Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Тараз

Жалпы мәлімет

Жамбыл  облысы 1939 жылы құрылды. Солтүстігінде Қарағанды, бастысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында  Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Обылстың солтүстік-батысы Балқаш көліне шығады. Аумағы 144,3 мың шаршы. км.

Областной центр

Облыс орталығы – Тараз қаласы. Іргетасы біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда қаланған қаланың аты: Әулиеата, Мирзоян, Жамбыл болып бірнеше рет өзгерді, 1997 жылы қалаға тарихи аты қайтарылып берілді. Халқы – 350 мыңнан астам адам. Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіптік және мәдени орталық болып табылады. Қалада құрамында химия, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі өндірісі бар анағұрлым ірі 4 индустриалдық кәсіпорын жұмыс істейді. Қалада мәдени, білім беру мекемелерінің  қазіргі заманғы желісі қалыптасқан. Қала аумағында  Әулиеата (Х-ХІ ғғ.) және Шамансұр күмбездері (ХІІІ ғ.) сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

Аудандары

БАЙЗАҚ АУДАНЫ. Аумағы 4,5 мың ш. км. Аудан орталығы – Сарыкемер селосы.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ. Аумағы  4,3 мың ш. км. Аудан орталығы- Асы селосы.

ЖУАЛЫ АУДАНЫ. Аумағы 4,2 тмың ш. км. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы селосы.

ҚОРДАЙ АУДАНЫ. Аумағы 9 мың ш. км. Аудан орталығы  – Қордай селосы.

МЕРКЕ АУДАНЫ. Аумағы7,1 мың ш. км. Аудан орталығы – Мерке кенті.

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ. Аумағы50,4 мың ш. км. Аудан орталығы – Мойынқұм селосы.

САРЫСУ АУДАНЫ. Аумағы31,3 мың ш. км. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы.

ТАЛАС АУДАНЫ. Аумағы 12,2 мың ш. км. Аудан орталығы – Қаратау селосы.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВатындағы АУДАН. Аумағы 9,1 мың ш. км. Аудан орталығы – Құлан селосы.

ШУ АУДАНЫ. Аумағы 12,3 мың ш. км. Аудан орталығы – Төле би селосы.

Табиғат

Облыс аумағы негізінен жазық болып келеді. Солтүстік жағын топырақты шөл дала Бетпақдала алып жатыр. Шу өзенінен оңтүстікке қарай  Сарыарқаға дейін  Мойынқұм құмы созылып жатыр. Оңтүстік-батысында Қаратау жотасы (1600 м), оңтүстігінде – Қырғыз  Алатауы (1400 м) жотасы, оңтүстік-шығыста  – Жетіжол және Кіндіктас, шығыста – Желтау, Жамбыл, Хантау, Айтау таулары бар.

Өзендер мен көлдер

Облыста біраз өзен бар, олардың ішіндегі ірілері – Шу, Талас, Асы. Басын таудан алатын ұсақ өзендер көп. Көптеген ұсақ көлдер жазды құрғап, сорға айналады. Ірі көлдер қатарында Ақжар, Ақкөл, Ащыкөл, Үлкен Қамқалы және басқаларын атауға болады. Шу өзенінде салынған Тасөткел және Асы өзеніндегі Терісащыбұлақ су қоймалары бар.

Халық

Халқы 1048,1 мың адам. Қала халқының саны  439,1 мың адам (41,9%), ауыл халқы – 608,9 мың адам (58,1%).

Облыста 10 ауылдық аудан, 3 шағын қала (Тараздан басқа), 153 ауылдық округ бар.

Экономика

Жамбыл облысының жер қойнауы өте бай. Ол  фосфориттішикізаттың бірегей базасы болып табылады. Оның аумағында республикадағы фосфориттің  71,9%, плавикты шпаттың 68%, алтынның 8,8%, мыстың 3%, уранның  0,7% шоғырланған. Облыс түсті металға, баритке, көмірге, жиектеуіш, әрлеуіш және техникалық тастарға, құрылыс материалдарына бай. Шу-Сарысу аңғарында бірнеше табиғи газ кен орындары бар. Шу-Іле өңірінде қорғасын-мырыштың перспективалық кен орындары анықталған. Шу ауданының Шатыркөл полиметалл кен орнында мыс кені алынады. Облыс республикада барланған жер асты сулары бойынша үшінші орын алады, барлығы 40 су көзі анықталған. Сарысу ауданындағы тұз кен орны, ас және техникалық тұз қоры өнеркәсіптік қызығушылық тудыруда,  олардын йодпен байытуды қажет етпейтін және азық-түлік стандартына сәйкес келетін ас тұзын алуға болады.

Облыс экономикасы индустриалдық-аграрлық бағытта. Негізгі салалар  өнеркәсіптік және тау-кен өндіріс, химия, өңдеу, қара металлургия, жеңіл және азық түлік өнеркәсібі. Қаратау мен Жаңатас кәсіпорындарында фосфорит, табиғи газ, көмір, алтынды кен және концентраттар өндіріліп,  өңделеді. Шағын және орта бизнес шаруашылықтары, құрылыс индустриясы, көлік және байланыс, машина жасау және металл өңдеу кәсіпорныдарынң саны артып келеді.

Аграрлық секторға мемлекеттік қолдау көрсетудің нәтижесінде ауыл шарушылығында жағымды өзгерістер бар. Дәнді дақылдар, көкөніс, бақша өнімдері, мал жемі дақылдары, қант қызылшасы өсіріледі.Ет, сүт, жұмыртқа, жүн  өндіру өсуде. Сиырдың, қой мен ешкінің, жылқы мен түйенің басы көбеюде. Асыл тұқымды мал өсіру дамып келеді.

Көлік

Облыста көлік коммуникациясының дамыған заманауи желісі бар. Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 2098,5 км, аудандық – 1830,2 км.

Темір жол тасымалы Шу қаласындағы Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын орталық және солтүстік-шығыс желісімен, сондай-ақ Поволжьемен, Сибирмен, Қиыр Шығыспен және Орта Азиямен жалғастыратын ірі темір жол желісі арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне,  Жамбыл – Қаратау – Жаңатас, Луговое – Бішкек, Шу – Мойынты  тармақтарын қоса есептегенде ұзындығы 1153 км болатын Қазақстанның басты темір жолы облыс арқылы өтеді.

Әуе тасымалы Тараз қаласының  «Әулиеата» әуежайы арқылы іске асырылады. Оның Астанаға,  Алматыға, Атырауға және  Қызылордаға өз жеке әуе желісі бар.

Интернет желісін қоса алғанда, қазіргі заманғы байланыстың барлық түрі бар,  коммуникациялық қызмет көрсетеудің «Call-орталықтар» сияқты жаңа технологиялары енгізілуде.

Сауда әріптестігі оны Қазақстанның барлық облыстарымен және әлемнің көптеген елдерімен байланыстыруда. Тауар экспорты құрылымында негізгі үлес минералды және химиялық өнімдерге, минералдық тыңайтқыштарға, азық-түлік тауарларына берілген.

Әлеуметтік сала

Облыстың әлеуметтік-мәдени саласы жақсы дамып келеді. Білім беру жүйесінде 470 астам мектеп бар, оның ішінде 386 ауыл мектебі, 126 балалар үйлері мен интернаттар, 36 колледж бен 17 кәсіби білім беру мекемелері, 3 жоғары оқу орны жұмыс істейді.

Облыс аумағында 400-дей медицина мекемелері – қалалық және аудандық ауруханалар, емханалар, фельдшерлік, фельдшерлік-акушерлік пункттер, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар бар.«Жамбыл облысындағы  ауылдық денсаулық сақтауда  телемедицина мен мобилді медицинаны дамыту» жобасы жүзеге асырылуда. Санитарлық авиацияның қызметі қалпына келтірілген.

Қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұражай, 267 кітапхана, 174 клуб пен мәдениет үйлері жұмыс істейді. Тараз қаласында Қазақстан суретшілерінің салон-галереясы, облыстықтарихы-өлкетану мұражай бар.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. 20 стадион, 6 спорт кешені, 564 балалар мен жалпы спорт алаңдары бар, 28 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді.

Облыста ішкі және халықаралық туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Облыс аумағындағы: Сайрам – Тараз – Ақшолақ – Ақыр-төбе –Құлан – Мерке – Шу – Аспара – Қордай  арқылы Ұлы Жібек жолының тармағы өтеді, онда қызықты тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Ресми деректерге қарағанда, облыс аумағында мемлекеттік қорғауға алынған  1 080 ескерткіш бар, олардың 844 - археологиялық, 111 – тарихи, 97 - сәулет, 28 – монументалдық өнер ескерткіштері. Бірегей  флора мен фаунаның үш қорығы:   «Берікқара шатқалы», «Қарақұндыз шатқалы», Андасай мемлекеттік табиғи қорығы бар.

Өлке тарихынан

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларда Талас өзені жағалауындағы жазықта сақтар мен үйсіндердің тайпалық одағы құрылып, Тараз қаласының негізі салынды, оның іздері қазіргі Тараз қаласының Орталық колхоз базарының (көк базар) орнында табылған. Қала туралы бірінші жазбаша мәлімет (грек жазбалары) 568 жылға қатысты. Қала Алмалық (қазіргі Қытайдағы Құлжа қаласы)  арқылы Яссы қаласына (қазіргі Түркістан қаласы) қарай, одан әрі Сыра (Сырдария) ағысымен төмен қарай өтетін Ұлы Жібек жолының  солтүстік тармақтарының бірі болып табылады.

630 жылы Тараз арқылы жүріп өткен Қытай будда монахы Сюан Цзян«8 немесе 9 ли болатын Та-ло-се қаласына келдім. Бұл қалада әр елдің көпестері араласып өмір сүреді...» деп жазған.

751 жылы қалаға тақау жерде Талас шайқасы болып, онда Аббасидтер халифатының атты әскері қарлұқ жалдамалыларының көмегімен Қытайдың Таң әскерін жеңіп шыққан. VIII-X ғасырларды қала Қарлұқ қағанатының құрамына кірді.

Ежелгі Тараз  XI-XII ғасырларда,  өлкені 999 жылы жаулап алған Қараханидтер тұсында жақсы дамыды.Саманидтер династиясы өмір сүруін тоқтатты.

Таразды моңғолдардың жаулап алғаны жөнінде жазбаша дерек жоқ, дегенмен 1220 жылы қала моңғолдарға қатты қарсылық көрсетіп, соның салдарынан түбірімен қиратылған, оған қазба жұмыстары кезінде табылған  өрт іздері айғақ. Қаланың атын моңғолдар Яны (Жаңа) деп өзгерткен болуы керек, өйткені одан арғы еуропалық және араб ақпарат көздерінің жазбаларында «жаулап алғанға дейін Тараз атанған Яны қаласы...» деп келтіріледі.

XIII-XV ғасырларда қала Моңғол империясының Шағатай ұлысының құрамына кірді.  1465 -1718 жылдары Қазақ хандығы қалаларының бірі болды. 1723 жылы  Қазақстанның оңтүстік өлкесінің көптеген бөліктері сияқты Талас  алқабын да жоңғарлар жаулап алып, онда 1756 жылға дейін билік жүргізді.

XVIII-XV ғасырларда Тараз Қоқан хандығы құрамына енді.

1856 жылы қаланың аты Әулиеата болып өзгерді. Бұл ат оған Қараханидтер династиясының негізін салушы Қараханның құрметіне  берілді.

1864 жылы қаланы Ресейдің Орта Азияны жаулап алуы барысында полковник Черняев басқарған орыс әскері басып алды. Қаланың неғұрлым толық сипаттамасы XX ғасырдың басындағы «Россия. Полное географическое описание нашего Отечества» атты еңбекте берілген. Әулиеатада шағын базар, жәрмеңке және бірқатар көлік кеңселері болған деп жазылады онда. Қала орыс және азиялық бөліктен тұрған. Онда 21 мешіт, 3 шіркеу,  пошта-телеграф кеңсесі, қалалық училище, аурухана, әскери  госпиталь, 17 фабрика мен зауыт, 1791 тұрғын үй және  19052 тұрғын болған. 1917 жылы қала арқылы Арыстан Верныйға дейін  Семиреченск темір жолы салынып, бұл қаланың дамуын тездете түсті.Кеңес заманында бұл жол Түрксибтің (1930 жылы) бір бөлігіне айналды.

1936-38 жылдары қала Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы,   кейіннен құғын-сүргінге ұшыраған Левон Мирзоянның атын алды. 1938 жылы қаланың аты қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне  Жамбыл боп өзгертілді. 1997 жылы қалаға тарихи атауы Тараз қаласы қайтарылып беріліп, облыс Жамбыл облысы болып қалды. Қаланың ежелгі атауы қазақтың «таразы» сөзіне ұқсас өзен атымен байланысты қойылған.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ