Талдықорған

Жалпы мәлімет

Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды, орталығы Алматы қаласы.  1997 жылы Алматы және Талдықорған облыстары бірігіп,  2001 жылдың сәуірінде облыс орталығы Талдықорған қаласы болды. Облыс Қазақстанның оңтүстік –шығыс жағында орналасқан, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстанмен, батысында – Жамбыл, солтүстік-батысында Қарағанды облыстарымен шектеседі. Аумағы 223, 9 мың шаршы км.

Облыс орталығы

Облыс орталығы– Талдықорған қаласы – ХІХ ғасырдың ортасында салынған Гавриловка селосының  (1920 жылы аты Талдықорған боп өзгерген) орнында пайда болды, 1944 жылы қала мәртебесін алды. 1944-1959 және 1967-1997 жылдары – Талдықорған облысының орталығы болды. 2001 жылдан бастап – Алматы облысының орталығы. Халқы – 120 мыңнан астам.

Қала экономикасының негізі өнеркәсіп өндірісі, 20 астам ірі кәсіпорындары бар. Алдыңғы қатарлы сала ретінде  – металл өңдеуді, электр қондырғылары мен кабельді өнім шығаруды, құрылысы индустриясын, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібін, көлік пен байланысты атауға болады. Агроөнеркәсіптік сектор да бар.

Табиғат

Облыс едәуір күрделі географиялық сипаттама мен әртүрлі рельефке ие. Оңтүстігі мен шығысында екі жеке дара массивпен Іле және Жоңғар Алатауы жоталары (Тянь-Шаньнің туа жүйесі) созылып жатыр.  Тау баурайындағы аудандарда дала шөбі өссе, тауға қарай көтерілген сайын жапырақты орман қылқанжапырақты орманға ауысып, одан альпі көкмайсасына ауысады. Облыс аумағында Алматы қорығы мен республикадағы төрт табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтын Емел» орналасқан.

Өзендер мен көлдер

Облыс аумағында ірі өзендер – үстіне Қапшағай су қоймасы салынған Іле, ішкі ағынсыз Балқаш-Алакөл бассейніне жататын Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері бар. Ірі көлдер – Балқаш, Алакөл және Сасықкөл көлдері.

Климаты

Алматы облысының табиғат жағдайы – шөл даладан мәңгі қарға дейінгі  5 климаттық аймақты біріктіреді. Климаты тым континенталді, қаңтар айындағы температура: жазық жерде -15°С, тау баурайында -6-8°С, шілдеде – тиісінше +16°С және  +24+25°С.  Жылдық жауын-шашын көлемі: жазықта –  300 мм дейін. Тау баурайында және тауда жылына – 500-700-ден 1000 мм дейін.

Халық

Облыс халқының саны 1703,7 мың адам, оның 70,2% ауылда тұрады. Халық құрамы 103 ұлттар мен ұлыстардан құралған. Облыста 10 қала бар, оның 3 облыстық, 16 аудандық бағыныста.

Экономика

Алматы облысында пайдалы кен қазбаларының барлық дерлік түрі бар, олардың ішіндегі маңыздылары -  қорғасын, мырыш, мыс, вольфрам, қалайы, молибден, бериллий, алтын және күміс. Энергетикалық сұр көмірдің ірі кен орыны анықталды. Облыс аумағындағы минералдық шикізаттардың  анағұрлым көп тараған түрі құрылыс материалдары  - құмдық-қиыршық тас қоспасының, өңдегіш тастың, ізбес пен  фарфор тастың, минералдық тұздардың қоры.

Облыстың өнеркәсіптік саясаты мен индустриалдық базасын 150 ірі және орта кәсіпорындар мен 1000 шақты шағын бизнес кәсіпорындары құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу  өнеркәсіптің анағұрлым мол үлесін алып отыр.  Облыс жүзім шарабын, темекі өнімдерін, қант, крахмал, мия және электр аккумуляторларын өндіруде алдыңғы орында. Жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, металл өңдеу дамуда, электр энергетикасы, құрылыс, сауда мен қызмет көрстеу саласы кең тараған.

Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясына сай,  Алматы облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асырылуда.  Ол бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға, экономикалық перспективалы аудандарда өндірістік және еңбек ресурстарын шоғырландыруға және «өсу полюсын» қалыптастыруға, аумақтың инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасауға  бағытталған, Өнеркәсіпті құрылымдық қайта құруды жүзеге асыратын 4 негізгі бағыт айқындалған, олар: Алматы қаласының  өнеркәсіптік кәсіпорындарын шығару арқылы Іле, Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарын тұйықтайтын  өнеркәсіп «сақинасын» құру; индустриалдық аймақ жүйесін қалыптастыру; Панфилов ауданының шекаралық аумағында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА  мен Алакөл ауданында «Достық» АЭА өнеркәсіп аймағын ұйымдастыру; «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы шеңберінде  серпінді жобаларды жүзеге асыру.

Осы бағдарлама аясында облыста мемлекеттік органдар мен холдингтерге бекітілген 6 макро-жобаны жүзеге асыру басталған. Энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде қуаты 300 МВт болатын  Мойнақ ГЭС-ін  және Жамбыл ауданында қуаты 2400 МВт болатын Балқаш ЖЭС салу көзделген. Облысы аумағынан өтетін «Қазақстан-Қытай»  газ құбыры магистралінің халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Батыс-Еуропа-Батыс Қытай  транзиттік көлік жолы дәлізін, оның ішінде Алматы облысы арқылы өтетін Алматы-Қорғас жолы мен Қорғас-Жетіген теміржол желісін қайта жөндеу көзделген. Туризм саласы бойынша, Қапшағай өңірінде «Жаңа Іле» туристік орталығын салу жұмысы басталды.

Алматы облысы Қазақстандағы ең ірі  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірі болып табылады. Дәнді дақылдарға, оның ішінде жүгеріге,  зәйтүнге және техникалық дақылдарға, сояға, қант қызылшасына, картопқа, көкөніс пен бақша өнімдеріне едәуір көп жер бөлінген. Жидектердің де біраз түрі өсіріледі. Жыл сайын дерлік жаңа бақтар мен жүзімдіктер егіледі. Алманың «Апорт» сортын қалпына келтіруге үлкен мән берілуде. Бірқатар шаруашылықтар элиталық тұқым түрлері мен жас өскіндерді өндірумен шұғылданады. Мал шаруашылығы дамуда, мал мен құстың барлық түрінің басты тұрақты өсіп-өнуде, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру ұлғаюда. Алматы маңында қаланы азық-түлік өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өзіндік азық-түлік белдеуін құрудың  перспективалық жоспары жүзеге асырылуда.

Көлік

Облыстың коммуникациялық инфрақұрылымы  мақсатты түрде дамуда. Автокөлік жолдарының ұзындығы 10 мың, темір жол - 1300 шақырымдай. Облыс Қытай мен Орталық Азияның, Ресей мен Қырғызстанның, Тәжікстанның арасындағы, сондай-ақ қазақстандық экспорттық тауарлардың Достық станциясы арқылы Қытайға және одан әрі әлемнің басқа да елдеріне шығатын  көлік дәлізі болып табылады.  Аумақта екі әуежай жұмыс істейді – Бұрындай кентінде және Талдықорған қаласында. Заманауи байланыс түрлерінің барлығы бар, Интернет желісін пайдаланушылар күн асқан сайын көбейіп келеді.

Әлеуметтік сала

Облыста әлеуметтік саланы дамытуға көп көңіл бөлінуде. Білім беру саласында 60-тай мектепалды мекемелері, жалпы білім беретін және мектеп интернаттарын қоса алғанда 800 шақты мектеп жұмыс істейді. 30 КТМ, 36 колледж және 4 жоғары оқу орны бар.

Денсаулық сақтау саласына қарасты 893 мекеме жұмыс істесе, оның 836 мемлекеттік те, 5 жекеменшік. Олардың арасында 76 аурухана, 200 астам амбулатория мен емхана, 500 астам фельдшерлік – акушерлік және  фельдшерлік пункттер бар. Талдықорған қаласында медициналық ақпараттық-талдау орталығы ашылған. Өңірде теле- және мобилді медицина қызмет көрсетеді.

Облыста 433 мәдениет пен өнер мекемесі бар. Оның ішінде 112 мәдениет үйлері мен клубтар, 126 кітапхана, 20 мұражай, 2 көркемсурет галереясы, Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, халық шығармашылығының облыстық орталығы бар.

Облыста жұмыс істеп тұрған  700-дей спорт мекемелерінде спорттың барлық дерлік түрі қамтылған. Бұқаралық дене шынықтыруға көп көңіл бөлінеді.

Өлке тарихынан

Жетісу өлкесі Қазақстанның «алтын бесігі» саналады.  Себебі дәл осы жерде Қазақ хандығы құрылған.

Тарихи- археологиялық зерттеулер негізінен мал шаруашылығымен айналысқан өлке халқы ежелден жартылай көшпенді, жартылай отырықшылық өмір салтын ұстанғанын айтады. Бұған қола дәуірінен қалған ескерткіштер айғақ. 1950 жылы Алматы қаласының маңындағы Таңбалы деген жерден сол кездегі адамдардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін 1000 астам тасқа салынған суреттер табылған. Қол дәуірі ескерткіштері Серіктас, Асы, Қызылбұлақ, Қарақұдық, Көлсай және басқа да жерлерден табылған. Іле өзененің екі жағалауы сақ және үйсін тайпаларының темір дәуіріндегі ескерткіштеріне толы. «Патша қорғандары» айырықша көп. Осындай «патша қорғандарының» бірінен «Алтын жауынгер» табылған. Оның өне бойы алтынмен апталып, сақтардың атақты «аң стилінде» әшекейленген.

Б.д.д. VI ғасыр – Жетісуға шығыстан келген тайпалардың қоныстана бастаған кезі. VI-Х ғасырларда Жетісу жерін  Түркі, Батыс Түркі, Қарлұқ қағанаты мен түргештер биледі. Қағанаттардың дамуына Жетісудағы  Батыс пен Шығысты жалғастыратын  Ұлы Жібек Жолы қақпасы  үлкен ықпал етті.

ХV ғасырда осы жерде Қазақ хандығы құрылды. ХІІ ғасырдың ортасында  Жетісу жеріне жоңғар басқыншылары басып кірді. Іленің оң жағалауындағы 1643 жылғы «Орбұлақтағы шайқас» халық жадында мәңгіге сақталып қалды. Жетісу жеріндегі жоңғарлармен болған екінші үлкен шайқас  -«Аңырақай шайқасы». Ол Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Аңырақай тауырың бөктерінде болды. Осы жерде еліміздің тәуелсіздігі үшін қан төккен ата-бабаларымызға ескерткіш орнатылған.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап патшалық Ресей елді отарлауды белсенді түрде жүргізе бастады. 1847-1856 жылдары бұл жерде: Сергиополь, Қапал, Үржар, Лепсі, Іле, Көксу, Сарқанд, Қарабұлақ, Надеждинская және Софийская казак бекіністері мен елді мекендер салынды. Сол уақытта Түркістан генерал-губернаторлығының  қарамағында Жетісу облысын құру туралы патша жарлығы шықты.

Орыстың саяхатшы-ғалымдары М. Пантусов, П.П. Семенов-Тян-Шанский, В.В. Радлов, А.Н. Краснов, И.В. Мушкетов, Н. Аристов, Г.Н. Потанин осы жерде өздері туралы жақсы естеліктер қалдырды.

ХІХ-ХХ ғасырда Жетісудың рухани мәдениеті жақсы  дамыды. Сол кездегі атақты ақын-жыршылыр қатарында Сүйінбай Аронұлын, Жамбыл Жабаевты, Бақтыбай Жолбарысұлын, Сара Тастанбекқызын, Кенен Әзірбаевты, Әсет Найманбаевты атауға болады. Олардың құрметіне мемориалдық кешендер мен мұражайлар ашылып, жұмыс істеуде.

Кеңес өкіметі жылдары, коллективтендіру мен индустриаландыру кезеңі, барлық жерлегі сияқты, Жетісу жерінде де қайғылы оқиғаларға толы болды. Ұлы Отан соғысы да ауыр сынақ еді. Мәскеу түбінде фашист танкілерін кеудесімен бөгеген панфиловшы-гвардияшылардың ерліктері бәрімізге белгілі. Бұл дала соғыстан бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру жылдарын да, тың және тыңайған жерлерді игеру мен өнеркәсіпті көтеру кезін де ұмытқан жоқ.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ыдыраған Кеңес Одағынан қалған бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарынан кейін, нарықтық экономиканы игеру мен салу, прогресс пен өркениеттің жаңа биіктеріне көтерілу басталды.

Өлкенің бай тарихы, мәдениеті мен табиғаты өлкетану мен туризмнің танымдық, экологиялық, орнитологиялық, шипажайлық-сауықтыру, этнографиялық түрлерін  дамытудың мол ресурсы болып табылады.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат