Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Апта ORTCOM.KZ көзімен

15 қараша 2015
Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Апта ORTCOM.KZ көзімен» жобасы аясында Орталық коммуникациялар қызметі Сіз үшін соңғы жеті күннің маңызды оқиғаларынан көрініс беретін ең үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді таңдады.

Апта дәйексөзі:

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КӘРІМ МӘСІМОВ: ӨЗ СИЛИКОН АЛҚАБЫНЫҢ БОЛУЫ – ӘР ЕЛДІҢ АРМАНЫ

Алматыда инновациялар аптасы басталды. Сонымен қатар Астанада барша әлемнен сарапшылар мен стартаперлерді жинаған «TechConnectAstana» халықаралық форумы өтті. Біздің елімізде, Елбасы айтқандай, Қазақстан өнеркәсібінің дамуына жағдай жасайтын жаңа технологиялардың дамуына үлкен көңіл бөлінетіні белгілі.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Әр ел, әр Үкімет басшысы елінде өз Силикон алқабы болуын армандайды, деп мәлімдеді Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «TechConnect Astana» форумында сөз сөйлеу барысында.

«Инновациялар мен стартаптардың даму жолы аса шырғалаң. Бірақ бұл бизнестің көз тартарлық жері де осында: жетістікке жетіп, тақырға отырып, қайта бастауға болады. Бүгін сіздердің алдарыңызда тұрған басты мүмкіндік – осы бәсекелестік күрес, тап осындай атмосфераны құру», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Кәрім Мәсімовтың пікірінше, Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – стартап әзірлеушілері сырттан қолдаусыз инновацияларды өздері жасай алатындай елде жағдайлар туғызу болып табылады.

Әлем бір орында тұрған жоқ – қас қағым әр мезет сайын әлемнің түкпір-түкпірінде жүздеген оқиғалар болып жатады. Өткен аптада да көптеген оқиғалар орын алды.

Астана әкімдігінде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырысқа ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева және елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Мемлекет медицина мен денсаулық сақтау саласына орасан зор қаражат салды. Бізге әрдайым медицина қызметінің сапасына, медициналық көмектің қолжетімділік дәрежесіне шағымданады. Жалпы адамдардың көңілдері толмайды. Және бұл екі жақтан да – дәрігерлер де, азаматтар тарапынан да көрініс табады. Ең алдымен қазақстандықтардың оң бағасына ие болу – әрқайсымыздың алдында тұрған басты міндет осы», - деді Дариға Назарбаева.


ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Индустриалды жобаларды іске асыру білікті жұмыс кадрларсыз мүмкін емес, деп мәлімдеді «Кәсіби білім және бизнес: серіктестер үнқатысуы» VII Халықаралық форумында сөз сөйлеу барысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Бүгін білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұр. Сіздер білетіңіздей, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарында адами капитал сапасының өсуіне үлкен орын бөлінеді. Және біздің елімізде іске асырылатын индустриалды жобаларды іске асыру білікті жұмыс кадрларынсыз мүмкін емес. Осыған орай біз дуальды білімді дамытуымыз қажет», - деді министр.


Сонымен бірге назардан тыс қалдыруға болмайтын сыртқы саясатта болып жатқан оқиғаларға тоқталып кетейік. Шарм-эль-Шейх – Санкт-Петербург бағытымен ұшып бара жатқан ресейлік авиалайнер апатқа ұшырағаннан кейін Азаматтық авиация комитеті отандық әуе компанияларына Мысырға ұшудан бас тартуды ұсынған болатын.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуекомпанияларға Мысыр әуежайларына ұшуды шектеуге, ал туристік компанияларға турпакеттерді сатуды тоқтатуға ұсыныс берді. «ҚР ИДМ ААК-да әуе компаниялары мен туристтік ұйымдардың қатысуымен өткен жедел кеңестің нәтижелері бойынша қазақстандық әуе компанияларына «Когалымавиа» әуе кемесімен болған әуе апатын тергеудің алдын ала қорытындылары жарияланғанша Мысырға ұшуды шектеу ұсынылды», - делінген ААК-ң ресми хабарламасында.

«SCAT» әуе компаниясының ұшағы соңғы рет Шарм-эль-Шейхке 17 қарашада ұшады. Осылайша, қазіргі таңда Мысырда демалып жатқан қазақстандық туристтер демалыстарын аяқтап, жоспарланғандай үйлеріне қайтатын болады.


13 қарашасынан 14 қараған түні Парижде бірнеше теракт орын алды, олардың нәтижесінде, соңғы мәліметтерге сәйкес, 129 адам қаза болды. Осы қаралы оқиғаларға байланысты Қазақстан француз халқына көңіл айтты.

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Нұрсұлтан Назарбаев Париж қаласында болған террорлық әрекеттерге байланысты Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа көңіл айтты

«Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.
ҚР Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Парижде орын алған бірқатар терактілерді қатаң сынайтынын және лаңкестіктің кез-келген көрінісіне жол берілмеуі тиіс екенін мәлімдеді.
Қазақстан БҰҰ аясындағы барлық халықаралық қауымдастықтың терроризм мен экстремизмге қарсы күреске күш-жігерін қолдайтынын мәлімдейді және барлық адамзаттың күшін біріктіре отырып қана бұл зұлымдықты жеңуге болатынына сенеді. Осы мақсатқа қол жеткізудің бірден бір жолы еліміздің БҰҰ Бас сессиясында ұсынған БҰҰ шеңберінде ғаламдық лаңкестікке қарсы желі құру болуы мүмкін.


Сонымен қатар мемлекетіміздің ресми тұлғаларының бірқатар мәлімдемелерін де назардан тыс қалдыруға болмайды.

А.МАМЫТБЕКОВ: НАН БАҒАСЫ «ЖІБЕРІЛГЕННЕН» КЕЙІН МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТЕР ТАРАПЫНАН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕ ТҮСЕДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Әлеуметтік нанның бағасына бақылауды алып тастау осы саладағы тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің артуына әкеледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет әлеуметтік нанның бағасын реттеуді тоқтатады. Алайда, ауыл шаруашылық министрінің пікірінше, бағалар қатты өспеуі тиіс.
«Нан нарығы монополияланған өңірлер бар, бірақ бағалардың негізсіз өсуі орын алмайды. Монополияға қрасы органдар бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, қатаң бақылау жүргізетін болады», - деді Асылжан Мамытбеков.


АГРАРИЙЛЕР ЖЕРЛЕРДІҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫН АРНАЙЫ РҰҚСАТСЫЗ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ауыл шаруашылық учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау ұсынылады.

«Қолайлы жағдайларды туғызу үшін ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге әкімшілік тосқауылдарын алып тастау және шығындарды қысқарту көзделінеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарын салған кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталынады», - деді Қайырбек Өскенбаев.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТКШ-НЫ ЖАҢҒЫРТУ БЮДЖЕТКЕ 1,3 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҮНЕМДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Сергей Чайжунусов (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Қазақстан өңірлерінде бірқатар ТКШ нысандарын жаңғырту есебінен осы жылы 1,3 млрд. жуық теңгені үнемдеу жоспарланып отыр

«14 қазандық, үш сорғы станциясы іске қосылады, 150 км жуық инженерлік жүйе қайта құрылып,тұрғызылды. Сонымен бірге 148 әлеуметтік нысанға сапалы қызмет өрсетілетін болады. Жаңғыртумен қамтылған халықтың жалпы саны 995 мың адамды құрайды», - деді Сергей Чайжунусов.


ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНА ҚАТЫСУЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып жаңа Еңбек кодесін әзірледі.

«Біріншіден, жаңа Еңбек кодексі кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық бақылау саласындағы қызметінің аясын айтарлықтай кеңейтеді – оларға жаңа құқықтар мен өкілеттіктер беріледі.Екіншіден, еңбек қатынастарының басты мәселесі еңбекақыны төлеу болып табылады. Кәсіподақтар бір уақыттағы ынталандырушы төлемдерді ескерусіз төлем сомасының 75 %-нан төмен болмайтын негізгі еңбекақы үлесін қамтамасыз етуді қорғап шықты.Үшіншіден, жаңа Еңбек кодесіне «өндірістік кеңес» түсінігі енгізілді - еңбек жағдайларын жақсартатын жаңа құрал пайда болды. Төртіншіден, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы қатынастар басым дәрежеде ұжымдық шарттар негізінде құрылатын болады. Сондықтан тап осы келісімшарттарда әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық аспектілерін барынша бекіту қажет», - деп атап өтті Қайрат Айтуғанов.


2016 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ НАЗАРЫНА ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАҢА МУЛЬТФИЛЬМ ҰСЫНЫЛАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): 16 желтоқсанда «Қазақ елі» атты қазақстандық анимациялық фильммен жұмыс аяқталады.

«Бүгінде «САҚ» киностудиясында осы жоба бойынша барлық түсірілім жұмыстарды аяқталды. Қазір монтаж жасалынып жатыр, таяу уақытта мультфильм дайын көрермендерге ұсынылады. Қаңтар айында оны қазақстандықтарға көрсетеміз деп отырмыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.




Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ