Петропавл

Жалпы мәлімет

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған. Солтүстігінде Ресейдің Қорған, Омбы және Түмен облыстарымен, Батысында Қазақстанның  - Қостанай, оңтүстігінде  –  Ақмола облыстарымен шектеседі. Аумағы 98 мың шаршы км.  Жерінің басым бөлігі Батыс-Сібір жазығының оңтүстігінде орналасқан.

Облыс орталығы

Облыс орталығы – Петропавл қаласының негізі 1752 жылы қаланған, халқы – 190 мың адамнан астам. Есіл өзененіде орналасқан қала Трансібір және Трансазия темір жолдарын жалғастаратын маңызды теміржол желісі болып табылады. Ірі индустриалдық орталық, онда машина жасау мен металл өңдеу, азық-түлік және, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс дамыған. Ғылыми және жоғары оқу орындары, мәдениет мекемелері бар.

Аудандары

АЙЫРТАУ АУДАНЫ. Аумағы 9,6 мың ш. км. Орталығы – Саумалкөл ауылы.

АҚЖАР АУДАНЫ. Аумағы 8 мың ш. км. Орталығы – Талшық ауылы.

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ. Аумағы 4,7 мың ш. км. Орталығы – Смирнов ауылы.

ЕСІЛ АУДАНЫ. Аумағы 5,1 мың ш. км. Орталығы – Явленка ауылы.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ. Аумағы7,4 мың ш. км. Орталығы– Пресновка ауылы.

МАҒЖАНА ЖҰМАБАЕВ атындағы АУДАН. Аумағы 7,8 мың ш. км. Орталығы – Булаев қаласы.

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ. Аумағы 6,9 мың ш. км. Орталығы  - Бескөл ауылы.

МАМЛЮТ АУДАНЫ. Аумағы 4,1 мың ш. км. Орталығы – Мамлютка қаласы.

ҒАБИТ  МҮСІРЕПОВ атындағы АУДАН. Аумағы 11 мың ш. км. Орталығы – Новоишим ауылы.

ТАЙЫНША АУДАНЫ. Аумағы 11,4 мың ш. км. Орталығы– Тайынша ауылы.

ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ. Аумағы 4,5 мың ш. км. Орталығы – Темирязов ауылы.

УӘЛИХАН АУДАНЫ. Аумағы 12,8 мың ш. км. Орталығы – Кішкенекөл ауылы.

ШАЛ АҚЫН  АУДАНЫ. Аумағы 4,8 мың ш. км. Орталығы – Сергеевка қаласы.

Табиғат

Өзендер мен көлдер

Облыс аумағымен Есіл өзенінің Иманбұрлық орта ағысы (400 км)   өтеді. Солтүстік-шығыс бөлігінде Қалибек, Үлкенқарой, Теке, Сілетітеңіз, Шағалалытеңіз сияқты ащы көлдер бар. Облыстың негізінен батыс жағына қарай орналасқан суы тұщы көлдердің ішіндегі ең ірілері Солтүстік және Оңтүстік Қақ,  Ақұш, Тараңкөл, Мәңгісор, Становой көлдері.

Климаты

Облыстың оңтүстік-батыс жағы Сарыарқада жатыр. Құрылыққа терең сұғына орналасқан облыстың ауа райы тым континенталді,  оған желі мен бораны қатты, ұзақ та суық қыс пен қысқа да ыстық жаз тән. Ең суық қаңтар айының ұзақ жылдар бойғы орташа температурасы солтүстігінде шамамен –18.5°С, оңтүстігінде - –17.6°С, ал ең суық күндері ол –45°С дейін жетеді. Шілде айындағы орташа температура солтүстікте +19°С және оңтүстікте  +19.5°С, ең ыстық күндер +41°С дейін жетеді. Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық көлемі 290 мен 435 мм аралығында.

Халық

Облыс халқы шамамен 654 мың адам. Қала халқының саны 227,9 мың адам (34,4%), ауыл халқының саны – 435 мың адам (65,6%). Ұлттық құрам бойынша: қазақстар – 31,9 %, оырстар – 49,7%, украиндар – 6,1%, немістер – 3,9%, поляктар – 2,5%, татарлар – 2,3%, басқалары – 3,6%.

Облыста 5 қала бар, оның біреуі облыстық бағынысты, сондай-ақ 13 аудан, 208 селолық (ауылдық) округ, 727 ауылдық елді мекен бар.

Экономика

Солтүстік Қазақстан облысында пайдалы кен қазбаларының барлық дерлік түрі табылып, әртүрлі деңгейде зерттелген. 300-дей кен көздері барланған. Олардың ішінде: металл – 34, металл емес – 2, құрылыс және технологиялық шикізат – 217 және жерасты сулары – 33, оның  6- минералды су көзі. Облыс аумағы солтүстік-қазақстандық уран кені, алмаз және қалайы сирек металл дың көзі болып табылады. Облыстың оңтүстік-батысында минералдық-шикізат базасын кеңейту перспективасының маңызы үлкен. Мұнда алтынның, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздың,  қалайының, титанның, түсті және сирек металдардың,  қоңыр көмірдің бірқатар маңызды кен орындары бар.

Облыс өнеркәсібі экономикасында  кең ауқымды қызмет атқаратын 900 астам кәсіпорындар бар. Өнеркәсіп өндірісі көлемінде бірінші кезекте азық-түлік өнімдері өндірісінің, машина жасау, сондай-ақ  мұнай-газ, көлік және ауыл шаруашылығының, резина және пластмасса өнімдерін өндірудің, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратудың ара салмағы  анағұрлым мол. Тау-кен өндіру және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары дамуда.

Обуховтағы титан-цирконий құмы кен орнын, қуаты жылына 340 мың тонна болатын кварц құмын байыту фабрикасын салу арқылы  Айсарыдағы шыны құмы кен орнын игеруді, «Сырымбет» тау-кен байыту комбинатын салу сияқты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталды.

Химия өнеркәсібін қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсібінде бояу, лак және биоэтанол өндірісі өсіп келеді. Азық-түлік өндірісі – ет пен сүт, ұн және ұн өнімдері, сусындар (оның ішінде алкоголді де) -  тұрақты өсіп келеді. Тоқыма және тігін өнімдерін, тері және тері өнімдері, резина мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндіру ұлғаюда.

Солтүстік қазақстан облысы Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатардағы орындардың бірінде. Мұнда ауыл шаруашылығына тән  өнімдердің жалпы өндірісі тұрақты өсуде. Бұл салада 1000 шақты кәсіпорындар мен 4000-дай шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Ауыл шаруашылығына 6,7 млн. га жер бөлінген, оның 4,5 млн. га егістік жерлер.  Облыстың экономикалық тұрақтылығын аймақтың басты экспорттық тауары болып табылатын астық өндірісі айқындайды. Республикадағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 4% алып отырған облыс жыл сайын республикалық деңгейде өндірілетін астықтың төрттен бірін, картоптың 17 %, еттің  6%, сүттің 11% және жұмыртқаның шамамен 9% өндіреті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустралдық-инновациялық даму Стратегиясын бекіту туралы» Жарлығына сай, өңірде  «Солтүстік Қазақстан облысында 2007-2010 жылдарға арналған Индустралдық-инновациялық даму бағдарламасы» әзірленіп, жүзеге асырылуда. Ол  өңірдің экономика саласын, бірінші кезекте машина жасау мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді  шоғырландыру, кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім өткізу позициясын нығайту  арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған.

Облыстың сыртқы сауда айналымы жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Қазіргі кезде Ресей, Украина, Египет, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдер экспорт жөніндегі негізгі серіктестері болып табылады. Импорттық өнімдерді жеткізуші негізгі елдер - Ресей, Израиль, АҚШ, Украина, Канада, Германия, Беларусь.

Көлік

Облыста еліміздің бірыңғай көлік жүйесіне енетін магистралдар мен коммуникация желісі бар. Теміржол және әуе қатынасы, телефон, ұялы байлыныс және жерсеріктік байланыс түрлері дамып келеді. Жалпы ұзындығы  9002,9 км болатын автокөлік жолдары желісі кеңеюде, оның ішінде: республикалық маңызды жолдар – 1468 км, облыстық маңызды жолдар – 2432 км, аудандық маңызды жолдар – 5102,9 км.

Әлеуметтік сала

Облыста әлеуметтік даму бағдарламасы мақсатты түрде дамып келеді – денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет, зейнетақылық қамтамасыз ету, халықтың аз қамтылған бөлігіне адрестік көмек көрсету, ана мен баланы қорғау  салаларында динамикалық қайта құру іске асырылуда.

Білім беру жүйесінде 647 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 55 балалар бақшасы, 57 қосымшы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Барлық мектептер компьютерлік техникамен жарақталып, Интернетке қосылған.170 білім беру ұйымына әлемдік білім беру ұйымдарына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Okynet.kz» ақпараттық-білім беру желісі жүзеге асырылуда. Облыстағы кәсіби білім беру жүйесінде 20 мектеп бар, онда 64 кәсіп пен 30 мамандық бойынша даярлық жүргізіледі.

Облыстың денсаулық сақтау саласында 264 емдеу-сауықтыру ұйымдары бар,13 орталық аудандық аурухана, 10 туберкулезге қарсы диспансер, 157 дәрігерлік амбулатория, 488 медициналық пункт жұмыс істейді.

Мәдениет нысандары желісін сақтау және кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. Облыста барлығы 596 мәдениет нысаны бар, оның ішінде 3 театр, филармония, 11 мұражай, 255 клуб, 319 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

Салауатты өмір салты бағдарламасын жүзеге асыру, дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша 2145 спорттық құрылғылар, оның ішінде 31 стадион, 2 спорт кешені, 520 спорт залы, 9 жүзу бассейні, 16 шаңғы базасы, жеңіл атлетика манежі, 87 ату тирі, 6 теннис корты бар.

Өлке тарихынан

Облыста бастауын тарихтың терең қойнауынан алатын тарихм, мәдени ескерткіштер аз емес. Мысалы, 1940 жылы Петерфельд селосында құдық қазу барысында палеолит дәуіріне жататын ағаш көмірі мен өңделген іздері бар мамонтың азу тісі, тастан жасалған қарулар табылған.  Облыс аумағында мезолит дәуіріне жататын (Явленский, Тельман және  Виноградов археологиялық шағын аудандары) ескерткіштер тобы да табылған.

Неолит дәуірінде бұл атырап атбасар мәдениетінің таралу аумағы болған. Сол кезеңнің неғұрлым белгілі ескерткіштер - Виноградов II, Тельман IX, Явленка, Карлуга, Боголюбово маңындағы тұрақтар. Андронов тайпасының Алыпқаш және Бағанаты қорымдарындағы қазба жұмыстары кезінде өте мол материалдар табылған. Шал ақын ауданындағы  Бағанаты және Байқара қорымдарындағы соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары тарихтың жаңа беттерін ашты.

Орталық Азиядағы XVIII ғасырдағы ең беделді мемлекеттік қайраткер, үш жүздің басын қосқан  Абылай ханның есімі осы өлкемен тікелей байланысты. Ол билік құрған заман (1771-1781 жж.)  саяси жағдайдық тұрақтылығы, Қазақстанның беделінің артуы, оның Еуразия елдерімен  экономикалық және мәдени байланыстардың артуымен белгілі.

Облыс тыңдағы ерлігімен атағы шыққан. Тың көтерушілердің алғашқы жасағы Солтүстік Қазақстан облысына 1954 жылғы 1 наурызда Алматыдан, екінші эшелон – Мәскеуден келді.

Облыстың кешегісі мен бүгіні өлкетану туризмі үшін өте мол материал болып табылады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат