«Бизнесмендер құрылған қорға міндетті түрде қаржы салады. Себебі осы шабуылдар кезінде қиын жағдайға тап болған шағын бизнеске көмектесу керек. Бұл бір. Екіншіден, президент айтқандай, бұл жарналар тұрақты болуы тиіс, яғни бұл жай ғана «қазір шыққан өртті сөндіріп тастау» ғана емес, бұл біршама жүйелі, өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ұзаққа созылатын әрекет. Жақында ғана «ҚазАзот» басшысы осы Қорға 500 млн теңге салғанын білесіздер. Яғни, мен айтқым кеп отырғаны, біз қазір қоғамды «оң» және «оң емес», «кедей» және «бай» деп бөлмеуіміз керек. Президенттің мәлімдемесінен кейін олигархтарға қарсы толқулар басталды. Олигархтар да біздің қоғамның бір бөлігі, егер әр мемлекеттің тарихын қарасаңыз, онда мұндай кезеңдер әр елде болды. Батыста шамамен 100 жыл бұрын. Ал бізде қазір болып жатыр. Біз ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ретінде қоғамның жіктелуіне жол бермеуіміз керек. Қазіргі кезде қоғамды біріктіру бағытында жұмыс жүргізуіміз керек. Депутаттық корпусқа алғысымды білдіргім келеді, өйткені бұл күндері мүмкіндік пайда болған кезде барлығы бірден үн қатып, бізге эфирге келді. Бізге көп депутаттар келді, азаматтық белсенділік танытқандарыңыз үшін рахмет. Мен барлық фракциялар туралы айтып отырмын. Ең өткір сұрақтар қойылды, ең өткір пікірлер айтылды. Депутаттық корпус жаңа қырынан көрінді деп айтар едім. Менің ойымша, біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Біз жеке меншікті тәуелсіз арнамыз, сондықтан эфирде барлық пікірлердің айтылуына жол береміз. Біз мұны өз миссиямыз деп санаймыз», - деп түйіндеді спикер.