Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Астана

Жалпы мәлімет

Қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болды. 1863 жылдың 16 шілдесінде Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланды. 1960 жылғы желтоқсанда қала Қазақстанның барлық солтүстік облыстары кіретін Тың өлкенің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді. Әкімшілік мағынасы, яғни Қазақстан Республикасының елордасы мен өзінің қазіргі Астана атауын қала 1998 жылы алды.


Қазақстан астанасының тарихы

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

Табиғат

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен  Ақбұлақ.

Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га. Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.

Халық

Қала халқының  саны -776117  мың адам, қазақтар – 61,7 %, орыстар – 26,5%, украиндар – 3,2%, татарлар – 1,8%, немістер – 1,6. Басқа да ұлттың өкілдері  бар. 

                           


Экономика

Қаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және  құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда саласындағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан  Астана еліміздегі маңызы бар облыстар мен қалалар  арасында Алматыдан кейінгі  екінші орынды алады. Астана және Алматы қалаларының біріккен аймақтық  өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып отыр. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші орында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.

Қаланың өндірістік әлеуеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері/сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатор,  орталық жылу қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие.

Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толықтырып отыр.

Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада "Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу (АЭБ) құрылған. АЭБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АЭБ аймағында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №67 Бұйрығымен  2006 жылдың 17 наурызынан бастап  2003 жылға дейін қаланың  тұрақты дамыту стратегиялық жоспары бекітілген. Аталған жоспарды қаланы тұрақты дамыту орталығы жүзеге асырды.

                      

Көлік

Қазақстан астанасының негізгі көлігі - қалалық автобустар. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар қалада “Астана” халықаралық әуежайы, темір жол вокзалы мен автовокзал бар. Әуе көлігімен 2012 жылдың қаңтарында 1,4 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 3,1 млн. текше/км құрады.

Телекоммуникация жүйелері маңызды дамуға ие. Жаңа АТС пайдалануға берілді, GSM-байланыстары мен спутниктік телевизиялық антенналары қолданылуда, телекоммуникацияның кешенді орталықтары жұмыс істейді.


Әлеуметтік сала

2011 жылдың басынан бастап 1 039 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы саны - 653 әйелдер, немесе 62,8 %, 14-29 жас аралығындағы жастар 502 адам немесе 48,3 %. Қалалық жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2012 жылдың қаңтарында 48 адам жұмысқа орналастырылды, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 419 адамға азайды. Жұмысқа орналасқандардың ішінде есепті кезеңде әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж халықтың нысаналы тобына жататындар: 21 жасқа дейінгі жастар – 2 адам, зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар – 4 адам, ӘҚ қатарынан босатылған адамдар – 1 адам және басқалар – 6 адам. Жұмыссыз ретінде есепте тұрған адамдардың саны 2012 жылдың 1 ақпанына 4 017 адамды құрайды.


2012 жылдың 31 қаңтары жағдайы бойынша мәліметтер банкінде 1767 бос лауазым орындары болды. 2012 жылдың басынан бастап 5095 шетелдік маманды тартуға 5095 рұқсат берілді. 693 жұмыс берушіде нақты 5095 шетелдік және 19854 қазақстандық азамат жұмыс істейді. Қосымша 578 жаңа жұмыс орындары құрылды және оларға шетелдік мамандарды ауыстыру үшін растайтын құжаттарды (сертификаттарды) берумен 57 қазақстандық маман қайта оқытылды. Шетелдік мамандарды қазақстандық азаматтарға ауыстыру – 112.

Жергілікті бюджеттен төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 ақпанына 25,1 млн. теңгені құрады. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 13,6 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:  18 жасқа дейінгі балалары бар, орта есеппен жан басына шаққандағы табысы тұтыну себеті мөлшерінен төмен отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы –  2 001,6 мың теңге; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1 542,4 мың  теңге;  тұрғын үй жәрдемақысы – 3 938,9 мың  теңге; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін –  10 794,2 мың теңге. 

Астанада білім беру мекемелерінің кең жүйесі бар. Астана қаласының білім жүйесі 252 білім ұйымдарынан тұрады. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының желісін 111 мекеме құрайды: 69 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 5 «Мектеп – бала бақша» кешені, 41 жеке бала бақша және ведомстволық бала бақша. 

Кәсіби және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін 37 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде: кәсіби лицейлер – 7, мемлекеттік колледждер – 5, мемлекеттік емес колледждер – 25.

13 қосымша білім беретін (жаңа Оқушылар сарайы есебімен) және 10 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

2012 жылдың қаңтарында Алматы кқшесінің бойынша 156 орынға арналған жүру – тірек аппаратының қозағылысында кемшіліктері бар балалар үшін арнайы бала бақша ашылды.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы. Бұдан басқа, қала тұрғындарына 1 971 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 8 аурухана, 1 Республикалық диагоностикалық орталық, 494 кереуеттік қоры бар 5 ведомстволық аурухана ұйымы, 299 кереуттік қоры бар жеке меншік нысанындағы 3 аурухана ұйымы, 32 кереуеттік қоры бар 2 жеке меншік нысанындағы аурухана ұйымы қызмет көрсетеді.


Өлке тарихынан

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 2012 жылғы 1 маусымда 750 мыңнан астам адам болды. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.  Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.  

Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызға тең.  

Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астананы ауыстырған уақыттан бері өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 11 есе артты.

Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Астаналық тұрғындардың орташа номинальды айлық жалақысы 140 мың теңге шамасында. 

Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.  Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты.  Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.

Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда өздерінің үздік жобаларын іске асырды.

«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум –  «Думан» орталығын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады.

Спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионын, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегін атап өту қажет. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны.

Астана бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп оймай, сондай-ақ бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Елорданың «жасыл белдеуі» кеңеюде, қала орасан далалық өңір орталығының жасыл алқабына – экологиялық таза мегаполис үлгісіне айналды. Астананың миссиясы – еуразиялық кеңістіктегі мәдени және зияткерлік орталыққа айналу және Қазақстанның орнықты дамуының басты қозғаушы күшінің рөлін атқару.

Астана – республиканың ірі саяси-әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Елдің барлық орталық билік органдары, дипломатиялық өкілдіктер, отандық және шетел кәсіпорындарының басты кеңселері,  жетекші университеттер, ең үлкен заманауи медициналық клиникалар мен маңызды мәдениет мекемелері осында орналасқан.

Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі уақытта Астана «Expo-2017» халықаралық көрмесін өткізуге арналған конкурсқа қатысуда және оны өткізуге басты үміткерлердің бірі.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.


 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ