Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Ақтөбе

Жалпы мәлімет

Ақтөбе облысы (қаз. Ақтөбе облысы) — қазіргі шекарасында 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 (Қазақстан Республикасы аумағының 11%, Қарағанды облысынан кейінгі көлемі жағынан екінші аймақ). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:

  • батысында – Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарымен;
  • шығысында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен;
  • солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
  • оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасы Қарақалпақ автономиялы облысымен шекаралас.

Облыс орталығы – Ақтөбе қ, Астана қ, қашықтығы  - 1 678 км. Қала 1869 жылы Қарғалы мен Елек өзендерінің құятын сағасында төбенің етегінде (осыдан оның  - «ақ төбе» атауы шыққан) салынған. 2010 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша  (статистиканың соңғы мәліметтері)  Ақтөбе облысының халқы 719,5 мың адамды құрайды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданға, 141 селолық (ауылдық) окургке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала және 410 ауыл (село) орналасқан.

Аудандары:
- Алға ауданы — Алға қаласы
- Әйтекеби ауданы— Комсомол селосы
- Байғанин ауданы— Қарауылкелді селосы (Бұрынғы Байғанин)
- Қарғалы ауданы — Бадамша  селосы (бұрынғы Батамшин)
- Қобда ауданы — Қобда ауылы (бұрынғы. Новоалексеевка)
- Мәртөк ауданы — Мәртөк селосы
- Мұғалжар ауданы  — Қандыағаш қаласы
- Ойыл ауданы — Ойыл селосы
- Темір ауданы — Шұбарқұдық қаласы
- Хромтау ауданы — Хромтау қаласы
- Шалқар ауданы — Шалқар қаласы
- Ырғыз ауданы — Ырғыз селосы


Табиғат

Жер бедері - жазық, облыс аумағының ауқымды бөлігі – төбе-бөктерлі жазықтық. Солтүстігінде Орал тауларының оңжақ сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларының шөгінділері (657 м). Батыс бөлігін  Каспий өңірінен оңтүстік батысқа қарай созылған Урал үстірті алып жатыр. Оңтүстік шығысында – тұтасқан жал-жал құмдар: Арал өңірі Қарақұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық. Солтүстік шығысында  – Торғай үстірті.

Облыстың солтүстігі орман жазықтығы, ауқымды бетегелі ақселеу мен жусанды кеңістікті  сары дала. Сондай-ақ, оңтүстігіне қарай жапырақты қарағай мен шоқ қайыңнан бастап  тобылғы мен сексеуілге дейін өсетін жартылай елсіз  кең алқап.

Облыстың солтүстік батыс бөлігі – сортаңды ақтаңдақтарымен қоңыр қошқыл топырақты бетеге, боз, жусан өсетін жазық.

Оралық және солтүстік шығыс бөлігін ақшыл сарғылт және сұр түсті топырақты дәнді алқап алып жатыр. 

Оңтүстігі күн сәулесі төгілген жусан иісті қоңыр топырақты тұзды құмдар мен ақ сор жапқан шөл дала.

Аймақтағы ауа райы континеттік құбылмалы. Қаңтар айындағы температура -15 -16 Со  құраса, мауымда  +22-тен +25 Со дейін жетеді.  Шауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 125-350 мм.

Ақтөбе облысының басты өзендері Сағыз (510 км), Қобда, Ембі (712 км), Ұлқаяқ (349 км), Елек (623 км) болып табылады.  Сондай-ақ, облысы аумағында ірі Торғай (825 км), Ойыл (800 км), Жем (712 км), Ырғыз (593 км), Ор (314 км) өзендері ағады. Торғайдан басқа, аймақтағы барлық үлкен өзендер бастауын Ақтөбе облысының орталығындағы Мұғалжар тауының қайнарынан алады. Негізінен өзендер жыл бойғы 75-95% жоғалтқан арнасын көктемгі қар суымен толықтырады. 

Ақтөбе облысында  1 700-ден аса көл бар. Олардың 227-сі 1 км2 астам аумаққа орналасқан. Ең ірі көлдердің (Жаркөл, Байтақкөл, Құрдым, тағы басқалар.) 10-нан  45 км2  дейін айдыны бар.  Көлдердің көбінің сулары тұщшы немесе татымды минеральды болып келеді.  Шағын өзендердің орташа тереңдігі  0,7-1,2 м, үлкендері  - 4 м  дейін жетеді.

Аймақта тұщы жер асты суы мен минеральды су қорларының мөлшері жеткілікті. Су қорларының жоғарғы бөлігі орташа көпжылдық су сақталуы бойынша 3 610 млн. м3 суды,  жерасты су қорлары  - 653 млн. м3 суды құрайды.

Халық

Халық саны 723, 7 мың адамды құрайды. Оның ішінде, қала тұрғындары - 44% құрайды. Қалған 56 пайызы – ауыл тұрғындары. 

Экономика

Ақтөбе – батыс Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Ферроқорытпа, хром қосындылары, ауылшаруашылық машина жасау зауыттары, рентген аппаратура және т.б. Химиялық өнеркәсіп, Жеңіл, тамақ өндірісі.Әсіресе ликёр-арақ өнімдерін өндіру дамыған.

Ақтөбе облысы бірегей минералдық-шикізат базасына ие.  Еліміздегі барланған минералдық-шикізат қорының 10 пайызға жуығы  және  көміртек шикізаты табиғи ресурстарының  (мұнай,  газ,  газ конденсаты) 30 пайызы,  отандық хромның барлық қоры, никелдің  55 пайызы,  титанның 40 пайызы,  фосфориттің  34 пайызы,  мырыштың  4,78 пайызы,  мысытың 3,6 пайызы,  алюминийдің 2 пайызы,  көмірдің 1,4 пайызы  осы  облыстың аумағында  шоғырланған. 

Облыс хромит рудаларының қоры бойынша әлемде бірінші  орын алса,  мысы  рудасы мен  мұнайдың өнеркәсіптік  қоры бойынша  Қазақстанда – үшінші  орынды,  газ қоры бойынша  - 4 орынды алады. 

Облыстың және қаланың ең ірі экспортқа бағытталған өндірістік кәсіпорындары:

«CNPC-Актөбемұнайгаз» АҚ;

«ТНК-Казхром», — (Eurasian Natural Resources Corporation) Ақтөбе ферроқорытпазауытыАҚ;

«Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ;

«406-ГА Авиажөндеу зауыты» АҚ;

«Актөберентген» АҚ.

Ақтөбе облысында ірі эксплуатацияланатын және эксплуатацияланбайтын мұнай және газ кен орындары бар, ал Жаңажол ауданында газ-турбиналық электростанция жұмыс істеп тұр.

Көлік

Қазіргі заманғы технологияларға  негізделген  коммуникация және  байланыс жүйесі дамып келеді.  Автокөлік тасымалдары маңызды рольге ие.  Облыстағы автожолдардың  жалпы ұзындығы  5 977, 7 шақырымды құрайды,  оның 1872 шақырымы -  республикалық маңыздағы жолдар,  4105,7 шақырымы -  облыстық және  аудандық  маңыздағы жолдар.

Хромтау-Алтынсарин, Жаңажол-Жел теміржол желілерінің  құрылысы  теміржол  тасымалының өсуіне  себеп болып  отыр.  Ішкі және сыртқы бағыттар бойынша авиациялық тасымал да артып  отыр.  Ақтөбе  әуежайында  жүргізілген жаңарту жұмыстары  жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыруға  мүмкіндік берді.  Байланыс және  пошта қызметінің барлық түрлері  жетілдірілуде. 

Әлеуметтік сала

Ақтөбе қаласы – Қазақстанның батыс өңіріндегі ең ірі мәдени, білім және ғылым орталығы. Ақтөбеде бүкіл еліміздің мақтанышы болып отырған 8 жоғарғы оқу орындары мен 24 колледжі және 16 лицей бар. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясы, Қазақстанда жалғыз Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және тағы басқа жоғары оқу орындары облыс экономикасының әртүрлі салаларына мамандар даярлайды.

470 астам мемлекеттік күндізгі, 3 кешкі, 5 мемлекеттік емес мектеп жұмыс істейді. 40 шақты қосымша білім беру нысаны тағы бар. 9 арнайы мектеп-интернат мен мектеп-балабақшаның және кабинеттердің базасында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыстар жүргізіледі. Оған қоса облыста балабақшалардың базаларында ұйымдастырылған 22 коррекциялық топ жұмыс істейді. 160 балабақша, 192 шағын орталық бар. 16

Мемлекеттік, жекеменшік және ведомстволық клиникаларды, 53 аурухана мен 209 амбулаторлық-емханалар желісін қамтитын денсаулық сақтау жүйесі де белсенді дамуда.

Облыста сондай-ақ, 456 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 250 астам кітапхана, 187 клуб, 16 мұражай, 4 саябақ, 2 кинотеатр, 3 кәсіби театр (Облыстық драма театры, «Екі езу» театры, «Алақай» қуыршақтар театры), Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, Халық шығармашылығы облыстық үйі, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Тарих, этнография және археология орталығы, «Қобландыә мемориалдық кешені бар.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға да үлкен назар аударылып отыр, 1400 шақты спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде, 25 балалар спорт мектебі бар. Спорттың 65 түрі насихатталады, оның бесеуі - ұлттық спорт түрлері. Бірегей туризм нысандары облыстың туристік нарығының әлеуетін құрады. 

Өлке тарихынан

Республиканың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы солтүстігінде - Ресей федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында – Атырау және Батыс Қазақстан, оңтүстік-шығысында – Қостанай, оңтүстік шығысында Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр.

Жер көлемі - 300,6 шаршы км құрайтын Ақтөбе облысы мемлекет аумағының 11% құрап, басқа облыстардың ішінен (Қарағанды облысынан кейінгі) екінші орында. Облыстың әкімішілік құрамына орталығы – Ақтөбе қаласы, 12 аудан және 4 шағын қалалар кіреді. Облыстың халық (01.01.2012ж) саны - 791,5 мың адамды құрайды.

Бірегей георграфиялық орналасуы және табиғи – климаттық жағдайына орай облыс Қазақстан бойынша алдыңғы дамыған аймаққа жатады. Ақтөбе облысы - өте жомарт аймақ, әр ауданы өз табиғи ресурстарымен бай. Облыстың Оңтүстік мүйісі шөл көрінісін беретін Арал жағалауына шығады.

Оңтүстік-батысында облыс Каспий маңындағы негізгі мұнайлы белдеуімен шектеседі. Облыстың солтүстік – шығысы бидай өнімдерін өндіруге өте тиімді далалық жерлермен шектеседі. Оңтүстік-шығысында өзен жүйесімен, балығы мол, сирек кездесетін жануарлар дүниесі және өсімдік әлеміне бай Торғай қорығы орналасқан.

Орал тауының оңтүстік етегінде орналасқан Мұғалжар таулары көптеген қазба байлықтарға оның ішінде хром, мыс, никель, марганец, алтын, кобальт және түсті және түссіз металдарға бай..

Арал мен Каспий теңіздеріне құятын Елек, Ойыл, Ырғыз, Қобда өзендерінің сағасы көшпелі халықтың дәстүрлі керуен жолдарының шырайы болған. Сол кездегі Қазақ хандығы немесе Ақ Орданың құрамына қазіргі Ақтөбе облысының аумағы да кірді.

ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ Хандығы Жоңғарлардың және олардың жақтастарының шабуылына ұшырады. Сонда Әбілқайыр хан бытырап жатқан жасақты қол астына біріктіріп, күшті әскер құрып, 1728 жылы Аңырақай шайқасында жоңғарларға ойсырата соққы берді.

ХVІІІ ғасырдың басында Кіші жүз хандығының билері, батырлары және сұлтандары Әбілқайыр ханның ұсынысымен Ресей ханшайымы Анна Иоанновнаға әскери-саяси одақ құру жөнінде хат жолдайды. Бұл шарасыздан жасалған шешім болғанымен де, бірақ осы тарихи кезеңде екі жаққа да тиімді саяси қадам болды.

Ақтөбе облысы Бүкілодақтық коммунистік партиясының (БКП) Орталық комитетінің (б) 1932 жылғы 10 наурызындағы «Қазақстанда облыстарды құру туралы» қаулысымен құрылды. Облыстың құрамына 28 аудан кірді. Облыс халқы 757,4 мың адамды құрады. Оның ішінде 400,4- мың қазақтар болса, 81,4 мыңы - қала тұрғындары, ал қалған 676 мыңын ауыл тұрғындары. Жалпы облыс аумағы 552089 шаршы км құрады.

Облыс экономикасының жедел дамуы соғыс уақытында КСРО-дан көшіріліп алып келген кәсіпорындардың құрылысымен байланысты. 20-ға жуық кәсіпорын облыс аумағында орын тепті.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргін кезеңінде репрессия құрбандарының өкілдері Ақтөбе облысына Кавказ, Ресейдің еуропалық бөлігі және Қиыр Шығыс елді мекендерінен әртүрлі ұлт өкілдері көшірілсе, ал Ұлы Отан Соғысы кезінде майдан даласынан көшірілген мыңдаған отбасылардың тұрақты мекеніне айналды. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде облыстың аумағына бұрынғы КСРО-ның түкпір-түкпірінен он мыңдаған тың еңбеккерлері қоныстандырылды.

Ақтөбе қаласы үшін 70 – 80 жылдары әлеуметтік-мәдени тұрақтылық кезеңі болып табылды. Облысымызда теміржол вокзалы, аэропорт, мәдениет және спорт нысандары сонымен қатар жаңадан шағын мөлтек аудандарының құрылыстары үлкен қарқынмен жүргізілді.

Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғаннан кейін, дамудың өзіндік жолын таңдады. Облыс экономикасының басты өндірістік секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ