Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

«АKTOBE INVEST 2016» форумы барысында 67,5 млрд. теңгенің меморандумдары жасалды

28 қыркүйек 2016
«АKTOBE INVEST 2016» форумы барысында 67,5 млрд. теңгенің меморандумдары жасалды

Ақтөбеде «АKTOBE INVEST 2016» IV халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Дәстүрге айналып үлгерген жыл сайынғы экономикалық конференция өңірге инвестиция тартуға, қазақстандық және ресейлік өңірлермен, шетелдік инвесторлармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Форум барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг Өңірлер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарына қол қойды. Алматының әкімі Бауыржан Байбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақтөбе облысымен өңіраралық кооперацияны дамытуды көздеуде.

Жалпы алғанда, инвестфорум шеңберінде жалпы құны 67,5 млрд. теңгеден асатын 16 меморандум мен келісімге қол қойылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әкімдігі, «GasProcessingCompany» ЖШС мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы газды кешенді дайындау және оған газ құбырын тартуға арналған зауыттың құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асырмақшы. Жоба жер қойнауын пайдаланушылар шығаратын жолшыбай мұнай газын тиімді пайдалануға, өңірді көгілдер отынмен қамтамасыз етуге және өңір экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ, әкімдік әлемге әйгілі «IBIS» қонақ үйі брендінің Қазақстандағы екінші қонақ үйін салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін «Өрлеу» ЖШС мен «ACCOR Group» компаниясымен де ынтымақтасатын болады. Және «Ақтөбе» индустриалдық аймағы аумағында «А» сыныпты логистикалық орталықтың құрылысы туралы меморандумға да қол қойылды. Бұл еліміздің батыс бөлігіндегі ірі сауда компанияларының өнімді қоймалауға деген ұсынысын қанағаттандыратын болады. Бастапқы ауданы 10 мың шаршы метр болатын қойма біртіндеп кеңейтілетін болады.

Сонымен қатар Ақтөбеде аквапарк және Мартөк ауданының Сарыжар ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кемпингі бар көлік-логистикалық орталығын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға да қол қойылды. Орталықтың қуаты 76 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек және 38 мың тонна ет өнімдерін құрайды.

Holiday, TASTEA және TASSAY сауда маркалы сусындар өндіру жөніндегі «Еуразия Боттлерс» ЖШС зауытының құрылысы есебінен өңірге 5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Кәсіпорынның жоспарланып отырған өндірістік қуаты – жылына 85 млн. дана бөтелке.

Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыру үшін жергілікті өкімет заманауи технологияларды қолдана отырып, геологиялық- барлау жұмыстары жүргізетін болады. Осындай меморандум «ҚазГеология» Ұлттық геологиялық-барлау компаниясы» АҚ-мен жасалды. Бұған қосымша, бүгін «Ақтөбе рельс-балка зауыты» ЖШС мен «Метрополитен» КММ ( Алматы қ.) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.





Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ