Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Атырау

Жалпы мәлімет

Атырау облысы Атырау облысы республиканың батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған (1992 жылға дейін Гурьев облысы деп аталған) 
 
Әкімшілік орталығы: Атырау қаласы.

Шектеседі: Батыс Қазақстан облысымен, Маңғыстау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен.

Облыстың аумағы 118,6 мың шаршы км.тең. Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін Гурьев қаласы), ол Орал өзенінде орналасқан және 1640 жылы негізін салған.
Облыстың халқы 2009 жылға 1 желтоқсанға 512,5 мың адамды құраған, соның ішінде қала халқы - 251,3 мың адам. ауыл халқы 261,2 мың адам. облыс халқының саны 2009 жылдың басындағы санмен салыстырғанда 10,9 мың адамға өскенн (2,1%-ға)

Атыраудан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км. халықтың тығыздығы облыс бойынша орташа 4,3 адамды құрайды (1 шаршы км.аумаққа).

Облыста 7 аудан, 2 қала, 2 кент және 174 ауылдық елді мекен бар.

Аудандар:

Жылыой ауданы. Аудан 1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың ш.км. Орталығы - Құлсары поселкесі, ол 1939 жылы құрылған. 


Индер ауданы - 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды.

Исатай ауданы. Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды. Орталығы  Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы қаланды.  

Қызылқоға ауданы. Аудан 1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың ш.км жерді алады. Орталығы Миялы селосында орналасқан, негізі 1959 жылы қаланды.

Құрманғазы ауданы - 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі - 20,8 мың ш.км. Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793 жылы құрылды.  Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы 260 км. Ауданда 19 селолық

Мақат ауданы1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың ш.км. жерді қамтиды. Аудан орталығы Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі 1924 жылы құрылды.

Махамбет ауданы 1938 жылы құрылды. Аудан жері 9,6 мың ш.км.. Аудан орталығы Махамбет селосында орналасқан, оның негізі 1928 жылы құрылды.  

Мұнай

Сонау 1899  жылы  қазіргі Атырау облысының аумағында алғашқы мұнай фонтаны атқылады.Бүгінде  онда  шамамен 25  кенішті  қамтитын мұнай және  газ жобалары  іске асырылуда.   Болжамдық  есептер мен облыстың даму стратегиясы  негізінде,  2030 жылға қарай  облыстағы мұнай өндірісі  74-75 млн.  тоннаға  жететін болады. Әлем сарапшылары  бұл өңірді  мұнайлы қазына өлкесі деп атап,  болжалған 10-15  млрд тонна  мұнай  мен  4,3  трлн  текшеметр  газдың  табиғи қорына лайықты  баға беріп отыр. 

Қазіргі таңда облыста  бірнеше  үлкен жоба іске асырылуда.  Олар  Теңіз  кенішін  және  Қашаған  қайраңын игерумен  байланысты.   Осы мақсатта  2007-2012  жылдарды қамтыған  екі  серпімді жоба  жасалған еді.  Оның біреуі  әлемдік  нарықта  бәсекелестік  туғызуға қабілетті  полиэтилен және  полипропилен өндіру жөніндегі  ықпалдасқан заманауи  мұнай-газ  кешенінің   құрылысы  болса,  екінші жоба  -  Атырау мұнай өңдеу зауытының базасынжа бензол және  хош иісті  көміртек өнімдерін өндіру кешенінің  құрылысы.

Мұнай құбыры

Доссор-Ракуша-Каспий бағыты бойынша Қазақстанның батысындағы  бірінші құбыр   сонау  ХХ ғасырдың басында   тартылған және оның  ұзындығы 154  шақырым болған. 1934 жылы  зындығы 830 шақырымды  Каспий-Орск  мұнай құбыры, 1966 жылы – 141 шақырымдық  Өзен-Жетібай-Ақтау  құбыры  іске қосылды.  1970 жылы  ұзындығы 1500  шақырымды  құрайтын және әлемдегі «ыстық» құбырлардың бірі: Өзен-Атырау-Самара  құбыры  пайдалануға берілді.  «Ыстық» құбыр деп аталу себебі,  ондағы  мұнай белгілі бір аралықта арнайы  жабдықтың көмегімен керекті  температураға дейін қыздырылып,  сұйытылады.   1989  жылы  678 шақырымдық  Теңіз-Атырау-Грозный құбыры  учаскесі салынды.  Қазақстандық мұнайды әлемдік  нарыққа шығару үшін  жаңа ғасырыдң бас  кезінде КТК  консорциумы  жылдық өткізу қуаты 67 млн.  тоннаны  құрайтын  Теңіз-Новоресей  құбыры  іске  қосылды.  Әлемдік нарыққа  өңір мұнайын жеткізудің  басқа да бағыттары зерттелуде. 

Табиғат

Облыс Каспий маңындағы жазықтар , солтүстік - батысында Еділ және оңтүстік - шығысында Үстірт арасында Каспий теңізінен солтүстіктен шығысқа орналасқан.

Жер беті жазық, солтүстігінде кішігірім таулары бар (Индер).

Климаты күрт континенталды, аса құрғақ, жазы ыстық және қысы орташа суық.

Каспий теңізінің оюлысқа тиіп жатқан бөлігінің тереңдігі 50 метрден аз. Жағалаудағы сызығы аз кесілген, кішігірім құмды шығанақ және жағалау маңындағы аралдар кездеседі.

Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы - батпақтанған қамыс жолақ Орал және Ембі жайылмаларында кішігірім ағаш - бұталы өскіндер (тоғайлар) созылып жатыр. облыс аумағының 1-ден аз % -ын ормандар мен бұталар алып жатыр.

Көптеген жабайы жануарлар сақталған: жыртқыштар (қасқыр, түлкі - қарсақ) кеміргіштер (саршұнақтар, қосаяқтар, қояндар, ор қоян және толай), тұяқтылар (қабан), киік (дуадақ, безгелдек, дала бүркіті)

Атырау облысы батысында Ресейдің Астрахань облысымен, солтүстігінде және солтүстік - шығысында батыс - қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі.

Халық

Облыс халқының саны 520 мың адамы. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды.

Қала тұрғындарының саны 296,9 мың (57,1%) адам, ауылдықтар-  223,1  мың (42,9%) адам. Облыстың ұлттық құрамы  төмендегіше: қазақтар — 90,9%, орыстар — 6,9%,татарлар — 054%,  украиндар — 0,3%, немістер — 0,1%, беларустар — 0,1% және басқалар — 1,2% құрады.

Экономика

Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына  бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты.

Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық  пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында  көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің  дамуына  жағдай жасайды.

Қазіргі таңда  облыс экономикасы  «Қазақстан-2050»  стратегиясына және  индустриялық-инновациялық  даму бағдарламасына сәйкес дамуда. Өңірде  50 шақты  ірі өнеркәсіптік  кәсіпорын жұмыс істейді,  олардың  қатарында Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау химия зауыты,  мұнай өңдеуші  -«Ембімұнайгаз», «Теңізмұнай» компаниялары; балық өндірумен және өңдеумен  айналысатын –  «Атыраубалық», «Шортанбай»  компаниялары; борат рудасын өндіретін – «Дендер» өндірістік бірлестігі; мұнай кәсібі  жабдықтары мен қосалқы бөлшектерін өндірумен айналысатын  «Заман-Нефтемаш» ЖШС бар.

Нарықтық инфрақұрылым  институттары да дамуда. Тауарлы биржа жұмыс істейді,  аудиторлық,  консалтингілік,  сақтандыру фирмаларының,  маркетингілік желілер мен  кәсіпкерлік қауымдастықтардың  жүйесі жетілдірілуде.  Банк мекемелерінің желісі  нығайтылуда. 

Көлік

2010 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2009 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм. Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салада, атап айтқанда,  денсаулық сақтау,  білім және  мәдениет саласында үлкен өзгерістер  орын алуда.  Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында  40  астам  емдеу-профилактикалық  жұмыс істейді.

Атырау қаласында және  облыста  200-дей мектеп және 100 колледж, 3 жоғары  оқу орны,  оның ішінде  Атырау  мұнай және газ институты,  Х.Досмұхамедов атындағы  мемлекеттік  университеті  жұмыс істейді.

Облыс және қала тұрғындарының мәдени-рухани дамуына М.Өтемісов атындағы облыстық драма театры, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Д.Нұрпейісова және Құрманғазы Сағырбаев атындағы Мәдениет сарайлары, Д.Нұрпейісова атындағы Ұлттық аспаптар оркестрі, «Атырау-Жайық», «Нарын» фольклорлық және басқа да ансамбльдер өз үлестерін қосып, шеберліктерімен көрініп жүр. Облыстық тарихи өлкетану және өнер мұражайларының да ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттауда еңбектері зор. Жаңа экспозициялар, көрмелер ұйымдастырып көрермендер көңілінен шығуда. Қала тұрғындарына әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыздандыруда «Өнерпаз» тұрмыстық және «Маржан» сән үйлері, «Дина», «Насиха», «Сауран», «Көктем», «Мерей» және т.б. сауда орталықтары қызметтерін көрсетуде.

Өлке тарихынан

Атырау облысында   1 мыңнан  астам  тарихи, археология, сәулет және ежелгі  монументальдық өнер   ескерткіштері тіркелген.   Дереккөздерге сүйенсек,  бұл  өңір  осыдан 10 мың жыл бұрын,  сонау неолит дәуірінде игеріле бастаған.   Ежелгі қоныстардың  орындарында көптеген тас бұйымдар мен  қыш ыдыстар сақталған.  

Б.д.д.  IV ғасырдың соңы мен -  III  мыңжылдықтың басында    Каспийдің  солтүстік  жағалауында қолға үйретілген мал шаруашылығы  пайда болды.  Облыс бойынша   байырғы малшылар  қолданған  тұрақтардың орындары  әлі  де  бар.   Мал шаруашылығы  кешеге дейін    халықытң негізгі   кәсібі болып келді.   Қола  және   темір  дәуірлерінде қолөнер  кәсібі  дамыды.  Соның  дәлелдері болатын   жәдігерлер   жиі табылады.  

Ең алғашқы  жазба дерек көздеріне сүйенсек,  Каспий жағалауында   осыдан 2,5 мыңдай жыл бұрын   сармат тайпалары  мекен  еткен.   Одан  кейін ғұндар, мажарлар,  одан бері Батыс түркі қағандығы, Бұлғар қағандығы, Хазар қағандығы, Оғыз мемлекеті, Қыпшақ одағы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы, Бөкей хандығы осы өңірді мекен еткен. 

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы  осы  өңірде орналасқан.

Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІУ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп жазған. Сарай-жук –монғолша кіші Сарай деген мағнаны білдіреді.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада). Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының тұңғыш астанасы болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ