Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Орал

Жалпы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км².  Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал,Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев. 

Облыс 12 ауданнан тұрады:

  • Тасқала ауданы — Тасқала селосы
  • Зеленов ауданы — Переметный селосы
  • Теректі ауданы  Фёдоровка селосы
  • Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
  • Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау селосы
  • Жәнібек ауданы  — Жәнібек селосы
  • Казталовка ауданы — Казталовка селосы
  • Ақжайық ауданы  — Чапаев селосы
  • Сырым ауданы  — Жымпиты ауылы
  • Қаратөбе ауданы  — Қаратөбе селосы
  • Бөкейордасы ауданы (Орда ауданы) — Сайхын селосы
  • Жаңақала ауданы  — Жаңақала селосы

Табиғат

Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облыстарымен шекаралас:

  • солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен
  • шығыста — Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысымен
  • оңтүстікте — Қазақстан Республикасының Атырау облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен
  • батыста — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен
  • солтүстік батыста — Ресей Федерациясының Самара облысымен

Әкімшілік орталығы: Орал қаласы.

Ең ұзын өзен – Орал (Жайық), 2428 км. Өзеннің ұзындығы Қазақстан Республикасы көлемінде – 1082 км.

Ең ірі өзен – Шалқар (360 шаршы километр), Теректі ауданында орналасқан.

Ең ірі аудан – Ақжайық (25,2 мың шаршы километр).

Облыс Евразияның орталық бөлігінде, Қазақстанның солтүстік батысында орналасқан. Ресей Федерациясымен шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы 2423 километрді құрайды.

Аумақтың жер бедері жазық дала. Теңіз деңгейінің биіктігі облыстың солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай төмендейді. Аймақ жер бедері бойынша бірнешеге бөлінеді, соның ішінде – Жалпы сырт, Ембі үстірті, Каспий маңындағы ойпатты жерлер. Облыстың солтүстігінде және солтүстік шығысында Жалпы сырттың және Орал үстіртінің тау сілімдері бар. Оңтүстікте Каспий маңының ойпатты жерлерінің шегінде Нарынқұмның Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқа құм алаптары орналасқан.

Облыстың ең биік жері Ичка тауы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр.

Ауа-райы

Ауа-райы қатал континентальды. Барлық жыл бойына күшті желдер соғып тұрады, жазы құрғақ.

Орташа температурасы қаңтарда−14, ал шілдеде +25 ке дейін.

Жылдық жауын шашын көрсеткіші оңтүстік аймақта 250 мм, ал солтүстікте 400 мм ге дейін.

Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.

Халық

Облыс  халқының саны  - 626,4  мың адамды  құрайды.  Оның ішінде,  қала тұрғындары- 44,9%,  ауыл тұрғындары -55,1%.  

Облыста  2 қала, 12 әкімшілік аудан,  159  ауылдық округ,   4 кенттік округ,  746  ауылдық  елді мекен бар.  

Экономика

Облыс аумағында газ  және  газ конденсаты, мұнай, борат рудалары,   сланец,  калий-магний тұздары,  керамзит сазы,    құрылыс және  аллювиаль құмдары  сияқты  қазбалардың   кеніштері анықталған.  

Облыстың  экономикасы индустриялық-аграрлдық бағытта.   Өнеркәсіп саласында  мұнай және газ өндіретін,  мұнай өнімдерін өңдейтін  кәсіпорындар, машина жасау,  металлургия,  қорғаныс,   кен өндірісі,   тігін және тамақ  өнеркәсіптері  жұмыс істейді.    Облыс экономикасына осындай ірі кәсіпорындар қомақты үлес қосып отыр. 

Облыстың ауыл шаруашылығы астық өндіру және мал шаруашылық өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен қатар майлы және жарма дақылдары өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының негізі салалары ірі қара және қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы қосымша болып табылады.

Облыстығ  сыртқы сауда айналымы да  кеңейіп келеді.  Бүгінгі  таңда Батыс Қазақстан  облысы әлемнің 90 шақты елімен  ынтымақтастық орнатқан. Негізгі әріптестері -  Ресей,  Италия,  Франция,  АҚШ,  Ұлыбритания,  Финляндия  елдері. 2008  жылы облыстың   сыртқы  сауда айналымы  3 млрд. долларды шамалады. ең басты стратегиялық әріптес  - Ресей болып  қалуда,  көрші елмен   арадағы сауда айналымы (2008 жылы) 1 млрд.  астам долларды   құрап отыр, бұл жалпы сыртқы  сауда айналымының  48 пайызы.   2009  жылы   І жартыжылдығында сыртқы  сауда   айналымы 787,1 млн. долларды құрады.   Оның  ішінде экспорт үлесі - 38,3% (301,4 млн. доллар),  импорт үлесі  – 61,7% (485,7 млн. доллар).

Экспорттың құрамына  шикі мұнай мен газ конденсаты,  мұнай өнімдері,   мазут,  табиғи  газ кірсе, импортқа  -  қара металдан жасалған құбырлар,   мұнай өнімдері,   пневматикалық  резеңке   шиналар,  қазандықтар,   теміржол  вагондары,   жеңіл және  жүк  көліктері,  жиһаздар кіреді. 

Батыс Қазақстан облысы республиканың аграрлық өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Облыс экономикасы негізін, үлес салмағы ВРП көлемінде 55,1% ға жететін өндірістік өндіруші құрайды. 

Нақты экономика секторындағы ең көп үлес салмағын кен өңдіру саласы  90% алып отыр, өңдеу саласының үлесіне 7,7% дан келеді, электрмен жабдықтау, газ беру, булы және ауа салқындатқыш – 1,9%, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, жиынды бақылау және қалдықты тарату – 0,4%.

Азық түлік өнімдерін өндіру (33,5%), мұнай өнімдерін қайта өңдеу (25,9%), машина жасау (16,3%), металлургиялық өнеркәсіп (5,6%) облыстың өңдеу өндірісінің құрылымындағы ең көп үлес салмағын алып отыр.

Көлік

Облыста  халықтың  және облыстың шаруашылық субъектілерінің  сапалы қызметтерге  деген күн  санап артып отырған  сұраныстарын  қанағаттандыруға бағытталған  көлік  және коммуникацияның дамыған  жүйесі  жұмыс істейді.   Облыста  теміржол, автокөлік,  әуе және   өзен  қатынастары бар.  Облыстағы  тасымалдың  негізгі көлемі  автокөлі және  теміржол  көліктерімен  жасалады.

Облыстың  теміржол  қатынасында  Саратов  және  Ақтөбе арқылы «Батыс-Шығыс»  магистралі,  ал  облыстың батысында Саратов-Астрахань магистралі   қызмет көрсетеді.  Облыс аумағы арқылы өтетін  теміржолдың  жалпы  ұзындығы 465,7  шақырымды  құрайды.

Облыс аумағы арқылы 3 әуе   дәлізі өтеді. Түрлі халықаралық  әуе  жолдары бойынша  транзиттік қатынас іске асырылады. «Ақжол»  әуежайы – кедендік, шекара, санитарлық-карантиндік және  ветеринарлық  бақылау қызметтері бар  халықаралық  нысан. «Ақжол»  әуежайы  арқылы  Қазақстанның Астана,  Алматы,  Ақтау,  Атырау қалаларына,  жақын және  алыс  шетелдердің  бірқатар  қалаларына  ұшуға болады. 

Жайық  өзені  - облыстың  негізгі су жолы,  ол  облыстың  аумағын  солтүстігінен оңтүстігіне  қарай кесіп өтеді,  Каспий бассейні елдеріне су арқылы  шығуға  мүмкіндік береді.   ОралАтырау-Ақтау айлақтарының арасында  су қатынасы  жұмыс істейді.  Су арқылы  ағаштар,  минералдық-құрылыс материалдары,  құрғақ  жүктер,  металл  конструкциялары, контейнерлер,  жанар-жағармай материалдары  тасымалданады.  Рубежка селосынан  Атырау айлағынан  дейінгі  су жолының  ұзындығы 904 шақырымды  құрайды.

Облыс бойынша тас жолдардың  жалпы ұзындығы - 5235,35  шақырымды  құрайды (4701,9 шақырымы –  асфальт жол). Жолдардың  басым бөлігі  – 5217,55  шақырымы -  облыстық және  аудандық маңыздағы жолдар. 

Әлеуметтік сала

Облыстың әлеуметтік-мәдени саласы жақсы дамыған.  Облыста 435 мектеп жұмыс істейді, оның 432 - мемлекеттік білім ошақтары. Оған қоса, 50 оқу-консультациялық қосын, 111 балабақша, 34 «мектеп-балабақша» кешені, 89 шағын орталық жұмыс істейді. Мектептен тыс 50 мекеме балаларға қосымша білім берумен айналысады. Облыстың барлық дерлік мектептері Интернет желісіне қосылған. 

2 университет: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет бар. Тағы 32 оқу орны техникалық және кәсіптік білім беруімен айналысады, оның ішінде 22 мемлекеттік кәсіптік лицей, 16 колледж бар.

Денсаулық сақтау саласында 150 шақты мекеме жұмыс істейді, оның 80- мемлекеттік меншіктегі нысан болса, 67 - жекеменшік мекемелер.

Ал мәдениет нысандарының желісіне 2 театр, 269  мәдениет үйі және клубтар, 405 кітапхана, 6 кинотеатр, 9 мұражай, көрме залы, мәдениет және демалыс саябағы кіреді. Облыста Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, М.Бисенғалиевтің филармониялық оркестрі, Халық шығармашылығы орталығы, Тарих және археолдогия орталығы, Жастардың шығармашылық орталығы бар.

Ал облыс бойынша спорттық нысандардың саны 1553 бірлікті құрайды. Оған қоса, 23 балалар спорты мектебі, олимпиадалық резерв мектебі,  спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, «Ақжайық» спорт клубы, «Жайық» волейбол клубы жұмыс істейді. 

Өлке тарихынан

Орал облысы аумақтық бірлік ретінде 1867-1868 жылдары Ресей патшалығының Қазақстанды әкімшілік басқаруы жағдайында пайда болды. 

1219-1221 жылдары қазақ даласы Шыңғысханның басшылығымен монғол шапқыншылығына душар болды. Біздің облыс Алтын Орда мемлекетінің құрамдас бөлігі болды. XV ғасырда Алтын Орда бірнеше әкімшілік аумақтарға бөлінді. Орал облысында тұратын қазақтар Ноғай Орда құрамына кірді. Жүздердің қалыптасу барысында Батыс Қазақстан жерлерін мекендеген қазақтар Кіші жүздің өкілдерін құрады. 

Батыс Қазақстаннан бір кездері Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болатын. 

Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері қолданылып келеді, Патша үкіметі Е.Пугачев бастаған көтерілісті қатыгездікпен басқаннан кейін, шаруа көтерілісі кезіндегі көріністерді халық жадынан жойып жіберу үшін Екатерина Екіншінің әмірімен Яик өзенінің атауы Орал болып өзгертіліп, ал Яицк қалашығы Орал атауына ие болды. 

1833 жылы Орал өңіріне Пугачев көтерілісі туралы материалдар іздестіру мақсатымен ұлы орыс ақыны А.С.Пушкин келеді. 

1836-1837 жылдар тарихқа Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісімен енді. Жәңгір хан патша өкіметінен көмек сұрады. Казактардың жазалаушы отрядтары көтеріліске шыққандарды аяусыз жазалады. Бір ұрыс кезінде Исатай Тайманов өліп, көптеген жігіттер әскерилердің қолына түсіп, Калмыков түрмесіне қамалады. Көтерілістің рухани көсемі, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы жылдары ол Оралға үш рет келіп кетеді.

1880 жыл Орал және Орынбор арасында халық қозғалысының басталуымен айқындалады. 1894 жылы Орал мен Саратов арасында тар табанды темір жол салынады. Бұл өз кезегінде сауда айналымының жандануына ықпал етіп, Ойыл, Темір және Орда ірі жәрмеңкелері пайда болады. 

XX ғасырдың басында Орал ірі сауда орталығына айналды. 

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ