Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ бөлімшелерінің күшімен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 172 775 текше метр еріген қар суы сорылды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 455,9 м су өткізу арналары мен арықтар тазартылды. Ақмола және Қостанай облыстарында инертті материалдар салынған 2900 қап төселді. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 39,2 млн текше метр қар шығарды.


Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде сең жүру үдерісі жалғасуда. Мұз кептелісін болдырмау үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 119 мұз жару жұмысы жүргізілді, 18 тоннадан астам жарылғыш зат жұмсалды. 


Күн сайын құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардан және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардан 800-ден астам адам, шамамен 300 бірлік техника және 100-ден астам су сорғыш құралдары тартылады.   


13 сәуірде Премьер-Министрдің орынбасары, төтенше жағдайлар министрі, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі пен Ақмола облысының әкімі елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады. Астана су қоймасының, контрреттегіштің және Преобреженск су торабының жағдайы тексерілді.


Жүргізілген жұмыстар туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин баяндады.