Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Апта ORTCOM.KZ көзімен

26 қазан 2015
Апта ORTCOM.KZ көзімен

Апта ORTCOM.KZ көзімен жобасы аясында Орталық коммуникациялар қызметі Сіз үшін соңғы жеті күннің маңызды оқиғаларынан көрініс беретін ең үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді таңдады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҮКІМЕТКЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ҚҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

Қазақстан Президенті әлемдік нарықтардағы күрделі ахуалда жұмыс істеудің жаңа стратегиясын әзірлеудің маңыздылығына баса назар аударды.
«Әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.


МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

19-20 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып қайтты.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған үйлердің біріне жаңа қоныстанған білім беру саласының қызметкерлері – Демес отбасымен кездесуі кезінде

Елбасы жалпы ауданы 33,5 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып жатқан «Арай-2» шағын ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйді салу барысымен танысты.
«Қазіргі кездегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындармен әңгімелесу барысында.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Елбасы «Жан-Арай» ЖШС агроиндустриялық кешенде болған кезде

Елбасына мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыста мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен агроөнеркәсіптік кешеннің даму барысы жөнінде баяндалды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен әңгімелесті.
Бұған қоса Елбасы күріш жармасы мен құрама жем өндіру кәсіпорны кіретін кешеннің өндірістік үдерісімен танысты. Кешеннің негізгі қызметі күріш жармасын, түйіршіктелген құрама жемді өндіру, күрішті халықаралық стандарттармен тазарту болып табылады.


Апта ORTCOM.KZ көзімен

Елбасы Қызылорда қ. «Көксу» қосалқы шаруашылығына барған кезде

Мемлекет басшысына 2000 жылдан бері қаланы көгалдандырумен айналысатын шаруашылық жұмысының жай-күйі таныстырылды. Шаруашылық иелігіндегі 18,7 гектар аумақта жапырақты, қылқан жапырақты, жеміс беретін және сәндік мақсаттағы 150 мың декоративтік ағаш, сондай-ақ бұталар өсіріледі.
Сонымен қатар шаруашылық қызметкерлері ағаштың жергілікті климат жағдайына бейімделген жаңа түрлерін алу үшін селекциялық жұмыстар да жүргізеді.


QAZAQAIR КОМПАНИЯНЫ БАСҚАРУҒА ЖЕКЕ СЕКТОРДЫ ТАРТАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Qazaq Air әуе компаниясы басқарма төрағасының м.а. Блэр Поллок (ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Әуе компания акцияларының бір бөлігі сатылады деп жоспарлануда.

«Қазіргі таңда «Самұрық Қазына» компаниямыздың 100%-дық иесі болып табылады. Сатуға акциялардың кішігірім бөлігі қойылады деп жоспарлануда. Бұл Qazaq Air басқаруына және қаржыландыруына жеке секторды тартуға мүмкіндік береді. Бұл жеке инвесторлар болуы мүмкін. Біз халықаралық авиация тәжірибесімен бөлісе алатын шетелдік серіктестерді де қуана қарсы алатын боламыз», - деп хабарлады Блэр Поллок.


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов(ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа тетігі енгізіледі

«Енді еңбекақы нысаналы көрсеткіштердің тиімділігіне, нәтижелілігіне және қаншалықты жеткендігіне тәуелді болады. Одан кейін Елбасының енгізілген еңбекақыны төлеу жүйесі туралы жарлығымен осы амалға толықтай регламент белгіленеді.Фактор-балдық шәкіл негізінде ең жоғары нәтижелі мемлекеттік қызметші жұмыс күрделілігі мен жауапкершілік деңгейі үшін бонустарды алады », - деді Саян Ахметжанов.


АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы (ОКҚ-да өткен брифинг барысында):Гуманитарлық ынтымақтастық халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсінушілікті нығайтудың берік іргетасы болып табылады

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сан мәрте атап өткендей, Қазақстан ТМД құрылғалы бері қатысушы елдер арасындағы жан-жақты, соның ішінде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жандандыруды алға тартуды жалғастырып жатыр. Биылғы ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х форумы гуманитарлық саланың ең өзекті мәселелеріне, жалпы құндылықтар мен мәдениеттер үнқатысуына арналған. Бұл мәдени мұра жақындастығы, өзара әрекеттестігі мен сақталуының, сондай-ақ қазіргі әлемдегі жалпы адамзатқа ортақ мәселелерді шешу үшін тиімді шараларды бірлесіп іздеудің маңызды құрамдас бөлшегі болып табылад», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев (ОКҚ-да өткен брифинг барысында):Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңі сәтті орындалды

«Қазақстандық жастардың одан арғы дамуы үшін Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бастар жол» тұжырымдамасы қабылданды. Қазіргі таңда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілген. Жастар арасындағы жұмыссыздар санының 3,5 мың адамға төмендеуі мемлекеттік органдар бірлескен жұмысының қорытындысы болды. 29 жасқа дейінгі жас әкімдердің саны 19,5 %-ға өсті – олар 143 болды. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі Тұжырымдаманың екінші кезеңін іске асыруға дайындалып жатыр. Іс-шаралар жоспарының жобасына 100 жуық тармақ кіретін 10 бөлім кіреді», - деп хабарлады Тахир Балықбаев.


10 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ» ҚАТЫСТЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов(ОКҚ-да өткен брифинг барысында): «Жастар кадрлық резерві» жобасына он мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың әрқайсысы мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігіне ие.

«Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен іске қосылды. Басты мақсаты – партиялық және мемлекеттік қызмет үшін кәсіпқойлар тобын қалыптастыру. Жобаны іске асыруды талдау брендтін танымалдылығын, жастар арасында және БАҚ-та сенімділігі мен танымалдылығын көрсетеді. Жалпы, алты жыл ішінде жобаға он мыңнан астам жас маман қатысты, 400 жуық резервисттен база құрылды», - деді спикер.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ