Өскемен

Жалпы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Облыс ең ірі Еуразиялық құрылықтың түкпірінде орналасқан, Еуразияның ресми белгіленген орталығы  осы жерде. Ол солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Қазақстанның Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстырымен шектесіп жатыр. Облыс аумағы 283,3 мың шаршы метрге тең.

Облыс орталығы

Облыс орталығы  – Өскемен қаласы. 1720 жылы Үлбі өзенінің Ертіске құяр тұсынан Өскемен бекінісін салу жұмыстары басталды.

1804 жылы станица қалашық мәртебесіне ие болды, а 1868 жылы Семей губерниясының уездік қаласы болды. Қала түсті металлургия, метелл өңдеу, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, көлік және байланыс, құрылыс саласы дамыған ірі индустриялдық орталық болып табылады. Жақсы ғылыми, мәдени және бірім беру базасы бар.

Семей қаласы

Ертістің екі жағалауына созыла орналасқан, ауылдық округтері бар. Оның ресми тарихы 1718 жылдан, орыс бекінісі салынған кезден басталады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, метелл өңдеу, құрылыс, киім тігу индустриясы  өнеркәсібімен шұғылданады. Қала Қазақстанның көптеген көрнекті қайраткерлері туып-өсіп, еңбек еткен мәдени орталық болып табылады.

Риддер қаласы

Қала тарихы 1816 жылы, өлкенің түсті металлургиясының негізін салған екі балқыту пешінің салынуымен басталады. Экономикасының алдыңғы қатарлы салалары – тау-кен өндірі өнеркәсібі, түсті металлургия, машина жасау, энергетика және азық-түлік өнімдерін өндіру.

Курчатов қаласы

1947 жылы шартты атауы «Мәскеу-400» әскери нысан режіміндегі елді мекен қала мәртебесін алды. Атақты физик-ғалым И. В. Курчатовтың құрметіне аталған. Мұнда жасалған ядролық қарулар іргелес жатқан полигонда сынақтан өтті. Қазіргі кезде мұнда Ұлттық ядролық орталық (ҰЯО) мен оның ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Өнеркәсібі – радиоэлектроника кәсіпорындары, табиғи тастарды өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылығы.

Аудандары

АБАЙ АУДАНЫ. Аумағы 20,9 мың шаршы километр. Аудан орталығы – Қарауыл ауылы.

АЯГӨЗ АУДАНЫ. Аумағы 49,5 мың ш.м. аудан орталығы – Аягөз қаласы.

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ. Аумағы 11,4 мың ш.м. Аудан орталығы – Бесқарағай селосы.

БОРОДУЛИХА АУДАНЫ. Аумағы 7,2 мың ш.км.Аудан орталығы – Бородулиха селосы.

ГЛУБОКИЙ АУДАНЫ. Аумағы7,3 мың ш.км.аудан орталығы – Глубокий кенті.

ЖАРМА АУДАНЫ. Аумағы 22,6 мың ш.км.Аудан орталығы – Қалбатау селосы.

ЗАЙСАН АУДАНЫ. Аумағы 10,5 мың ш.км.Аудан орталығы – Зайсан қаласы.

ЗЫРЯН АУДАНЫ. Аумағы 10,5 мың ш.км.Аудан орталығы – Зырян қаласы.

КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ.Аумағы 13,1 мың ш.км.Аудан орталығы –  Большенарым селосы.

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ.Аумағы 14,6 мың ш.км.Аудан орталығы – Көкпекті селосы.

КҮРШІМ АУДАНЫ. Аумағы 23,2 мың ш.км.Аудан орталығы – Күршім селосы.

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ. Аумағы 23,8 мың ш.км.Аудан орталығы–  Ақсуат селосы.

ҰЛАН АУДАНЫ. Аумағы 9,6 мың ш.км.Аудан орталығы –Молодежный кенті.

ҮРЖАР АУДАНЫ. Аумағы23,4 мың ш. км. Аудан орталығы– Үржар селосы.

ШЕМОНАЙХА АУДАНЫ. Аумағы 4 мың ш. км. Аудан орталығы– Шемонайха қаласы.

Табиғат

Аумағының едәуір бөлігі таулы және ұсақ шоқылы болып келеді. Шығысында Рудный және Оңтүстік Алтай тау жоталары, оңтүстікке қарай  – Жайсаң қазаншұңқырының Қалба жотасы, Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ жоталары созылып жатыр.Облыстың батыс жағында Шығыс Сарыарқаның ұсақ шоқылары орналасқан.

Өзендер мен көлдер

Басты өзен – Ертіс, оның жоғарғы ағысы Қытайда, ортаңғы ағысы – Қазақстанда, Төменгі ағысы – Ресей жерінде. Ертістің анағұрлым маңызды тармақтары: Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба өзендері.  Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар.

Ауа райы

Ауа райы тым континенталды. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы жазық өңірінде –17°С, биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады. Шілдеде 19 – 23°С. Жауын-шашын көлемі - солтүстік-шығысында 350 – 380 мм, оңтүстік-шығысында 250 – 300 мм, батысында 200 – 250 мм аралығында. Зайсан қазаншұңқырында ол 129 мм дейін төмендеп, ал Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм ұлғаяды.

Халық

Облыс халқы – 1420,3 мың адам. Қала халқы 59% құрайды. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 65%, орыстар – 30%, сондай-ақ украиндар, белорустар, татарлар, мордвалар, чуваштар және тағы басқалар өмір сүреді.

Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінуі – 15 аудан, 10 қала, 30 кент, 870 ауылдық елді мекендер.

Экономика

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шығыс Қазақстан облысы пайдалы кен қазбалары – мыс, алтын, күміс, мырыш, титан, сондай-ақ агрохимиялық шикізат қорына өте бай. Көмір өндіру қазбалары да бар. Алдын ала бағалау бойынша газ қорының да өнеркәсіптік маңызы болуы мүмкін. Жерасты су көздерінің негізгі минералдық-шикізат базасы: тұщы ауыз су, минералдық-емдеу және емдеу-асханалық қоры бар. Құрылыс индустриясына арналған минералды шикізат көздері барланған.

Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптер  дамыған. 2006 жылы облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.

Қазақстанның су ресурстарының 2/5 облыстың еншісінде. Өскемен және Бұқтырма ірі гидроэлектростанциялары, сондай-ақ Ертістің тармақтарында бірқатар электр станциялары жұмыс істейді. Мұндағы шоғырғанған  индустриалдық алыптардың негізінде өнеркәсіптік желілер қалыптасқан. Оның қатарына Өскемен қорғасын-мырыш комбинатын жатқызуға болады. Ағаш өңдейтін, ағаштан және  резина мен платмасса өнімдерін жасайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар бар.

Облыс экономикасында ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы маңызды орын алады. Ет-сүт өндірісінің өсуі байқалады, сиыр, қой мен ешкі, жылқы басы өсуде, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс және ара шаруашылығы дамуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығы да даму үстінде. Бұғы шаруашылығы да бар. Облыста дақылдық, дақылдық-бұршақ, майлы дақылдыр, азықтық және бақша өнімдері, картоп пен көкөніс өсіріледі.  

Көлік

Облыс тармақталған көлік магистралі мен коммуникациялық инфрақұрылым желісіне ие. Теміржол көлігі облыс орталығын Риддер, Зырян, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен байланыстырады. Облыс шегінен шығатын негізгі темір жол салалары – «Защита - Локоть», «Семей – Алматы». Облыста екі әуежай бар: Семейде және Өскеменде. Жолаушылар мен жүкті су жолымен тасымалдауды үш өзен көлігі кәсіпорыны  іске асырады. Екі жүк айлағы бар.Жолаушылар мен жүк тасымалында автокөлік алдыңғы қатарда. Қазіргі заманғы көліктің барлық түрі дамуда. Қазақстанның барлық өңірлері мен әлемнің көптеген елдері облыстың сауда серіктестері болып табылады.  Ресеймен, Қытаймен, Үндістанмен, АҚШ-мен, Жапониямен, Германиямен, Франциямен, Канадамен, Ұлыбританиямен, Бельгиеямен, Швейцариямен, Оңтүстік Кореямен және басқа елдермен белсенді сауда қатынастары жүргізіледі.

Әлеуметтік сала

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік міндеттерді шешу үшін жақсы ресурстар мен мүмкіндіктер бар, білім беру мен мәдениет, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғауды дамыту үшін мақсатты шаралары жүзеге асырылып отырылады.

Білім беру жүйесінде 12 жоғары оқу орны, 21 орта-арнаулы мекеме, 791 орта мектеп, 100 астам балалардың мектепалды мекемелері, 430 шағын орталықтар бар.

Облыста 2 театр: Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы драма театры мен Семей қаласындағы «Жаңалық»  театр-сервисі, сондай-ақ 4 концерттік ұйым жұмыс істейді. 300 шақты кітапхана,  11 мұражай, 14 кинопрокат ұйымы бар. 4 мәдениет сарайы, 31 мәдениет үйі мен  211 клуб мекемесі мен 3 демалыс және зообақ халыққа қызмет көрсетеді.

Халыққа медициналық көмекті жүздеген ауруханалық және амбулаторлық-емханалық ұйымдар, алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем орталықтары, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, фельшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттер көрсетеді.

Өлке тарихынан

Археологиялық зерттеулерген қаорағанда, Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған.

Ертістің жоғарғы бөлігінде алғаш рет мұз дәуірінде (орта палеолит) пайда болған адам оңтүстік жақтан ауып келуі мүмкін. Бұл мамонттарды, мүйізтұмсықтар мен бизондарды аулап күн көретін неандерталдықтардың шағын топтары болатын.

Неолит дәуіріндегі ежелгі аңшылар тұрағының  іздері Зырян ауданында, Усть-Нарымда, Семей құм төьешіктерінде табылған. Қола дәуірінде Ертістің жоғары бетінде өтмір сүрген андрон тайпасы үшін ең маңызды әрі прогрессивті іс – тау-кен ісі және металлургия болды. Біздің д.д. XIII ғасырда өлкені мекендеген тайпалар өмірінде көшпелі өмір салты басталады, патриархалды-феодалдық қатынас дамиды. IX-XIII ғасырлдарда Ертіс жағалауында қимақтардың, көшпенді наймандардың бекіністер мен қалалары орналасқан болатын. Қимақтардың ең ірі қаласы  Имақия деп аталды. Бұл тайпалардың материалдық мәдениетінің дамуына негізі жолдан Алтайға, Зайсанға, Тарбағатайға, Семей даласына тармақталып кететін  Ұлы жібек Жолы маңызды рөл атқарды. XV ғасырда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген қазақ тайпалары мен рулары Қазақ хандығына бірікті. XVIII ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының тарихына «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ретінде енді. Қазақ жері жоңғар шапқыншылығына ұшырады. ХVII ғасырдың соңына қарай Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасы қазақ жеріне барынша дендеп ене орналасқан еді, бұл патша өкіметін өлкені өз қарамағына алуға итермеледі. 1718 жылдың өзінде-ақ жоңғар бекінісінің қиратындысы үстіне Семипалат бекінісі, қазыргі Семей қаласының орны қаланды. 1720 жылы Усть-Каменная бекінісі– қазіргі Өскемен қаласы салынды. Ресей Сенатының 1760 және 1762 жылдардағы Жарлықтары негізінде Кенді Алтайға Ресейден ауып келген ерікті қарашекпендерден басқа, крепостнойлар, каторгаға айдалғандар, жікшілдер жер аударылды. Алайда ХІХ ғасырдың соңында Ұлы Сібір темір жолы магистралы салынғаннан кейін. Қарашекпендердің басым көпшылігі Ертіс жазығында және оның оң тарауында, Белағаш  даласына орналасты.

XIX-XX ғасырларда жергілікті халықтың біртіндеп отырықшылыққа көшуіне байланысты таза қазақ кенттері пайда бола бастады. Өлкедегі ең бай Кенді Алтайдың оңтүстік болысы еді. Мұнда жер өңдеу, мал өсіру, ара өсірумен қатар аңшылық, балық аулау сияқты кәсіп түрлері де жақсы дамыды. Алтай қойнауының таңғажайып байлығы тау-кен өніркәсібінің тез дамуына ықпал етті. 

XVIII ғасырда полиметалл кенінің анағұрлым бай көздері: Зырян, Риддер,  Белоусовка, Крюков, Талов, Глубокий ашылды.

Орыстың ұлы саяхатшылары:  П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. Пржевальский, Г. Потанин, В. Сапожников  және басқалары ғылыми экспедициямен өлкеде болды. 1917 жылғы төңкеріске дейін-ақ Шығыс Қазақстансаяси жер аудару орны болды, мұнда декабристер,  революционер-демократтар айдауға жіберілді.

XX ғасыр тарихы кеңес дәуірімен тығыз байланысты. Бұл азамат соғысы, 30-50 жылдардағы сталиндікқуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы. Соғыс жылдарында өлке майданға қару-жарақ өндіруге өте қажетті  қорғасын, мыс, кадмий,  қалайы,  сурьма  және басқа да металл түрлерін берді.

Семей ядролық полигоны – өлке тарихындағы ең ауыр да азалы беттердің бірі. Полигон жұмыс істеген уақытта 500-дей жарылыс жасалды. 1991 жылы Қазжақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен  полигон  жабылды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуымен басқа өңірлер сияқты, шығыс Қазақстан облысы да жаңа егеменді мемлекеттің құрылысына белсене ат салысып келеді. 


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат