Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Қостанай

Жалпы мәлімет

Қостанай облысы - Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы негізі қаланған. Оның аумағы 2010 жылдың қаңтар айында 196 мың шаршы километрді құрайды ( Қазақстанның жер көлемінің 7,7% ), халқының саны – 886,3 мың адам ( республика халқының 5,6%).

Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы құрылған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. 2009 жылдың 1 қазанына дейін қалада 212,8 мың адам, немесе облыстың барлық халқының 24% тұрған. Халықтың тығыздығы – бір шаршы метрге 4,5 адамнан келеді. Халық аса тығыз орналасқан қалалар - Қостанай, Рудный және Лисаковск, аз орналасқандар — облыстың оңтүстік аудандары, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,4- тен 0,8 адамға дейін құрайды.

Облыс Қазақстан Республикасының төрт облысымен ( Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябинск, Қорған) шекараласады.

Аудандар:

Қостанай облысының Алтынсары ауданы
Қостанай облысының Амангелді ауданы
Қостанай облысының Әулиекөл ауданы
Қостанай облысының Денисов ауданы
Қостанай облысының Жангелді ауданы
Қостанай облысының Жетіқара ауданы
Қостанай облысының Қамысты ауданы
Қостанай облысының Қарабалық ауданы
Қостанай облысының Қарасу ауданы
Қостанай облысының Қостанай ауданы
Қостанай облысының Меңдіқара ауданы
Қостанай облысының Наурызым ауданы
Қостанай облысының Сарыкөл ауданы
Қостанай облысының Таранов ауданы
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы
Қостанай облысының Федоров ауданы

Табиғат

Облыс аумағы жазық далалы жер бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс – Сібір ойпатының оңтүстік- шығыс шеті, оның оңтүстігіне қарай Торғай үстірті; облыстың батысын- бұйратты жазық далалы Орал сырты үстірті орналасқан, оңтүстік-шығысын- Сарыарқа тау сілемдері алып жатыр. Облыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай Торғай жыра өзектері кесіп өтеді. Торғай үстіртінің орталық бөлігінде батыстан шығысқа қарай Сыпсыңағаш жыра өзектері өтеді.

Облыстың солтүстік бөлігінде қызыл қамысты- әртүрлі шөптесін өсімдікті, қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қарағайлы орманды қара топырақтар (Арақарағай, Аманқарағай);Орталық бөлігінде - тікенді-қызыл қамысты шөптесін өсімдікті, негізінде осы аттас қорық ұйымдастырылған, Наурызымқарағай қарағайлы ормандары бар сарғылт топырақтар; оңтүстік бөлігінде- бетегелі-қамысты және жусанды өсімдікті сарғылт топырақтар мен сұрғылт жерлер басым.

Ауа-райы

Қатал континентті, қысы ұзақ,қатал, жазы ыстық, құрғақ (әсіресе оңтүстік бөлігінде ). Қаңтар айының орташа температурасы -18 -190С, шілдеде- +19+220С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм және 240-280 мм. Өсіп өну кезеңі солтүстікте 150-175 тәулік және оңтүстікте 180 тәулік.

Табиғи ресурстары

Облыстың жер қойнауы: магнетитті және оолитті темір кендері, бокситтер, қоңыр көмір, асбест, отқа берік және кірпіш саз балшықтары, флюсті және цементті әк тас, шыны жасайтын құм, құрылыс тастары және т.б. пайдалы қазбаларға бай. Магнетитті кендер мен қоқыр темір кендерінің жиынтық қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың 400-ге жуық кен орындары, оның ішінде – 68 жер асты сулары, 19 боксит, 7 алтын, бір-бірден күміс пен никель кен орындары барланған.

Жануарлары мен өсімдіктері

Өзендер жүйесі сирек. Облыс көлемінде 300-ге жуық ұсақ өзендер бар. Ең ірілері - салаларымен Тобыл (облыс көлемінде 800 км) және Торғай (390км) өзендері. Тобыл өзенінде Жоғарғы Тобыл, Қаратамар және Амангелді су қоймалары орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көлдер бар, ішіндегі ірілері: Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Өсімдіктері әртүрлі шөптердің далалық түрлерімен және әсіресе солтүстік бөлігінде соған сәйкес жер бедерімен ерекшеленеді. Облыс көлеміндегі орман алқаптарының көлемі- 274,1 мың гектарды, орманмен жабылған-215,1 гектарды құрайды. Жануарлар әлемі 334 түрмен көрсетілген, оның ішінде сүт қоректілердің 44 түрі, құстардың 261-түрі, су қоймаларында балықтың 23 түрі мекендейді.

Аймақта 107 аң аулау шаруашылықтары бар.

Облыс көлемінде 354,4 мың га ерекше қорғалатын табиғат аймақтары бар, оған Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) тапсырыс пен 9 мемлекеттік табиғи ескерткіштер жатады.

Халық

Облыс  халқының саны 894,2  мыңнан  астам адамды құрайды. Олардың ішінде: 34,9% - қазақтар,  41,2% - орыстар,  11,9% - украиндықтар, 3,8% - немістер,  8,2 %  - өзге ұлт өкілдері.  Облыста 5 қала,  16 аудан бар. 

Экономика

Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу -неркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді.

Қостанай облысының  жер  қойнауы  прайдалы қазбаларға бай. Онда магнетитті және оолитті темір кендері, бокситтер, қоңыр көмір, асбест, отқа берік және кірпіш саз балшықтары, флюсті және цементті әк тас, шыны жасайтын құм, құрылыс тастары және т.б. пайдалы қазбалар бар.  Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың 400-ге жуық кен орындары, оның ішінде – 68 жер асты сулары, 19 боксит, 7 алтын, бір-бірден күміс пен никель кен орындары барланған.

Рудный, Лисаковск, Жітіқара және Арқалық қалаларындағы «Соколов - Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі», «Лисаковск кен байыту комбинаты», «Қостанайасбест» және Торғай бокситті кен басқармасы сияқты ірі өнеркәсіп орындары қаланы құру факторы болып табылады.

Облыс  экономикасының басым бөлігі  аграрлық-индустриялық  бағытта.  Темір рудасы шекемтастары -100 пайыз,  темір рудасы – 80 пайыз  осы  өңірде  өндіріледі. 

Ауыл шаруашылығы  ішкі сұранысты  толық қанағаттандырып қана қоймай,  экспорттың  қомақты үлесін де қамтамасыз  етіп  отыр.  Облыста негізінен  бидай,  жемдік дақылдар,  жарма,  бұршақ және  майлы  дақылдар  егіледі.  Бірқатар  шруашылықтар  таңдаулы  тұқым  шаруашылығымен  айналысады.  Сондай-ақ  картоп,  көкөніс және  бақша өнімдері де өсіріледі.

Мал шаруашылығында  ет-сүт өндірісі  басты бағыттардың бірі.  Облыста ірі  қара мал мен  ұқса малдың,  жылқы, түйе,  шошқа малдарының  басы көбейтілуде.  Құс шаруашылығы да жақсы дамыған.  Түйеқұс өсіру  де  қолға алынып  отыр. 

Көлік

Облыста автомобиль жолдары мен теміржол желісі жақсы дамыған. Қостанай қаласы арқылы солтүстіктен шығысқа Челябі – Қостанай – Көкшетау – Астана – Алматы; Челябі – Қостанай – Атбасар – Астана – Алматы, ал батысқа Челябі – Қостанай – Ақтөбе, оңтүстікке Челябі – Қостанай – Жезқазған – Қызылорда мемлекетаралық автомобиль жолдары өтеді. 

Облыс «Екатеринбург-Алматы» халықаралық автомобильді жол торабында орналасқан.Темір жолдың  эксплуатациялық ұзындығы  – 1452,3 км, автомобиль жолы – 9514,3 км, газ құбыры  – 2626,3 км, жылу құбыры  – 786,4 км, су құбыры – 5969,2 км, оның ішінде топталғаны – 4802,7  км.

«Алтынсарин – Хромтау» темір жол торабының  енгізілгеніне біраз жылдың жүзі болды. Бұл темір жол облысымызды батыс республика аумақтарының сауда нарығына шығуға мүмкіндік береді, Орта және Солтүстік республикалар аумағынан жүк тасымалдау қашықтығын қысқартады, Ақтау порты арқылы өтетін экспорт тасымалы жүктерінің ұзақтығын қысқартады.

РФ-тағы Оңтүстік Орал және Орынбор облысы, Қазақстанның орталық және батыс облыстарымен қарым-қатынастар Қостанай қаласы мен Тобыл кентінде орналасатын ірі торапты теміржол станциялары арқылы жүзеге асырылады.

Лисаковск қ. – Алтынсарин – Жайылма – Хромтау қ. – Ақтөбе теміржол тарауы құрылысының аяқталуы облысқа Ақтау және Атырау теңіз порттарына тіке шығуға мүмкіндік беріп отыр.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік  даму  саласына  да үлкен назар аударылуда.  Білім саласында 640 астам  мектеп, 90  балабақша,  28 арнайы  оқу мекемесі, 9 ЖОО бар.

Денсаулық сақтау саласында  48 аурухана,  8 емхана,  143  ауылдық  дәрігерлік амбулатория,  408  медициналық қосын жұмыс істейді.

Мәдениет саласында 395  кітапхана, 300-дей клуб, 10 мұражай, 3 театр,  филармония,  кино-бейнепрокат,  3 кинотеатр,  мәдениет  және  демалыс саябағы  тұрғындарға  қызмет  көрсетеді.   Жақында  Қостанай облыстық филармониясының жанынан  халық  аспаптар  оркестрі  құрылды, облыс орталығында  сурет галереясы жұмыс істейді. 

Дене шынықтыру  және спорт инфрақұрылымдары да  белсенді дамытылуда.  Бүгінде  өңірде  2500 астам  спорт нысаны  бар,  оның ішінде 27  спорт мектебі  жұмыс істейді,  оларда  15 мыңнан  астам  бала  спортпен айналысады. 

Өлке тарихынан

Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.

Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысындажаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.

Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағыөзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды.

Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы құрылған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. 

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ