Әлемдік тренд. Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының басымдықтарының бірі - Органикалық Ауыл шаруашылығын дамыту. Бүгінгі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді және нарық шамамен 200 млрд $ бағаланады. Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесінің (Министр) айтуынша, әріптестер деңгейінде жол картасы қабылданды, ол екі міндетті шешуді көздейді: ЕАЭО-ның бір елінде өндірілетін және сертификатталатын органикалық өнімнің ЕАЭО-ның басқа елінде де қолданыста болуы, екіншісі – ЕАЭО ішінде сертификатталатын органикалық өнім үшінші елдерде, әсіресе, Еуропалық қоғамдастықта дәл осылай сатылуы. Артак Камалян Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде аталған жол картасы келесі үкіметаралық кеңесте бекітілетініне сенім білдірді. Әзірге, жекелеген аспектілерді келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтамасыз етуге барлық мүмкіндігі бар. Пандемия азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етті ме, жоқ па – бұл көп адамды алаңдатуда.

«Біз өз-өзімізді қамтамасыз ете аламыз! Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз – азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл ретте коронавирус пандемиясы аз ғана әсер етті. Биыл да былтырғыдай ЕАЭО барлық тауарлық азық-түлік топтары бойынша өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Өткен жылдағыдай импортқа тәуелді жалғыз тауар тобы – жеміс-жидектер. Ауа райына байланысты қант қызылшасы мен қант өнімділігімен қиындықтар болды, бірақ қор шамамен 1 миллион тонна, профицит биылғы жылы қант тапшылығын сезінбеу үшін жеткілікті.

Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіне отырып, «Стратегия 2025» «Азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы қағидаттары мен тәсілдері, ұжымдық азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру» деп аталатын бағыт бар. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, жақын арада нәтижелер алқа отырысында, содан кейін Кеңесте қаралады деп үміттенеміз», - деді министр.

Импорттық тәуелділіктен толығымен құтылу үшін тереңге үңілу керек. Қант қызылшасы (70% импортталады) мен жүгері (жартысы импортталады) тұқымдарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет.