Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Көкшетау

Жалпы мәлімет

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Облыс 1939 жылғы 14 қазанда құрылған.

1960 жылғы 26 желтоқсанда Ақмола облысы таратылды.  Ақмола қаласы құрамына Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кірген Тың өлкесінің орталығы болып бекітілді.1961 жылдың  20 наурызында Ақмоланың аты  Целиноград болып өзгерді. Бір айдан кейін Целиноград облысы қайта құрылып, 1992 жылдың  6 шілдесінде қаланың тарихи аты – Акмола қайтарылып беріліп, Целиноград облысы Ақмола облысы болып өзгертілді. 1998 жылдың  6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

Облыс аумағы 146,2 мың ш.км. Батысында Қостанай, солтүстігінде – Солтүстік Қазақстан, шығысында–  Павлодар және оңтүстігінде–  Қарағанды  облыстарымен шектеседі. Ресейдің Орал, Тюмень, Томск, Омбы және Новосибир облыстары сияқты дамыған өңірлеріне тікелей жақын орналасқан.

Облыс орталығы – Көкшетау қаласы, 1824 жылы негізі қаланған. Қалаға Станционный кенті мен Қызылжар ауылдары қарайды. Облыс орталығында 147,7 мың адам тұрады. Қаланың индустриалдық-өнеркәсіптік әлеуеті тау-кен өндірісі, машина жасау, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салалары, құрылыс, көлік, туризм және демалыс арқылы танымал. Қала экономикасына катодты алтынды алу және өндірумен шұғылдынатын «Васильков ТӨК» АҚ,  машина жасайтын «КамАЗ-Инжиниринг» ЖШС, «Көкшетауминсулары» ЖШС, ұшақ жасауға арналған 40-астам өнім түрлері өндіретін «Тыныс» АҚ және тағы басқа кәсіпорындар қала экономикасын дамытуға едәуір үлес қосуда.

Степногорск

Қала мәртебесін 1964 жылы алды. Қала құрамына қала типтес 5 кент: Шаңтөбе, Заводской, Ақсу, Бестөбе жәнеҚарабұлақ кіреді.Қала экономикасын тау-кен,  химия, микробиология және азық-түлік өнеркәсібі өнімдері көрсетеді.

Аудандары:

АҚКӨЛ  АУДАНЫ. Аумағы 6,9 мың ш.км. Аудан орталығы – Ақкөл қаласы.

АРШАЛЫ  АУДАНЫ. Аумағы5,8 мың ш.км. Аудан орталығы –Аршалы кенті.

АСТРАХАН АУДАНЫ. Аумағы7,1 мың ш. км. Аудан орталығы– Астрахан ауылы.

АТБАСАР АУДАНЫ. Аумағы11,8 мың ш. км. Аудан орталығы– Атбасар қаласы.

БҰЛАНДЫ АУДАНЫ. Аумағы5,4 мың ш. км. Аудан орталығы– Макинск қаласы.

ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ. Аумағы5,4 мың ш. км. Аудан ортылығы– Егіндікөл қаласы.

ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫ. Аумағы11 мың ш. км. Аудан орталығы– Степняк қаласы.

ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ. Аумағы17,5 мың ш. км. Аудан орталығы– Ерейментау ауылы.

ЕСІЛ АУДАНЫ. Аумағы7,8 мың ш. км. Аудан орталығы– Есіл қаласы.

ЖАҚСЫ АУДАНЫ. Аумағы9,7 мың ш. км. Аудан орталығы– Жақсы кенті.

ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ. Аумағы12 мың ш. км. Аудан орталығы–  Державинск кенті.

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ. Аумағы8 мың ш. км. Аудан орталығы–Зеренді ауылы.

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ. Аумағы9,3 мың ш. км. Аудан орталығы–  Қорғалжын ауылы.

САНДЫҚТАУ АУДАНЫ. Аумағы6,4 мың ш. км. Аудан орталығы –  Балкашин ауылы.

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ. Аумағы8,6 мың ш. км. Аудан орталығы-Акмол ауылы.

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ. Аумағы4,7 мың ш. км. Аудан орталығы – Шортанды кенті.

БУРАБАЙ АУДАНЫ. Аумағы5,9 мың ш. км. Аудан орталығы– Шучинск қаласы.

Табиғат

Облыс ландшафты барынша әртүрлі болып келеді: көп бөлікті жазық дала мен шағын құм төбешіктер, орманды жазықтар мен таулар алып жатыр. Дала өсімдіктерінің көптеген түрлері мен солтүстігінде қайыңды орман  өседі. Жануарлар әлемі анағұрлым бай әрі әртүрлі болып келеді, онда ұсақ сүт қоректілердің  55 түрі, құстардың 180 түрі, балықтың  30 түрі өмір сүреді.

Өзендер мен көлдер

Ақмола облысы өзендерге, ащы және тұщы сулы көлдерге бай. Ең ірі өзендерге Есіл (жалпы ұзындығы 2450 км, Қазақстан Республикасы шегінде – 1719 км), Нұра, Сілеті, Құланөтпес, Өлеңті, Шағалалы жатады. Ірі тұщы көлдерге Қорғалжын, Қожакөл, Итемген, Майбалық, Шортанды, Қопа; ащы көлдерге – Теңіз, Қыпшақ, Керей, Қияқты, Улкеншабақты, Кішішабақты және басқалар жатады. Вячеславский, Сілеті ірі жасанды су қоймалыры бар.

Климаты

Климаты тым континенталды, жазы ыстық, қысы қары аз, суық  әрі ұзақ, қатты жел соғып, ауа райы тәулік ішінде бірнеше рет өзгеріп тұрады. Қаңтардағы орташа температура – 16  – 18°С, шілдеде  +19+21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа көлемі – 250 – 400 мм. Жазғы жауын-шашынның көп бөлігі маусым-шілдеде, ал қыстық жауын-шашынның көп бөлігі қараша-желтоқсанда түседі. Жазғы жаңбыр найзағайлы нөсер түрінде түседі. Жаңбырсыз маусымның орташа ұзақтығы 30 күнге дейін созылады.

Халық

Облыс халқы 748,5 мың адам, олардың ішінде қала халқы– 357,8 мың адам (47,8%), ауыл халқы - 390,7 мың адам  (52,2%).

Облыс құрамында облыстық маңыздағы 2 қала: Көкшетау мен Степногорск, 17 ауылдық аудан, аудандық бағыныстағы 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Шучинск), 14 кент пен  244 ауылдық округ бар.

Экономика

Ақмола облысының қойнауы пайдалы кен қазбаларына бай. Мұнда алтынның, күмістің, уранның, молибденнің, техникалық алмаздың, каолин мен мусковиттің, сондай-ақ темір кенінің, тас көмірдің, доломиттің, кең тараған пайдалы қазбалардың, минералды сулардың және емдік балшықтың  өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан ерекше, барланған көздері шоғырланған. Құрылыс тастарының, құрылыстық құмның, кірпіш құятын балшықтың және басқа да кең тараған пайдалы қазбалардың 240 кен орыны бар.

Облыстың жалпы  экономикасы ашық аграрлық-индустриалдық бағытта. Облыстың өнеркәсіптік кешені негізінен тау-кен өнеркәсібі саласы, машина жасау, түсті металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясымен сипатталады. Облыстың негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындарына автокөлік техникасын өндіруді ұйымдастыратын «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ; авияциалық техниканың желілері мен агрегаттарын, өрт сөндіру құралдарын, медициналық және салмақ өлшеу техникасын, полиэтилен құбырларын өндіретін  «Тыныс» АҚ; теміржол жылжымалы құрамына арналған подшипниктер шығаратын «Степногорск подшипник зауыты» АҚ; электровоздарды күрделі жөндеуден өткізетін «Байтерек-А» АҚ; уран, молибден концентратын өндіретін «Степногорск тау-кен химия  комбинаты» ЖШС; алтын өндіретін  «Қазақалтын» ТМК АҚ және  «Васильковский ТӨК» АҚ; темір кенін өндіретін «Өркен-Атансор» ЖШС; ликер-арақ өнімдерін, алкоголсіз сусындар мен минералды су өндіретін «ҚазШпал» АҚ;  электр және жылу энергиясын өндіретін  «Джет-7» ЖШС-ін жатқызуға болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (ет комбинаттары, май зауыттары, диірмендер, астық қабылдайтын кәсіпорындар, сусын шығарытын кәсіпорындар), жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өндірісі) желісі дамыған.

Облыста 500 шамасында агроқұрылымдар, 5 мыңнам астам шаруа (фермер) шаруашылықтары бар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері азаматтардың жеке үй шаруашылықтарында да өндіріледі. Ауыл шаруашылығына бөлінген жердің жалпы көлемі 13236,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде егістік жер – 4988,8 мың гектар. Жалпы республикадағы егістік жер көлемі бойынша облыстың үлес салмағы 20% астам. Облыс жаздық бидайдың күшті сұрыптарын өндіру жөніндегі ең ірі өңірлердің бірі болып табылады. Астық жинаудың орташа жылдық көлемі 4 млн. тонна шамасында, оның ішінде экспорттық әлеует – жоғары сапалы астықтың 1,5 млн. тоннаға дейінгі көлемін құрайды. Ауыл шаруашылығы саласы өндірісінің жалпы көлемінің үштен бірін мал шараушылы, оның ішінде ет-сүт бағыты құрайды.

Көлік

Облыста коммуникацияның қазіргі заманғы жүйесі қалыптасқан. Автокөлік жолдары желісінің жалпы ұзындығы 7892 км үстінде, оның ішінде қатты жабынды жол – 4576,2 км, тас жол – 3274,6 км. Республикалық маңызды автокөлік жолдарына үлкен мән беріледі, оның қатарында қазіргі заманғы алты жолақты Астана-Шучинск автотрассасы бар. Көкшетау әуе кәсіпорыны Қазақстанның өз ішінде және жақын шетелдерге тасымал жасаумен айналысады. Әуежай ауыр салмақты  әуе кемелерін де қабылдай алады.

Облыс бойынша АТС-тің жалпы сыйымдылығы 156 мың нөмірдің үстінде. Халықаралық Интернет желісі,  «Банкнет» электрондық поштасы, пейджинг станциясы, K-Cell, K-Mobile, Beeline және басқа ұялы байланыс түрлері жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.

Облыстың сыртқы экономикалық байланыстары нығаюда. 81 жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастық қалыптастырылған. Облыстың негізгі серіктестері Ресей, Украина, Тәжікстан, Германия, БАЭ, Түркия, АҚШ,  Швейцария мен Қытай болып табылады. Экспорт құрылымында азық-түлік тауарлары, көлік құралдары, машиналар, қондырғылар, приборлар мен аппараттар, минералдық өнімдер, металдар мен одан жасалатын өнімдер анағұрлым көп үлеске ие.

Әлеуметтік сала

Жыл өткен сайын облыстың әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының базасы нығая түсуде. Денсаулық сақтау саласында халыққа 47 аурухана мен диспанмерлер, 181 жеке  амбулаторлық-емханалық мекемелер, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, 3 қан құю орталығы, 18 санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалық орталық, ЖИТС орталығы, сәбилер үйі  медициналық қызмет көрсетеді. Жедел және шұғыл медициналық жәрдемді 3 станция мен 15 бөлімше көрсетеді. «Болашақ» оңалту орталығында орталық жүйке жүйесі мен қозғалыс-тірек аппараты зақымданған балаларға емдеу жұмыстары жүргізіледі, 3 шипажайда  туберкулезбен ауыратындарға, оның ішінде балаларға да қалпын келтіру емдеу және сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Санитарлық авиацияның жұмысы жолға қойылған, ол өңірдің кез-келген жерінде заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, шұғыл көмек көрсетуге қабілетті. Облыста арнайы қондырғылармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен және жерсеріктік байланыспен жарақталған облыстық және 15 аудандық телемедициналық консультативтікорталықтар жұмыс істейді.

Облыста балалардың 96 мектепалды мекемелері, 700-дей жалпы білім беретін мектептер бар. Техникалық және кәсіби білім берумен 43 оқу мекемесі шұғылданады. Оқыту 110-нан астам кәсіптер мен мамандықтар бойынша жүргізіледі, оның ішінде ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс пен коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер мен мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану және т.б. бар.

Бұдан басқа, 18 кәсіби лицей,  12 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес  колледждер жұмыс істейді. Облыс мектептерін компьютерлендіру толығымен аяқталды, олардың барлығы Интернет желісіне қосылған. Облыста меншіктің әртүрлі формаларындағы  89 мектептен тыс ұйымдар жұмыс істейді. Щучинск ауданындағы курорттық аймақта балалардың «Жұлдыз» сауықтыру орталығы жұмыс істеді, онда мәдениет үйі, 2 хауізі бар спорт кешені, 3 спорт залы бар.

Мәдениет нысандары кешенінде 2 облыстық драма театры, 11 мұражай, филормония, 413 кітапхана, 339 клуб мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, Халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі облыстық кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі күні облыста 28 спорт мектебі жұмыс істесе, оның ішінде  4 мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі мен Степногорск қаласындағы  Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат бар. Көкшетау қаласында облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығы қазақстандық спортшыларды тәрбиелейді. Спортпен шұғылдану үшін облыста 14 стадион, 15 спорт кешені, 576 спорт залы, 11 хауіз, 9 шаңғы базасы,  3 жеңілатлетикалық манеж, ипподром салынған.

Ақмола облысының туристік әлеуеті бай табиғи ресурстармен көрсетілген. Оның ең айырықша орындарының бірі – Көкшетау биігі.  Бурабай мен Зерендінің  70 астам сауықтыру орындары ондаған мың қонақтар мен өңір тұрғындарының сүйікті демалыс аймағына айналған. 209 үстіндегі шипажай, демалыс үйлері, профилакторийлер, сауықтыру лагерлері, демалыс пен туризмге арналған басқа да нысандар жұмыс істейді. Облыста шетелдік және отандық туристердің қызығушылығын тудыратын 1000 астам тарихи және археологиялық ескерткіштер орналасқан.

Өлке тарихынан

Есіл мен Нұраның жағасы ежелгі дәуірлерде-ақ игеріле бастаған. Алғашқы мәліметтер  жоғары палеолит дәуіріне жатады. Ол туралы көптеген археологиялық ескерткіштерден білуге болады.

Ақмола облысының қалыптасуы мен дамуы біздің мемлекетіміздің тарихи өткенімен, қазақ халқының өз тәуелісіздігі, жеке мемлекет болуға және көркеюге ұмтылуымен  тікелей байланысты.

XVII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте күрделі болды. Көрші елдердің қысымынан қорғаныс іздеген Кіші және Орта жүз хандықтары Ресей мемлекетінен көмек сұрады. 1740 жылға қарай екі жүз де Ресейге адалдықтары жөнінде ант қабылдады. Осы саяси акт негізінде Ресей Жоңғар мен Қазақ хандығының арасындағы қарым-қатынасқа белсене араласуға мүмкіндік алды. Қазақстанның шекарасын нығайту керек болды. Осы мақсатта 1752 жылдың 26 наурызында Сенат орталық бекінісі  әулие Петр мен Павел қорғанысы болып табылатын Новоишим желісін слуға бұйрық шығарды. Оның құрылысы 1752 жылдың жазында Қызылжар қойнауында  басталды.

Бұл уақытқа дейін Орта жүздегі хандық өкімет өз маңызын жойғандықтан, бұл қазақ жерлерінің Ресей империясының қарамағына кіруіне әкеліп соқты.  1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сүйенген  патша үкіметі басқарудың жаңа жүйесін енгізді. «Сібір қырғыздары облысы» (Омбы) құрылып, жаңадан құрылған Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына қосылды. 1822-1844 жылдар ішінде 8 округ құрылды, оның ішінде Көкшетау (1824), Құсмұрын (1824), Ақмола (1832), Атбасар (1846) округтері бар. 1854 жылы Омбы облысы  Ақмола және Семей облыстарына бөлінді.

Жаңа аумақтардың ауқымдылығы мен оны басқару қажеттілігі жаңа екі округ – Көкшетау және Қарқаралы округтарын құруға алып келді. Көкшетау  округінің ашылуы 1824 жылғы 29 сәуірде Көкшетау тауының оңтүстік жағында болды, кейіннен Бұқпа тауының түбінде түбегейлі қалдыруға шішім шығарылды. 1868 жылы Көкшетау мекеніне округтік қала мәртебесі берілді.

1867 жылы патша үкіметі Қазақстанның бірыңғай аумақтық-әкімшілік жүйесін қалыптастыру және өлкені әскери-колониялық сипатта  басқаруды күшейту  үшін бірқатар реформалар жүргізе бастады.  1868 жылғы 21 қазандағы жарлық бойынша  «Орынбор және Батыс-Сібір генерал –губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді,  Қазақтан аумағында алты облыс құрылды, оның ішінде орталығы Омбы қаласы болған Ақмола облысы да бар. Барлық кедендік желілер, шекералық бекеттер, алым-салықтар жойылды, осының бәрі Қазақстанның Ресейге қосылуының түбегейлі аяқтауы болды.

Кеңес өкіметі жылдары өзімен бірге жаңа өмірі қуагышымен қоса, қуғын-сүргіннің азаптарын да алып келді.Барлық қазақстандықтар сияқты, ақмололықтар да Ұлы Отан соғысына белсене қатысып, қазіргі күні жаңа  тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысуда.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ