уақыт жоғалтатын, академиялық адалдыққа қатысты сұрақтар туындайтын, ал биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Оның артықшылықтары көп. Соның ішінде, бұл пандемия кезеңіне реакция. Себебі өткен жылдары 120 мыңнан астам түлек 7-10 күннің ішінде ҰБТ тапсыратын. Бұл дүрлікпе тудыратын, бір күнде ҰБТ тапсыруы тиіс балалар көп боалтын. Биыл ҰБТ 3 айға созылады, яғни 3 ай бойы шағын топтармен, өздеріне ыңғайлы уақытта, ҰБТ тапсырудың ыңғайлы пунктінде біздің балалар ҰБТ тапсырады», - деп түсіндірді Аймағамбетов.


Сонымен қатар, қазір түлекке екі мүмкіндік беріледі. Ал грант алуға конкурсқа өзінің ең үздік нәтижесін ұсынуға болады. 


Ведомство басшысының айтуынша, бұл ретте бірден бірнеше міндет шешіледі: пандемия кезінде ҰБТ тапсыратын түлектер көп жиналмайды; эмоциялық шиеленіс азаяды; академиялық адалдық мәселелері шешіледі; уақыт үнемделеді; бұл балалар үшін қолайлы.


«Наурыз айында ауқымды апробация өткіздік және ағымдағы жылдың түлектері осы орталықтарда ҰБТ-ны осы форматта тапсыруға тырысты. Өткен жылы магистратураға түскен 36 мың түлек электронды форматта түсу емтихандарын тапсырды. 2019 жылдан бастап педагогтарды тестілеу де осы форматта жүргізілді. Бүгінде 200 мыңнан астам педагог өздерінің біліктілік тестілерін электрондық форматта тапсырды. Жүйе жұмыс істейді, ол сыналды. Өткен жылы студенттер тапсырды, биыл мектеп түлектері және жазда магистратураға тұрақты негізде қабылдау тек электронды форматта болады деп жоспарлап отырмыз. Биылғы жылы докторантураға алғаш рет қабылдау осы форматта жүзеге асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және азайту үшін де жүргізілуде», - деп нақтылады министр.