Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Қызылорда

Жалпы мәлімет

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс 226 мың шаршы км жалпы ауданымен Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, бұл республиканың барлық аумағының 8,3%-н құрайды.

Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, оның төменгі ағысында орналасқан.

Облыс солтүстік – батысында- Қарағанды, Солтүстігінде- Қарағанды, оңтүстік- шығысында- Оңтүстік - Қазақстан облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. 

Байқоңыр қаласында -  әлемге   танымал  ғарыш  айлағы  орналасқан.   Байқоңыр  ғарыш айлағының аумағын  Ресей Федерациясы ұзақмерзімдік  жалға алған. 

Қазалы  қаласының іргесі  1853 жылы  форт ретінзе  құрылған. 1867 жылы   қала ірі теміржол торабына айналдырылған. Онда металл  өңдеу,   тамақ,  жеңіл өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. 

Облыста 7 аудан бар:

Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,

Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке-Би кенті,

Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,

Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,

Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,

Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,

Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті.

Табиғат

Ауа-райы

Ауа-райы күрт-континентальды. Қысы негізінен жұмсақ, жазы қапырық. Мұндай ауа-райы облысты қоршап жатқан Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпат жерлерінің әсерімен қалыптасады. Облыс аумағынан ұзындығы мыңға жуық километр Сырдария өзенінің төменгі ағысы өтеді.

Жер ресурстары

Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24035,9 мың гектарды құрайды. Олардың ішінен 2205,4 га Қарағанды облысы ұзақ мерзімді пайдалануға берген, 771,4 мың га жерді Байқоңыр кешені үшін және Арал ауданының аумағында Сарышаған сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясынан жалға алынған. Жалпы жер қорының құрамында 12947,9 мың га – ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлер, немесе облыстың жалпы жер ауданының 13,5%-ы. Қызылорда облысының топырақ- өсімдік жабыны шөл дала аймағына жатады. Суару жүйесін қосқанда, жердің жалпы ауданынан Сардария өз. жайылмасында - 25%, жартылай шөл дала аймағында- 20%, шөл дала аймағында 55% орналасқан. Жылулық және күндік ресурстар бойынша Қызылорда облысының жағдайдары көптеген дақылдарды өсіру үшін қолайлы, бірақ жауын- шашынның аз болуы салдарынан жер игеру тек суаруға негізделеді.

Табиғи ресурстар

Қызылорда облысы минералды- шикізаттық ресурстардың едәуір әлеуетіне ие. Облыстың аумағына 15,1% -мырыштың теңгерімдік қорлары, 9,6% - қорғасын, 13,7% - уран, 4,7% - мұнай, газ бен конденсат қорлары, 3,4% - жалпықазақстандық қорлардың жерасты сулары шоғырланған.

Облыстың аса пайдалы қазбалары көмірсутекті шикізат, түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий, пісірілген тұз және жерасты сулар болып табылады. Аймақтың шектерінде қорлары бойынша бірегей Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындары орналасады. Қаратау жотасының ванадий таситын тақтатас көп мақсатта пайдаланатын шикізат болып табылады. Ванадийдан басқа кендерде үлкен құндылықты сирек және жиі сирек элементтердің, алтын мен шунгиттің қорлары ұсынады. Оңтүстік Қазақстанда титанның жалғыз шашыраңқы кен орны Солтүстік Арал маңында орналасқан Акеспе кен орны болып табылады.

Оның үстіне, облыс аумағында бүгінгі таңда жете барланбаған темірдің, фосфориттердің, ыстық тақтатастардың, тальктың, мыстың бірқатар кен орындары бар. Сондай- ақ Арал маңындағы мұнай газ бассейнінің, соның ішінде Көкарал түбегінің геологиялық- барлау жұмыстары логикалық аяқталуына дейін жеткізілмеген.

Су ресурстары

Облыстың негізгі су артериясы облыс бойынша 1280 км созылып жатқан Сырдария өзені болып табылады.

Бүгінгі күнгі Арал теңізінің ауданы 250000 га құрайды.

Халық

Облыс  халқының саны 694  мыңнан  астам адамды  құрайды,  оның 64,6%  - қала тұрғындары болса,  35,4% - ауыл тұрғындары.  Облыс бойынша 4  қала (Қызылорда,  Арал,  Қазалы  және Байқоңыр), 7 селолық  аудан,  263  елді мекен бар. 

Экономика

Қызылорда облысының аумағында  минералдық-шикізат ресурстарының  мол қоры бар. Ванадийдің республикалық қорының 65  пайызы,  мырыштың 15 пайыздан  астам,  уранның 14 пайызы,  мырыштың  10 пайызы  осы өңірде  шоғырланған. Мұнай,  газ және конденсаттың  мол қоры барланған.ас  және  емдік тұздың,  әктің,  кварц құмының,  ауыз су және минералдық судың  ірі ресурстары  бар.

Облыстың  экономикасы  аграрлық-индустриялық бағытты  ұстанады.  Облыста  өнеркәсіптің мұнай және  газ өндірісі,  азық-түлік  өнімдерінің өндірісі, тоқыма,  тігін,  целлюлоз-қағаз саласы,  құрылыс,  құрылыс материалдарының өндірісі  сияқты салалар  жақсы дамыған.

Облыстың ауыл шаруашылығында, бірінші кезекте,  күріш,  картоп,  көкөніс,  бақша өнімдері  өсіріледі.  Мал шаруашылығында  ірі  қара мал басы, қой,  құс,  жылқы және  түйе малының басы көбейтілуде.  Қаракөл шаруашылығы  мен  асыл тұқымды  мал шаруашылығы дамуда,  балық шаруашылығы  қалпына келтірілуде. 

Шиелі ауданында 2009 жылы сәуірде бірлескен қазақстандық- қытайлық компания «Ирколь» уран кен орнын зерттеуді бастады. Өндіру жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылады.

Арал ауданында өнеркәсіптік балық аулау және балықты қайта өңдеу жандануда, мұнай мен газдың кен орындарын барлау жүргізілуде.

2010 жылы желтоқсанда республиканың оңтүстігін табиғи газбен жабдықтау үшін батыс Қазақстанның кен орындарынан газды тасымалдауға арналған, сондай-ақ газды Қазақстан- Қытай газ құбырына экспорттық жеткізулерге арналған Бейнеу — Бозой — Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Газ құбырдың ұзындығы 1,5 мың километрді құрайды, құрылыстың шамамен құны $3,6 миллиард, есептік қызмет ету мерзімі 30 жыл.

Жаңа газ құбырын пайдалануға енгізумен байланысты газ беру көлемдері Қызылорда облысында бес есе, Оңтүстік – Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 3-4 есе артады. Бірінші кезеңде 2012 жылға дейін) өткізу қабілеті жылына 5 млрд куб метр Бозой — Шымкент учаскесін салу жоспарланады, екінші кезеңде (2013-2014 жылдар)- газ құбырының қуаттылығын қосымша компресссорлық станцияларды және Бейнеу - Бозой учаскесін енгізу арқылы жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізу.

2009 жылы облыс аумағында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автобанын салу өрістетілген. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның ішінен 2787 км Қазақстан аумағымен, олардың ішінен үштен бірі (811 км) Қызылорда облысымен өтеді. Жобамен Сырдария арқылы автожол көпірлері және және Шіркейлі арнасы, жол - пайдаланатын кешендер, аялдамалық алаңдар, автопавильоны, мал қабылдайтын жерлер, электрондық таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір уақытта күрежолдың бойында орналасқан облыс аудандарының да жолдары жөнделіпғ салынатын болады.

Көлік

Облыста  заманауи коммуникация жүйесі  дамыған,  жергілікті маңыздағы  тармақталған  автожол  желісі   бар.  Облыс аумағы  арқылы өтетін Самара-Ташкент  тас жолы мен  Қазақстанның барлық  бағыты бойынша,  алыс және жақын  шетелдерге  жолаушылар және жүк тасымалдайтын  теміржол  желісі  өңірдің  экономикалық әлеуетіне  серпін беріп отыр.  Облыс  ТМД елдерінің барлығымен  және  алыс елдердің 20  астам  елімен белсенді сыртқы байланыс   орнатқан. 

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салаға  үлкен  назар аударылып  отыр.  Халықтың  әл-ауқаты  жыл санап өсуде,  жалақы көлемі,  тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы  отбасыларға, мүгедектерге,  жетім балаларға, т.б.  көрсетілетін  көмектердің көлемі  ұлғаюда.

Облыстың мәдениет саласында 180 мәдениет үйі  және  клубы,  209  кітапхана,  8 мұражай,  Н.Бекежанов атындағы  музыкалық-драмалық театр,  облыстық филармония,  халық  шығармашылығы  орталығы,  тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі мемлекеттік  мекеме  қызмет етеді. 

Білім саласында  300 шақты мемлекеттік мектеп  қызмет етеді,  олардың барлығы  компьютерлендірілген және  Интернет желісіне  қосылған.  126 балабақша,  30  шақты шағын  орталық  жұмыс істейді.  Және 3 жоғары оқу  орны  тағы бар. 

Медициналық қызмет  саласында  340  емдік-профилактикалық  ұйым,  оның ішінде 14 емхана,  8 алғашқы медицина-санитарлық көмек орталығы, 109  дәрігерлік  амбулатория,  1285 медпункт,  69 стационар,  облыстық консультативтік-диагностикалықорталық,  қалалық  әйелдер консультациясы  халыққа қызмет көрсетеді. 

Дене шынықтыру мен  спорт  саласын дамытуға да  назар  бөлінуде.  Облыста  спорт түрлері  бойынша  20-дан  астам  балалар спорт  мектебі  жұмыс істейді. 

Өлке тарихынан

Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.

Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.

Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика және басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь-Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.

Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.

Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанасбатырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеушіЫбырай Жақаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.

Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенелері Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мыңж. аяғы — б.э.VIII ғ. қалалық топтар ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының Байқоңыр қазіргі қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан.

Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.

Жетыасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық райондары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған.

Жетыасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.

1946-51 ж.ж. ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО ҒА Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 ж. екінші ортасында – 1990 ж. Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.

Сығанақ – қалашық, қазіргі Қазақстанның Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығыс 18 км, Сырдария өзенінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан.

Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған.

Қала алғашқы рет X ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, XI ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы.

1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы. XVI ғ.-XV ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ