Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Шымкент

Жалпы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған. Шығысында Жамбыл, солтүстігінде  – Қарағанды, батысында – Қызылорда  облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстанмен шектесіп жатыр. Аумағы 117,3 мың ш. км.

Облыс елдің оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігі мен Тянь-Шаньнің батыс сілемі шегінде орналасқан. Аумағының басым бөлігі жазық, Қызылқұмның жал-жал  құм төбешіктерімен, Шардараның кең даласымен (оңтүстік-батыс пен Сырдарияның сол жағалауы) және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауында) құмымен сипатталады. Солтүстік бетін Бетпақдала шөлі, оңтүстігін  Мырзашөл алып жатыр. Орта бөлігінде Қаратау жоталары (Бессаз тауы– 2176 м), оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс қиыры, Қаржантау (биіктігі 2824 м)  және Ұғам жотасы (Сайрам шыңының ең жоғары нүктесі – 4238 м) жоталары алып жатыр.

Облыс орталығы

Облыс орталығы – Шымкент қаласы.  Бадам және Сайрам өзендерінің арасындағы тау бөктеріндегі жазықта орналасқан. Қазіргі қала орнында адамдар XI-XII ғасырларда-ақ қоныстанған. Шымкенттің одан бұрын да пайда болғандығы туралы болжамдар бар, оған  археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған V-VI ғасырларға қатысты заттар куә. Біздің заманымызға дейін жеткен жазба көздерінде Шымкент туралы алғаш рет парсы тарихшысы Шараф ад-дин Әли Йедзи (1425 ж.) «Зафарнаме» («Жеңіс кітабы») кітабында Темірдің әскери жорықтарын сипаттау барысында айтып өткен. Халқы шамамен 651 мың адам. Еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтардың бірі болып табылады. Шымкенттің өнеркәсіптік бейнесін түсті металлургия, химия және мұнай-химия, машина жасау өнеркәсібі айқындайды.

Арыс қаласы

Қазақстанды Ресейдің еуропалық бөлігімен, сібірмен және Орта Азиямен жалғастыратын ірі теміржол станциясы. Халық саны – 61 мыңнан астам адам. Ірі кәсіпорындары шпал сіңдіру зауыты, жөндеу және локомотив деполары, жол кәсіпорындары және т.б. Ауыл шаруашылығындағы негізгі бағыт – ет, сүт өндіру, мақта шикізатын, көкөністер мен бақша өнемдерін өсіру. Араыс теміржол станциясын  «Орта Азияға қақпа» деп атайды. Ол XX ғ. басында Түксіб теміржол  магистралін салу барысында пайда болған.

Кентау қаласы

Қала мәртебесін 1955 жылы алды. Қала құрамында 3 кенттік және 1 ауылдық әкімшілік бар. Халқы –  80 мыңнан астам адам. Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі салалары – машина жасау, тау-кен-байыту өндірісі. Кәсіпорындарда экскаваторлар, трансформаторлар, трансформаторлық қондырғылар, резина-техническалық өнімдер, полиэтилен құбырлар, тоқыма бұйымдары өндіріледі. 2004 жылы  Кентау қаласының базасында  Қаратау табиғи қорығы құралды, онда Батыс  Тянь-Шаньнің айырықша флорасы мен фаунасы қорғауға алынған.

Түркістан қаласы

Біздің дәуәрімізге дейінгі 500 жылы Самарқандтан Бұхараға және Хиуадан  Солтүстік Қазақстанға жүретін керуен жолының қиылысында негізі қаланған. Халық саны - 195,6 мың адам.

Машина жасау, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру, биохимия өнеркәсібі бар. Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы және өсімдік шарауашылығымен айналысады.  Дәнді дақылдар мен мақта шикізатын өсіру  ерекше орын алады.  Түркістан Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі. Қала туралы алғашқы жазба  мәліметі XV ғасырға қатысты. Қаланың тарихи орындарының бірі  -  XV ғасырда салынған Қожа Ахмет Йасауи күмбезі болып табылады.  2000 жылы Түркістан өзінің  1500 жылдық мерейтойын атап өтті.

Аудандары

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ. Аумағы  7,2  мың ш. км. Аудан орталығы – Шаян селосы.

ҚАЗЫҒҰРТ  АУДАНЫ. Аумағы  4,1 мың ш. км. Аудан орталығы – Қазығұрт селосы.

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ. Аумағы 1,8 мың ш.км. Аудан орталығы – Жетісай селосы.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ. Аумағы 2,7 мың ш.км. Аудан орталығы– Темірлан селосы.

ОТЫРАР  АУДАНЫ. Аумағы 18,1 мың ш.км. Аудан орталығы–Шәуілдір селосы.

САЙРАМ АУДАНЫ. Аумағы 17 мың ш.км. Аудан орталығы–  Ақсу селосы.

САРЫАҒАШ АУДАНЫ. Аумағы 7,6 мың ш.км. Аудан орталығы– Сарыағаш селосы.

СОЗАҚ АУДАНЫ. Аумағы 41 мың ш.км. Аудан орталығы- Шолаққорған селосы.

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ. Аумағы 3,1 мың ш.км. Аудан орталығы – Леңгір селосы.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ. Аумағы 2,3 мың ш.км. Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов атындағы село.

ШАРДАРА АУДАНЫ. Аумағы 13 мың ш.км. Аудан орталығы –Шардара қаласы.

Табиғат

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.

Өзендер мен көлдер

Анағұрлым ірі өзендері – облыс аумағын оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай кесіп өтетін Сырдария (салалары Келес, Күркелес, Арыс, Бөгент.б.) мен солтүстік жағында ағып, Мойынқұмның құмына сіңіп кететін Шу  (төменгі ағысы) өзені.  Сырдарияда Шардара су қоймасы салынған. Сырдарияның бойында көптеген шағын тұщы көлдер, ал Шудың төменгі жағында ащы (Ақжайқын т.б.) көлдербар.

Климаты

Климаты тым континенталді және құрғақ, жазы ыстық әрі құрғақ болса, қысы жылы, қысқа әрі қар өте аз түседі, кейде жылымық болып, жаңбыр жауатын кездер де болып тұрады. Қаңтардағы орташа температура солтүстікте -11°С-тан оңтүстікте -2°С дейін. Шілдедегі орташа температура солтүстікте және оңтүстік-батыста  +26+29°С, оңтүстік-шығыста +19+25°С. Солтүстіктегі жауын-шашын көлемі (Бетпақдала жақта) – жылына шамамен100 мм, оңтүстік-батыстың жазығында жыл бойы өте өп құбылмалықпен 100-400 мм, оңтүстік-шығысында (тау бөктерінде) – 400-800 мм, биік таулы аймақтарда 1000 мм дейін және одан да жоғары.

Халық

Облыс халқы – 2,5 млн. адам. Қала халқы 36,8%, ауыл халқы 63,2% құрайды.

Облыста облыстық бағыныстағы 4 қала: Шымкент, Кентау, Түркістан, Арыс және 11 ауылдық аудан бар.

Экономика

Оңтүстік Қазақстан облысы жер асты пайдалы қазбаларына өте бай. Мұнда полиметалл кені (Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайында Кентау қаласы, Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай кен көздері т.б.) кен көздері орналасқан. Қаратау жотасындағы темір кен көздері өнеркәсіптік маңызға ие. Облыста құрылыс материалдырын өндіруге жарамды минералдық-шикізат ресурстары (ізбестас, гипс, кварцты құм, отқа төзімді керамикалық және бентонитті саз, минералдық бойулар, әрлеуіш тастар) бар. Уран қоры бойынша облыс елімізде бірінші орын, фосфорит пен темір кені бойынша – үшінші орын алады.

Облыс аумағында жұмыс істеп тұрған «Сарыағаш» шипажайының минералды сулары бар, сондай-ақ Кентауға жақын жерде, Қаратау баурайында, Шаға өзенінің сағасында да емдік су көздері бар.

Облыста өнеркәсіп саласында да, ауыл шаруашылық саласында да анағұрлым жоғары экономикалық әлеуеті бар. Облыс өнеркәсібінде шамамен 200-дей ірі және орта кәсіпорындар бар. Олар мұнай айдау, тоқыма және тігін шаруашылығы, электр энергиясын өндіру және тарату, газ және су, азық-түлік және темекі өнімдері саласында жұмыс істейді. Түсті металлургия, машина жасау және басқа салалар да дамуда.

Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы ауа райы да өз ықпалын тигізуде. Облыс құрылымында жер өңдеу, оның ішінде суармалы жерлер маңызды орын алады, онда мақта, астық, көкөніс, бақша және жеміс өнімдеріның аора салмағы анағұрлым жоғары. Мал шаруашылығы өнімдері ішінен ет, сүт және жұмыстқа өндіру үлесі басым.

Көлік

Облыста коммуникация жүйесі жақсы дамыған. Аумақтан жалпы ұзындығы  444,6 км болатын екі теміржол бағыты өтеді. Облыс орталығы халықаралық  Орынбор – Ташкент және  Түркістан – Сібір магистралі осінде орналасқан. Сонымен қатар,  Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистралдары маршруттары да өте қолайлы.

Жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының ұзындағы 5,2 мың км, оның ішінде қатты жабынды жол – 5,1 мың км. Әуежай тасымалы еліміздің барлық өңірлерімен байланыстырылған. Заманауи байланыстың барлық түрлері бар.

Әлеуметтік сала

Облыста әлеуметтік саланы дамытуға, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге үлкен мән беріледі.

Өңір аумағында 1032 жалпы білім беретін мектептер, 183 балалардың мектепалды мекемелері  бар. 4 мемлекеттік ЖОО, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Қожа Ахмет Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті, М.Сапарбаев атындағы Шымкент гуманитарлық институтыжәне жекеменшік профилдегі  9 ЖОО жұмыс істейді.

115 аурухана, 128 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және  29 алғашқы медициналық жәрдем көрсету ұйымдары халыққа медициналық көмек көрсетеді.

Облыста ағартушылық-тарихи, ғылыми-техникалық және шығармашылық іс-әрекетпен айналысатын  саяси партиялардың филиалдары, 71 жастардың қоғамдық бірлестіктері, 20 ұлттық-мәдени орталықтар бар.

Өлке тарихынан

Облыс аумағында бұл жерге ежелгі тас ғасырына (палеолит) дейін-ақ адам аяғы тигендігін дәлелдейтін айғақтар аз емес. Олар барлық ауданнның аумағында бар деуге болады.Бәйдібек ауданында ғана  түрлі еңбек құралдары, оттың ізі сақталған 20 астам ежелгі адамдардың тұрағы табылған.

ХІ ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік-батыс аумағында Әбілқайыр хан билеген хандық құрылған. Астанасы Сығанақ қаласы. XVI басында өлке Қасым ханның, одан кейін  ташкенттің әміршісі Баба Сұлтанның, сосын бұқар билеушісі Әбдоллахтың қол астына көшеді. 1597-1598 жылдарыӘбдоллахтың әскерін жеңген қазақ ханы Тәуекел Ташкентті, Самарқандты, Сайрамды, Түркістанды басып алды.

XVII ғасырды басталған жоңғар шапқыншылығы қазақ хандығына орны толмас ауыр қайғы-қасырет әкелді. Ұлттық тәуелсіздәікке төнген қауіп-қатер қазақтарды бірігуге мәжбүр етті. Үш жүздің басы қосылуы 1726 жылы Ордабасыда ғы хылық құрылтайында жүзеге асты. Әбілқайыр хан басқарған халық жасағы құрылды, осының арқасында жоңғарлар жеңіліске ұшырады.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. 1730 жылы Әбілқайыр орыс императрицасы Анна Иоанновнаға Кіші Жүз қазақстарын бодандыққа алу туралы өтініш жасады. Бірақ, іс жүзінде қосылу үрдісі100 жылдан астам уақытқа созылды. Олтек 1864 жылы, орыс әскерлері Қоқан хандығын жеңіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағын басып алған кезде ғана аяқталды.

1867 жылдан бастап Шымкент сырдария облысының уездік қаласы болды, осы кезден бастап оның тарихындағы жаңа бет ашылып, экономикасы өркендей бастады. Отаршыл казак әскерлерінің орнына Ресейден шаруалардың жаппай жер ауып келуі басталды. Қазақ тардың наразылығын тудырған бірқатарәкімшілік реформала 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне алып келді.

1917 жылдың наурызында Түркістанда Уақытша Үкіметтің комиссары болып Мұстафа Шоқай тағайындалды.  Шымкентте Солдаттар кеңесі, ал мамыр айында – Жұмысшы депутаттар кеңесі құрылды.  1924 жылы құрамында алты уезі: Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ташкент, Қазалы, Ақмешіт бар Сырдария губерниясы құрылды. 1932 жылдан бастап Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы құрылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық қазақстандықтар сияқты, оңтүстік қазақстандықтар да неміс фашисттеріне қарсы жанқиярлықпен соғысып, Ұлы жеңістен кейін соғыстан бүлінген халық шаруашылығын қалпына келтіруге, қазіргі заманғы индустрияны және ауыл шаруашылығын құруға ат салысты.

1991 жылдан бастап Қазақстанның  Тәуелсіздігін алуымен және жаңа мемлекетті қалыптастырумен байланысты ел өмірінде жаңа кезең басталды. Оңтүстік Қазақстан  облысының бұл процестегі орны ерекше.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ