Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Павлодар

Жалпы мәлімет

Павлодар облысы 1938 жылдың қаңтарында құрылды. Облыс еліміздің солтүстік-батысында орналасқан, солтүстігінде Омбы, солтүстік-шығысында – Новосібір облыстарымен, шығысында –  Ресейдің Алтай өңірімен шектесіп жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шекералас орналасқан. Аумағы 124,8 мың шаршы км.

Облыс орталығы

Облыс орталығы – Павлодар қаласы өз тарихын 1720 жылы салынған Коряков форпостынан алады. Халқы – 330 мыңнан астам адам. Ертіс өзенінің үстінде орналасқан. Экономикасы индустриалдық бағытта, металлургия, оның ішінде түсті металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу және мұнай-химия, құрылыс материалдарын, азық-түлік өндіру, жеңіл, химия және фармацевтикалық өнеркәсіп дамуда. Өңірдегі ірі мәдени, білім және ғылыми  орталық болып табылады.

 Ақсу қаласы

Қала мәртебесін 1961 жылы (Ермак қаласы  1993 жылдың мамырында Ақсу болып өзгертілген) алды. Халқы – 70 мың шамасында (ауылдық округтарды қоса есептегенде).  Қала өнеркәсібін энергетика, металлургия, азық-түлік және өңдек өнеркәсібі көрсетеді. Қала құрамында 11 ауылдық округ, 3 село мен кент және ауыл шаруашылығы өндірісі бар. Білім және мәдениет саласы жақсы дамыған.

Екібастұз қаласы

1898 жылы негізі қаланған, қала мәртебесін 1957 жылы алды. Халқы шамамен 140 мың адам. Қалаға 26 ауылдық елді мекен, оның ішінде  3 кент, 10 ауылдық округ қарайды. Экономикасы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы бағытында дамыған. Мұнда энергетикалық көмірдің едуір көлемі өндіріледі, қайта өңдеу және азық-түлік өнеркәсібі бар.Ауыл шаруашылығында өсімдік және мал шаруашылығы басым.

Аудандары

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ. Аумағы  9,7 мың ш. км. Аудан орталығы  – Ақтоғай селосы.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ. Аумағы 8,5 мың ш.км. Аудан орталығы – Баянауыл селосы.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ. Аумағы 7,6 мың ш.км. Аудан орталығы –  Железин селосы.

ЕРТІС АУДАНЫ. Аумағы 10,2 мың ш. км. Аудан орталығы – Ертіс селосы.

ҚАШЫР АУДАНЫ. Аумағы орталығы  6,8 мың ш. км. Аудан орталығы – Қашыр селосы.

ЛЕБЯЖІ АУДАНЫ. Аумағы 8,1 мың ш.км. Аудан орталығы – Ақтау селосы.

МАЙ АУДАНЫ. Аумағы 18,1 мың ш.км. Аудан орталығы – Көктөбе селосы.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ. Аумағы 6,1 мың ш.км. Ауданның әкімшілік орталығы Павлодар қаласында орналасқан.

ӨСПЕН АУДАНЫ. Аумағы 5,5 мың ш.км. Аудан орталығы – Өспен селосы.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ. Аумағы 6,8 мың ш. км. Аудан орталығы – Шарбақты селосы. 

Табиғат

Облыстың үлкен бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқа деп атайтын кең жазықтық алып жатыр. Ертістің оң жағалауында Құлынды жазығы, сол жағалауында абсолюттік биіктігі 100-200 м болатын Ертіс аңғары жазығы  созылып жатыр.  Оңтүстік-батыс жағын ұсақ шоқылы Сарыарқа алып жатыр, онда Баянауял, Қызылтау, Желтау және басқалары ерекше көзге түседі.

Өзендер мен көлдер

Ертіс өзінінің облыс аумағындығы ұзындығы 500 км шамасында. Облыстың бастыс жағында Өлеңті мен Шідерті шағын өзендері бар. Ірі көлдері: Сілетітеңіз, Жалаулы, Қызылқақ, Маралды, Үлкен Әжболат.

Климаты

Климаты тым  континенталды. Қаңтардағы орташа  температура – 17–19°С, шілдеде +20+22°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі 220-300 мм. Климаты ұзақ суық қыспен және ыстық  қысқа жазбен сипатталады.

Халық

Облыс халқы шамамен 755 мың адам. Қала халқының ара салмағы 64%. Облыста 70 астам ұлттың өкілдері– қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар, белорустар және т.б. тұрады.

Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына  3 қала, 7 кент, 10 ауылдық аудан, 165 ауылдық округ және 505 ауыл кіреді.

Экономика

Павлодар  облысында пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Оның аумағында пайдалы қазбалар қоры бекітілген 123 кен орыны бар, оның ішінде: құрамында алтын, мыс, молибден, мырыш, қорғасын бар металл кендері мен көмірдің 26 кен орыны;  жалпы таралған пайдалы кен қазбаларының  97 кен орыны (кірпіш шикізаты – 40, құм-қиыршық тас  материалы – 10, құрылыс тастары – 14,  цементтік шикізат – 4, құрылыстық құм – 6, ізбестас – 2, керамзит шикізаты – 3, қалыптағыш материалдар – 1, ас тұзы – 14, әрлеу тасы (гоббро) – 3) бар. Мұнда тұздың айырықша қоры бар. Сондай –ақ облыста жер беті және жерасты суларының анағұрлым мол қоры бар.

Облыс экономикасында ауыл шаруашылығына үлкен мән беріледі. Егін шаруашылығындағы негізгі дақыл – бидай егіс алқабының жартысына жуығын алып жатыр. Басқа да дәнді дақылдар, көкөністер мен бақша өнімдері, картоп өсіріледі. Мал шаруашылығы өнімдері – ет, сүт, жұмыртқа, жүн өндіру артып келеді, соған сай мал мен құс басын өсіру де ұлғаюда, асыл тұқымды мал өсіру жақсы жолға қойылған.

Облыстың импорт және экспорттағы сыртқа сауда айналымы артуда. Қазақстанның көптеген облыстары мен Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Люксембург, Германия, Швеция, Болгария, Румыния  және басқа да көптеген елдер оның сауда серіктестері болып табылады. Экспорт негізін қара және түсті металл өнімдері, металл өңдеу мен машина жасау, мұнай өңдеу, химия және мұнай-химия сияқты экономиканың басқа да салалары құрайды.

«30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар индустриалдық нысандарды кеңейту мен жаңғырту және жаңасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Көлік

Облыс маңызды көлік-коммуникациялық желілердің бірінен саналады. Ол басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен, Оңтүстік Сібір және Ортасібірмен  теміржол, автокөлік, әуе, электронды, құбырөткізгіш және өзен көліктері магистралдары арқылы байланысқан. Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі өңірлеріне электр энергиясын жеткізетін желілер мен еліміздің оңтүстігіне (Шымкент қаласы) тартылған мұнай құбырлары басын осы жерден алады.

Ертіс-Қарағанды-Жеқазған арнасының өзі неге тұрады?  Мұнда Ертіс  ұзындығы 450 км болатын  500 метрлік биіктікті жеңіп, өрге қарай ағады.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік саланы дамыту, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері желісін нығайту және кеңейту жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге, аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсетуге көп мән беріледі.

Білім беру жүйесінде 422  жалпы білім беретін мектеп, 60 астам кәсіби-техникалық оқу орындары және 100 шақты мектепалды мекемелері бар. 18 жоғары оқу орнының 2- университет.

Облыс орталығында 2  театр бар – Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалы- драматеатры мен  А.П. Чехов атындағы орыс драма  театры. 246 кітапхана, 10 астам мәдениет сарайлары мен үйлері және 44 мұражай жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша -  46 аурухана, 11 емхана, 90 ауылдық  амбулатория, 270-астам  медициналық пункттер бар. Бұдан басқа, жеке медициналық қызметпен айналысатын 145 субъект халыққа қызмет көрсетеді. Ден шынықтыру мен спорт базасы дамуда, салауатты өмір салты бағдарламасы жүзеге асырылады.

Өлке тарихынан

Археологиялық зерттеулер бойынша,  Ертіс жағалауында өте ерте замандарда-ақ көптеген тайпалар өмір сүрген. Ежелгі адамның тұрағының іздері Баянауыл ауданында, Ертістің жағалауында табылған. Тастан жасалған құралдар, шақпақ тастан жасалған жебе мен найзаның ұштары да кездескен. Мыңдаған жылдар өтіп, өлкені жайлаған түрлі тайпалардың өмір сүру салты да өзгерді.

Ертіс жағалауын игеру XVI ғасырда басталған. XVIII ғасырда орыс патша өкіметі Ертіс өзенінде әскери бекіністер сала бастады. Олардың қатарында Павлодар қаласының тарихын бастаған Коряков казак  форпосты да болды.  1861 жылы Александр  II патшаның ұлы Павелдің дүниеге келуі құрметіне Коряков  станицасына қала мәртебесі беріліп, аты  Павлодар болып өзгерді.

Бір жағынан патша өкіметі қатаң отарлау саясатын жүргізіп, екінші жағынан елді сыртқы жаулардан қорғау қажет болған дәл осы өте қиын да күрделі кезеңде  өлкені экономикалық көтеру жұмыстары басталды.

XIX ғасырдың басында-ақ, ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіру мен өңдеу, тау-кен ісі пайда болды. Сол ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзден көмір өндіру мен Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінен тұз өндіру жұмыстары басталды.

XX ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар темір жолы салынып, Ертіс су көлігі іске қосылысымен,  экономика тез қарқынмен дами бастады. 1938 жылы облыс орталығы болған Павлодар, Ертіс су жолы мен темір жолдың қиылысында орналасқандықтан Екібастұзбен, Оралмен, Сібірмен сенімді байланыс орнатты. Бұл қала мен облыстың  одан әрі дамуына ықпал етті. Ұсақ шеберханалардың орнына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар өсіп шықты.

Павлодарлықтар барлық отандастары сияқты, Ұлы Отан соғысында майданда жанқиярлықпен шайқасып, тылдағы ерен еңбектерімен жеңіс күнін жақындаты. Облыстың  46 мыңнан астам тұрғындары соғыс алаңында айқасқа түсіп, олардың жартысына жуығы отбасына қайтып оралмады. Олардың ішінен 22 Кеңес Одағының Батыры, 4 Даңқ орденінің толық кавалері шықты, ондаған мың жауынгерлер ордендер мен медалдармен марапатталды. Өлке эвакуациямен және жер ауып келген ондаған мың адамды қабылдады.

1956 жылдан бастап Павлодар тың және тыңайған жерлерді игерудің орталығының біріне айналды. Тың көтерумен байланысты егіс көлемі ондаған есе ұлғайды. Көмір өндіру мен тың игеру  Павлодар облысының өндірістік күштерінің дамуына қуатты серпін берді. Осы жылдары Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және басқа да республикалардан шыққан көптеген жандар өз тағдырларын Қазақстанмен байланыстырды.

Облыста түрлі ұлттардың адамдары арасындағы  төзімділік, бейбітшілік пен келісім тәжірибесі жинақталған. Мұнда 17 ұлттық-мәдени орталықтарды біріктірген  Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясы жұмыс істейді. Павлодарда әзірге басқа еш жерде жоқ айырықша ұлттық қалпына келтіру мектебі жұмыс істейді. Оның ең басты мәні – қала мен облыста тұратын этникалық топтардың тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтау және дамыту.

1949-1962 жылдары Павлодар облысының оңтүстігінде  Семей ядролық полигоны сынақ жұмыстарын жасады. Соғыстан кейінгі жылдар күрт индустриалдық дамумен сипатталады, оның айғағы өнеркәсіпті өлкенің алыптары.

Павлодарлық Ертіс жағалауы көптеген атақты адамдардың атымен байланысты. Өз экспедицияларының бірінде мұнда Николай және Елена Рерихтер тоқтаған, Федор Достоевский осында болған. Шоқан Уәлиханов бірнеше мәрте келген. Бұл дала елімізге және әлемге әйгілі атақты адамдарды өмірге әкелген, оған көптеген мұражайлар айғақ. Олардың арасында  ойшыл, қоғам қайраткері, ақын әрі жырау Бұқар Жырауды; ғалым,  географ- этнограф, қоғам қайраткері  Григорий Потанинді; ақын, жазушы, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевті; ақын  Сұлтанмахмут Торайғыровты; жазушы,  драматург, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, педагог Жүсіпбек Аймауытовты; ақын, журналист, ағартушы  Сәбит Дөнентаевты; ғалым және қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті  Қаныш Сәтбаевті;  ғалым-археолог Әлкей Марғұланды; жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған  Олжабай Толыбайұлы мен Жасыбай Өмірұлын, Малайсары батырларды; халық ақындары, әншілері мен күйші-композиторлары Майра Уәлиқызы Шамсудинованы, Естай Беркімбайұлын, Иса Байзақовты айтуға болады.

Облыс аумағында жалпы 300-ден астам мәдени ескерткіштер, ондаған табиғи құнды ескерткіштер бар.


 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ