Оның айтуынша, консультативтік құжат саланың проблемасын неғұрлым терең қалыптастыруға және көруге, оларды шешудің әдістері мен тәсілдерін пысықтауға мүмкіндік береді.


«Заң жобаларын әзірлеу рәсімінің өзі келесідей. Мемлекеттік органдар проблеманы анықтаған кезде тиісті талдау жүргізуге және оның нәтижелерін Консультативтік құжатта көрсетуге тиіс. Бұдан әрі Консультативтік құжат жұртшылықпен және оның нақты нысаналы топтарымен консультациялар өткізу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Жұртшылықпен талқылаулар бір немесе бірнеше тәсілдерді пайдалана отырып жүргізіледі: «Ашық НҚА» порталында талқылау, жария тыңдаулар мен пікірталастар. Қоғаммен талқыланғаннан кейін ғана мемлекеттік орган талқыланатын мәселені шешу үшін заң әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды»,- деп атап өтті спикер.


Осылайша, халық заңнамалық бастаманың ең ерте кезеңінен бастап уәкілетті органдар қабылдаған шешімдерге тартылатын болады.