Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Ақтау

Жалпы мәлімет

Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік- батысындағы бұрын Маңғышлақ деп аталған облыс.

1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы облыс таратылды, 1990 жылы Маңғыстау аты беріліп, қайта қалпына келтірілді. Облыс солтүстік – шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде – Түркіменстан және шығысында Өзбекстанмен шекараласады. Ішкі шекарасының ұзындығы 319 километрді, сыртқы шекарасы – 1173 километрді, оның ішінде теңіз бойынша – 810 километрді құрайды.

Облыс орталығы – Ақтау қаласының 1963 жылы негізі қаланған, Каспий теңізі жағасында орналасқан және Қазақстанның «теңіз қақпасы» болып саналады.

Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік аудан, мұнда Қазақстан мұнайының 25 % өндіріледі. Маңғыстау облысы аумағында Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау қаласы орналасқан.

Табиғат

Аймақтың жер бедері әртүрлі. Солтүстік жартысын Каспий маңы ойпаты, орталық бөлігін Маңғыстау жарты аралы және ТМД елдеріндегі ең терең ойпат Қарақия алып жатыр. Оңтүстік – батысында Кендірлі – Қаясан үстірті, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты бар. Облыстың шығысын Үстірт жотасы алып жатыр. Ауа-райы қатал континентті. Қаңтар айының орташа температурасы – 3 С, шілде айында + 26 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 150 миллиметрге дейін.

Аймақтың басым бөлігін тұзды шөлдер құрайды: жер бедері жарым-жартылай сазды, тақыр сортаңдармен және аса сирек өсімділігі бар топырақпен жабылған.

Халық

2011 жылдың басында облыста 524.2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 275,8 мың немесе 52,8%, ауыл халқы – 248,3 мың адам (47,4%). 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға немесе 34,2% өсті.

Экономика

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 

Өңірде «Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация», «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Ақтау порты», «Казмортрансфлот», «Қаражанбасмұнайгаз», «Қарақұдықмұнай», «Бозашы», «Каспий меруерті оперейтинг», «Н оперейтинг», «Құрманғазы Петролеум», «Хазар», «Ерсай», «МАЭК», «КазАзот», «Keppel Kazakhstan», «Теңіз сервис» сияқты ірі компаниялар  жұмыс істейді. 

Облыс экономикасының негізгі көлемін аймақта өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемнің 90 %-дан астамын алатын мұнай газ өнеркәсібі құрайды. Мұнайдың аса бай қорлары Маңғыстауды отандық және шетелдік ірі компаниялардың өндіріс ошағына айналдырды.

Облыс экспортқа көмірсутегі шикізатын жеткізіп берушілердің бірі болып саналады. Мұнайды негізгі экспорттаушылар – «Өзенмұнайгаз» ПФ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражамбасмұнай» АҚ, «Арман» ЖШШ БК, «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ. Мұнай негізінен Швейцарияға, Виргин аралдарына, Италияға, Ұлыбританияғы, Гибралтар, Багам аралдарына жіберіледі.

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр.

Көлік

Облыс  қуатты көлік-логистикалық және сервистік әлеуетке ие, себебі  ол  Каспий өңірінің  коммуникациялық жүйесіне кіретін шекаралас  облыс.  Оның аумағы арқылы  «Солтүстік-Оңтүстік»  және  «ТРАСЕКА»  халықаралық  көлік дәліздері өтеді,  теңіз,  әуе,  теміржол және  автожолдарының транзиттік  мүмкіндіктері зор.  Облыс аумағында  2915 шақырымдай  тас жол  болса, оның 1033 шақырым – республикалық  маңыздағы  жолдар.

Республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен ауыз толтырып айтарлық – 6,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 еседей артық.

«Форт-Шевченко-Таушық» және «Қызылсай-Шопан ата-Оғыланды» көлік жолдарының құрылысы, «Ақтау-Қаламқас», «Таушық-Шетпе» және «Ақтау-Құрық» автожолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.  «Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті.

«Жыңғылды-Шайыр», «Қияқты-Тұщықұдық» автожолдарының құрылысы мен «Ақтау-Форт-Шевченко» көлік жолын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүруде.

Әлеуметтік сала

Облыста әлеуметтік-мәдени даму бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.  Білім саласында  122  білім ошағы  жұмыс істейді,  оның 177 -  жалпы білім беретін мектеп,  төртеуі – мамандандырылған (коррекциялық)  мектеп-балабақша,  біреуі -  мектеп-интернат.  Оған қоса,  60-тан  астам  балабақша, 3 жекеменшік мектеп  бар.  

Бастапқы және орта кәсіптік білім жүйесінде  5 мемлекеттік кәсіптік лицей мен  мектеп,  22 колледж,  3  жоғары оқу орны  жұмыс істейді.

Денсаулық саласына келетін болсақ,  14 мемлекеттік медициналық мекеме  мен 36 мемлекеттік кәсіпорын бар,  оның ішінде 20  дәрігерлік амбулатория,  6  алғашқы медицина-санитарлық көмек  көрсету  орталығы,  20 шақты медициналық қосындар бар. 

Мәдениет саласында  137  мемлекеттік  мекеме жұмыс істейді,  олардың қатарында  5 мұражай,  64  кітапхана,  35 клуб,  8 кинотеатр мен киноқондырғы,  2 жекеменшік  кинотеатры,  2 театр,  филармония,  19 халық ұжымы,  Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы,  «Отпан-Тау» мемориалдық кешені  бар.

Дене шынықтыру мен спортқа да  үлкен назар  аударылып келеді.  Облыстағы спорттық нысандардың саны 400-ден  астам: 14 спорт мектебі, 10 спорт  клубы  21 спорттық  федерациясы  жұмыс істейді.

Өлке тарихынан

Маңғыстау жері – бұл мемлекеттік қорғау астына алынған 11 мыңнан астам тарихи ескерткіштері ашық аспан астындағы мұражай, ежелгі өркениет аймағы, арехологиялық қорық, мыңдаған қабырға поэма-суреттері, Қазақстаннан ғана емес, Түркіменстан мен Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан көптеген қажылар келіп жататын Масат-Атау, Шопан-Ата, Шақпақ – ата, Бекет – ата мешіттері мен бірегей құрылыстар бар.

Аңыздар бойынша Маңғыстауда 362 киелі әулиелердің қабірлері орналасқан. Табиғи ортасындағы жер бедерінің басқалардан өзгешелігі және Каспий теңізінің жақындығы аймақта туризмді дамытудың келешегінің бар екендігін көрсетеді.

Ежелгі қабірлер, кесенелер, орта ғасырлық жер асты мешіттері, ежелгі қоныстардың қалдықтары ерекше әсер қалдырады. Сәулетті кесенелері мен ежелгі қабірлер бұл өлкеге ерекше сән береді. 

Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдадтан Еділ Бұлғариясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыз еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой аударндарының аралығында болған. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген.

Ұлы жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазардан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған.

Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясынақосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын.

1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды.

1920 жылдың шілдесінде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды. Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлкеҚазақ АКСР-інің құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930-81 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді.

1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ