Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Қарағанды

Жалпы мәлімет

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ол еліміздің орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде - Ақмола, солтүстік-шығысында  - Павлодар, шығысында – Шығыс Қазақстан, оңтүстік-шығысында –  Алматы, оңтүстігінде – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда, батысында– Ақтөбе  және солтүстік-батысында – Қостанай облыстарымен шектескен. Аумағы– 428 мың ш. км.

Облыс орталығы

Облыс орталығы –Қарағанды қаласы, 1934 жылы құрылған. Халқы – 460 мыңнан астам. Қала екі әкімшілік ауданға бөлінген: Қазыбек би атындағы және  Октябрь аудандары. Қазақстанның ірі индустриалдық және өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Өнеркәсібі көмір, машина жасау, металл өңдеу, азық-түлік саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, көлік және байланыс бағытында дамыған. Қалада ғылым, білім және мәдениет мекемелерінің  ауқымды желісі жұмыс істейді.

Балқаш қаласы

1937 жылдың сәуірінде құрылған. Халқы  – шамамен 67 мың адам. Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Экономикасының негізін тау-кен-металлургия өнеркәсібі, оның ішінде, түсті металлургия құрайды. Сондай-ақ өңдеу, азық-түлік, құрылыс, көлік және байланыс, балық аулау және балық өңдеу саласы бар.

Жезқазған қаласы

1954 жылдың желтоқсаныныда құрылған. Қаракеңгір өзенінің бөгені жағалауында орналасқан. Халқы шамамен 97 мың адам. Ірі индустриалдық өңір болып табылады. Өнеркәсібі тау-кен- металлургиясы мен тау-кен өңдеу салаларына негізделген. Жеңіл, азық-түлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ағаш өңдеу кәсіпорындары бар. Қала маңындағы агрокәсіпорындар жұмыс істейді.

Қаражал қаласы

1963 жылдың қаңтарында құрылған. Халқы  – шамамен 20 мың адам. Қала  экономикасы тау-кен өндірісі өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында дамыған. Қала маңында ауыл шаруашылығы өндіріс орындары бар.

Приозерск қаласы

1956 жылы құрылған. Халқы  – шамамен 14 мың адам. Қаланың негізгі мақсаты – Сарышағандағы зымырынға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі әскери сынақ полигонының жұмысын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде полигонды Ресей  Федерациясы жалға алған, қорғаныс және ғылыми мақсаттарда  Қазақстан Республикасымен бірлесіп пайдаланылады.

Саран қаласы

1954 жылдың желтоқсанында құрылған. Халқы – 42 мыңнан астам адам. Өнеркәсібі көмір өндіру мен техникалық резина және темір-бетон өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы саласында дамыған.

Сатбаев қаласы

1990 жылы құрылған. Халқы шамамен 70 мың адам. Өнеркәсібі тау-кен өндірісі мен тау-кен –металлургия кешені, оның ішінде түсті металлургия бағытында дамыған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, байланыс және көлік кәсіпорындары бар. Қала маңында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, негізінен мал шаруашылығы  кәсіпорындары жұмыс істейді.

Теміртау қаласы

1945 жылдың қазан айында құрылған. Халқы – 171,5 мың адам. Қала құрамына қала типтес Ақтау кенті кіреді. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы металлургия, металл өңдеу, химия, азық-түлік және ұн тарту салаларымен, электр энергетикасымен, басқа да металл емес минералдық өнімдер өндіріумен сипатталады. Теміртау Қазақстанда және одан тыс жерлерде Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұрып, еңбек еткен қала ретінде белгілі.

Шахтинск қаласы

1961 жылы құрылған. Халқы – 36 мыңнан астам. Негізгі қала құрушы өндіріс – көмір өндіру. Оған «Миталл Стил Теміртау» АҚ  қарасты кәсіпорындар жатады. Сондай-ақ стандартты емес қондырғылар мен шағын механизация құралдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін  өндіру кәсіпорындары да бар.

Аудандары

АБАЙ  АУДАНЫ. Аумағы  6,5 мың ш.км. Аудан орталығы – Абай қаласы.

АҚТОҒАЙАУДАНЫ. Аумағы 51,2 мың ш.км. Аудан орталығы – Ақтоғай ауылы.

БҰҚАР ЖЫРАУАУДАНЫ. Аумағы 14,5 мың ш.км. Аудан орталығы –  Ботақара кенті.

ЖАҢААРҚА АУДАНЫ. Аумағы 50,9 мың ш.км. Аудан орталығы– Атасу кенті.

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ. Аумағы 35,5 мың ш.км. Аудан орталығы –  Қарақаралы ауылы.

НҰРА АУДАНЫ. Аумағы 46,3 мың ш.км. Аудан орталығы– Киевка кенті.

ОСАКАРОВКА  АУДАНЫ. Аумағы 11,2 мың ш. км. Аудан орталығы–  Осакаровка кенті.

ШЕТАУДАНЫ. Аумағы 65,7 мың ш. км. Аудан орталығы –Ақсу–Аюлы кенті.

ҰЛЫТАУАУДАНЫ. Аумағы 122,9 мың ш.км. Аудан орталығы – Ұлытау ауылы.

Табиғат

Облыс Сарыарқаның анағұрлым биік бөлігінде орналасқан. Батысында Торғай қойнауы мен солтүстік-шығысында Тұран ойпаты, оңтүстігінде –  Бетпақдала шөлі мен Балқаш көлі жатыр. Облыстағы неғұрлім ірі тау сілемдері – Қарқаралы, Кент, Қу, Қызыларай, Кешубай, Қызылтас, Ұлытау.  Қарқаралы тау орманы алқабында Ұлттық табиғи парк орналасқан.

Өзендері мен көлдері

Облыс аумағынан бірнеше өзен ағып өтеді, олардың ішіндегі ең ірілері: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерты, Мойынты, Атасу және басқалары.

Көлдерінің басым көпшілігі тұзды болып келеді, олардың ішіндегі ең ірілері: Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты. Бұдан басқа Нұра өзенінде – Самарқанд және Шерубай, Кеңгір өзенінде – Кеңгір және Жезді, Атасу өзенінде – Қылыш су қоймалары бар. Балқаш көлінің ерекшелігі сол, ондағы судың жартысы тұзды, жартысы тұщы.

Климаты

Климаты субконтиненталді, тұрақты емес, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Күзгі-қысқымаусым 6-7 айға созылады. Қаңтардағы орташа температура солтүстікте -16-17°С, батыс және шығыс аласа таулы аймақтарда -14°С, оңтүстікте -13°С, шілдедегі температура – солтүстікте  +20+21°С, шығысында +19°С, оңтүстігінде +26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстікте - 250-300 мм, оңтүстігінде – 150-200 мм, аласа таулы аймақтарды – 300-400 мм.

Халық

Халқы – 1354,8 мың адам. Ұлттық құрамы – қазақтар, орыстар, украиндар, немістер және т.б.

Облыста 9 аудан, 11 қала, 39 кент 168 ауылдық округ бар.

Экономика

Қарағанды облысы пайдалы кен қазбаларына бай, онда  темір- марганец, барит-полиметалл,  сирек металдар кенінің бай қоры бар. Мұнда еліміздегі марганец кенінің 100%, вольфрамның 80%, молибденнің 64%, қорғасынның 54%, мырыштың  39%,  мыстың 36%,  көмірдің 32%  бар. Облыс аумағында металлургия мен құрылыс индустриясына жарамды кен емес шикізаттың ірі көздері табылған. Мұнда екі мұнай-газ бассейні: Оңтүстік-Торғай және Шу-Сарысу ойпаты бар.

Облыс ірі индустриалдық орталық болып табылады. Оның экономикасының негізін қара және түсті металлургия, тау-кен өндірісі мен көмір өнеркәсібі және машина жасау құрайды. Сондай-ақ, өңдеу, азық-түлік өнеркәсіптері, электр энергиясын,  газ бен суды өндіру және тарату және тағы да басқа кәсіпорындары бар.

Облыста ауыл шаруашылығын тауарларын өндіретін ірі кәсіпорындар көп. Онда дәнді дақылдар, картоп мен көкөніс өсіріледі. Мал шаруашылығы ет-сүт өндірісімен, қой, жылқы, шошқа және құс шаруашылығымен сипатталады.

Облыстың сыртқа сауда айналымы өсуде. Экспорттың тауарлық құрылымында тау-кен өндірісі мен металлургия өнеркәсібі алдыңғы орында.  Оның негізін мыс, қара металл және олардан жасалатын өнімдер құрайды.

Облыс өнімі әлемнің 70 еліне– Қытайға, Италияға, Ресейге, Иранға, Өзбекстанға, Ұлыбританияға, Корея Республикасына, Түркияға экспортқа шығарылады. Импорттық өнімдердің негізгі жеткізушілері ТМД мемлекеттері болып табылады, бұл мемлекеттерге облыс импортының жыл сайынғы көлемінің 60%  тиесілі.

Көлік

Еліміздің орталығында орналасқан облыс ірі көлік-коммуникациялық желі болып табылады. Обылс темір жол магистарлінің жалпы ұзындығы 1600 км астам, автокөлік жолының ұзындығы– шамамен 9000 км. Аумақ арқылы ұзындығы 600 км мұнай құбыры өтеді. Әуе қатынасы «Сарыарқа» әуежайы арқылы жүзеге асырылады. Заманауи байланыстың барлық түрі бар.

Әлеуметтік сала

Қарағанды облысы еліміздің анағұрлым ірі ғылыми, білім беру және мәдени орталығы болып саналады. Мұнда еліміздің Ғылым академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімшесі, оншақты ғылыми-зерттеу институттары бар. Жоғары оқу орындары да ғылыми зерттеулермен айналысады. Олардың ғылыми әзірлемелері пайдалы кен қазбаларын барлау мен өндіруде, бәсекеге қабілетті және импортты ауыстыратын өндірісті құруда қолданылуда. Ғылым саласындағы алдыңғы қатарлы ұйымдардың бірі ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, химия-металлургия институтын, фитохимия институтын атауға болады,.

Қарағанды облысында 820 астам білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 70 мемлекеттік емес мекемелер, 615 жалпы білім беретін мектеп, 14 ЖОО, 31 колледж бар.

Денсаулық сақтау саласында 103 аурухана, 232 амбулаторлық-емханалық мекеме, 150-дей алғашқы медициналық жәрдем ұйымдары, оның ішінде фельшерлік пункттер бар.

Облыста 5 кәсіби театр,  екі концерттік ұйым, 302 кітапхана, 15 мұражай, 142 мемлекеттік клуб мекемелері, зообақ және басқа да мәдениет нысандары жұмыс істейді.

Өлке тарихынан

Қазіргі заманғы Қарағанды облысының аумағында палеолит дәуірінде-ақ адамдар өмір сүрген. Бұған археологиялық ескерткіштер куә. Ежелгі адамдар балық аулаумен, аңшылықпен, тамаққа жарамды өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен жер өңдеу кәсібі қолға алына бастады. Мұнда түсті металлургияның өте ежелгі ошақтары табылған.

Б.д.д. X-VII ғғ. – Бегазы-Дәндібай мәдениетінің дамыған кезі. Тарихи даму үрдісімен жаңа тайпалар мен тайпалық одақтардың орнына жаңалары пайда болып, олардың атаулары өзгерді. XIII ғасырда Алтын Орда құрылуымен байланысты Қарағанды облысының аумағы Жошы ұлысының құрамына енді. Осы кезеңнің ірі археологиялық ескерткіші Қызыл-Кент сарайы болып табылады.

Өңір тарихы жоңғар шапқыншылығы, экономикалық құрылымның қалыптасуы мен  түрленуі сияқты қазақ халқының қалыптасу тарихымен тікелей байланысты. Облыс жерінде осы тарихи дәуірлердің үнсіз куәлері -  Теректі әулиедегі тасқа салынған суреттер,  Нұрадағы Таңбалы тасқа  бедерленіп салынған қазақ халқының барлық ру-тайпаларының таңбалары сақталған. Бір шыңның басында Едіге батыр өзінің мәңігілік мекенін тапса, Ақмешіт биігінде халқына бақыт іздеуші Асан Қайғы жары Тана екеуі жерленген. Бұл молалар қазіргі күні халық тәуәп ететін қасиетті орындардың қатарында, онда құрбандыққа мал шалынып, ағаш бұтағына ақтық байланады, баласы жоқтар ұрпақ сұрап жалбарынады.

Индустриаландыру кезеңінде Қазақстанның картасында Қарағанды облысы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленді, кейіннен әкімшілік орталық Қарағандыға ауыстырылды.

Облыс аумағында 2,5 мыңнан астам тарихи және мәдени ескерткіштер бар, оның 1608-і республикалық мәртебеге ие, олардың арасында – Жошы хан (Шыңғыс ханның үлкен ұлы) мен Алаша ханның, Домбаул, Болған ана күмбездері, Бегазы-Дәндібай ескерткіштері, ежелгі Басқамыр, Аяққамыр, Қызыл-Кент будда храмының қиратындысын атауға болады. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Бабалар бейнесі»  компьютерлік анимация залы ашылған, мұнда алыс ғасырдарда ұмыт қалған ата-бабаларымыздың «тіріліп келген» бейнесін көріп, олар өмір сүрген дәуір туралы ақпарат алуға болады. Жезді кентінде Тау-кен және кен балқыту ісі бойынша әлемде теңдесі жоқ ашық аспан астындағы мұражай бар. Қарағанды облысы аумағы бойынша Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өткен. Ұлытау тауы қазақтың үш жүзінің басы қосылған тарихи жер.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ