Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Апта ORTCOM.KZ көзімен

9 қараша 2015
Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Апта ORTCOM.KZ көзімен» жобасы аясында Орталық коммуникациялар қызметі Сіз үшін соңғы жеті күннің маңызды оқиғаларынан көрініс беретін ең үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді таңдады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

2 қараша күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына үндеу жолдады.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде Қ.Келімбетовті Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Осыған орай Елбасы Ұлттық банк төрағасы лауазымына Президенттің көмекшісі қызметін уақытқа атқарушы – Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөнінде Парламент Сенатына өтініш жолдады.
«Қазір банкке және ұлттық валюта – теңгеге деген сенім азайды, бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар – төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Данияр Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін. Парламент Сенатынан елдің қаржы жүйесінің игілігі үшін менің осы шешімімді қолдауды сұраймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ДЖОН КЕРРИ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚШ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздандыру мен таратпау мәселелері бойынша серіктес атап өтті. Осыған орай Елбасы осы бағыттағы Барак Обаманың бастамаларына қолдау көрсететінін білдірді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз кезегінде Нью-Йоркте өткен екі ел басшылары келіссөздерінің қорытындыларын жоғары бағалайтынын атап өтті.
«АҚШ Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып табылады. Бүгін мен Қазақстандағы Америка сауда палатасының өкілдерімен кездестім және олар еліңізде қол жеткізген алға басуға көңілдері толатындықтарын білдірді», - деді Мемлекеттік хатшы.
Бұған қоса Джон Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі бес институционалды реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.


ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Д.КЭМЕРОН: ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ САЛАСЫНДА КЕРЕМЕТ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

2 қараша күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен келді.

Сапар барысында Елбасы Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Тараптар Қазақстан-Ұлыбритания ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады.
Дэвид Кэмерон өз кезегінде Қазақстанның инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында керемет табыстарға жеткеніне назар аударды. Ұлыбритания Премьер-Министрі сондай-ақ бүгінде елдеріміздің келіссөздер өткізетін мәселелер аясы кең екенін айтты және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды жүзеге асыру жайын талқылауға ниетті екенін білдірді.


ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАТШАЙЫМЫ ІІ ЕЛИЗАВЕТА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЛОНДОНҒА РЕСМИ САПАРЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

4 қараша күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары аясында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы II Елизаветамен кездесті.

Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомстволарының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.
ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ФРАНСУА ОЛЛАНДТЫ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

4 қараша күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары басталды, оның барысында Франция Республикасының басшысы Франсуа Олландпен келіссөздер өтті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін, елдеріміздің арасында бүгінде экономика және саясат мәселелері бойынша толық түсіністік орнағанын айтты. Осыған орай Қазақстан Президенті бүгінде Астана мен Париж арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ аэроғарыш салаларындағы ықпалдастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


И. БОКОВА:ЮНЕСКО-НЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНДА ОНЫҢ БАС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВСЫЗ ӨТУІН ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Францияға ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

Кездесу барысында мәдени және тарихи мұраларды сақтау ісінде, білім және ғылым саласында халықаралық байланыстар аясын кеңейтудегі Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды. Елбасы Қазақстанның ЮНЕСКО-ны қолдайтынын және белсене ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
И.Бокова өз сөзінде Қазақстан ЮНЕСКО-ның ең белсенді әрі ілкімді серіктесі болып саналатынын, соған байланысты ұйымның 70 жылдығында оның Бас конференциясының Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуін елестету мүмкін еместігіне назар аударды.
ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстанның мәдениеттерді жақындастыруға байланысты ұсынған бастамалары мен жобаларының әлемдегі келісімді нығайту ісінде зор маңызы бар екенін де атап өтті.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЮНЕСКО БАС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БІРҚАТАР БАСТАМАЛАРДЫ АЛҒА ТАРТТЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясына қатысты

Қазақстан Президенті бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында ЮНЕСКО-ның әлеуетін кеңінен пайдалану қажеттігіне тоқтала отырып, ұйым жанынан Бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөніндегі халықаралық академия құруды ұсынды.
«Академия озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөнінде прогрессивті идеялар мен тиімді шаралар әзірлей алар еді. ЮНЕСКО-ның «Әлем мәдениеті» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы қақтығыстардың ертерек алдын алу жолын іздестірудің ерекше маңызы бар», – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан көшбасшысының пікірінше, аталған тұжырымдама қағидаттары Қазақстанның БҰҰ қолдауымен «Жаңа Болашақ» тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі бастамасымен үндеседі.


«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОРЫ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰНЫНЫҢ ӨСУІН БОЛЖАП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры басқарма төрағасы Болат Палымбетов (ОКҚ-да өткен брифинг аясында): «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры салатын тұрғын үй шаршы метрінің құны соңғы экономикалық өзгерістердің салдарынан өспейді.

«Біз шаршы метр құнына әсер етуі мүмкін құрылыс материалдарын сатып алдық. Олар валюта бағамы өскенге дейін сатып алынды. Бүгін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда өсу болмайды. Біз әзірше оны болжам отырған жоқпыз», - деді Болат Палымбетов.


ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЕҢ ТӨМЕН ДЕҢГЕЙІ АСТАНАДА

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демошкан(ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Астанадағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, бұл жалпыреспубликалық деңгейден 0,4%-ға төмен.

«2015 жылдың екінші тоқсанында Астананың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы саны 484,6 мың адамды құрады. Бұған қоса жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны 462,1 мың адамға жетті», - деп атап өтті Ольга Демошкан.
Оның пікірінше, Елбасының тапсырмасымен Үкімет қабылдаған шаралар жұмыссыздықпен күресте басты рөлді атқарды. Астана әкімдігімен іске асырылған «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы елордаға жұмыссыздықтың ең төмен деңгейімен жетекші орынды алуға мүмкіндік берді.


«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ПАВИЛЬОНЫ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева (ОКҚ-да өткен брифинг барысында): «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде адамдар ең көп келетіндердің бірі болуға барлық мүмкіндіктері бар «Қазақстанда жасалған» павильоны пайда болады.

«Миланда өткен «ЭКСПО» алаңындағы қазақстандық павильонда біз барша әлемге еліміздің ең үздік брендтерін ұсындық. «Халық маркасы» конкурсының барлық жеңімпаздары «ЭКСПО-2017» көрмесінде бүкіл әлемнен келген туристтерге өнімдерін көрсету мүмкіндігіне ие болады», - деп қосыт Римма Тәжібаева.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ