Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Апта ORTCOM.KZ көзімен

22 қараша 2015
Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Апта ORTCOM.KZ көзімен» жобасы аясында Орталық коммуникациялар қызметі Сіз үшін соңғы жеті күннің маңызды оқиғаларынан көрініс беретін ең үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді таңдады.

Апта дәйексөзі:

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ДАҒДАРЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚАРАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

18 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті.

«Дағдарыс экономикамыздың құрылымын қайта қарауға жаңа мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді отырыс барысында Елбасы.
Қазақстан Президенті қолды қусырып отырса, 3-4 жылдан кейін мемлекет халыққа беруді де, төлеуді де тоқтататынын қосты.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің барлық мүшелері ел экономикасына инвестицияларды тарту білулері қажет деп мәлімдеді.
«Үкіметтің бар шеберлігі, кадрларымыздың біліктілігі, құзыреті елге инвестицияларды тартуға шоғырлануы тиіс. Әр инвестормен жұмыс жүргізу қажет», - деді Елбасы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев инвесторлар үшін жобаларды іске асырудың жеңілдету керектігін атап өтті - Үкімет барынша ашық болуы тиіс.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ ЭКСПО НЫСАНДАРЫН САЛУҒА ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕСІН БАҚЫЛАУҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алда өтетін «ЭКСПО» көрмесіне дайындалу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Елбасы бұл көрме толықтай отандық экономиканың дамуына және жаңа технологияларды меңгеруге серпін беретін ұлттық жобаға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Елбасы нысандар құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқанына тоқталып өтті.
Сондай-ақ ел Президенті шығындарды оңтайландыру мақсатында нысандарда жүргізілетін барлық әрлеу жұмыстарын отандық өнімді барынша көп пайдаланумен жасау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды.
«ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бүгінде 53 астам ел және 11 халықаралық ұйым іс-шараға қатысуын растады.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ФРАНЦУЗ ХАЛҚЫНА ҚОЛДАУЫН БІЛДІРДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Францияның еліміздегі дипломатиялық миссиясына барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы Франция мен біздің еліміздің арасындағы айрықша жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқының атынан көңіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты.
Осыған байланысты Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен сессиясында «Ислам терроризмге қарсы» форумын ұйымдастыру, сондай-ақ осынау зұлымдықпен күрестің дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айтқандығын еске салып өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Парижде бірқатар теракт орын алып, 130 жуық адам қаза болды.


МОХАММЕД ҒАНИ АУҒАНСТАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП ОТЫРҒАНЫ ҮШІН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

20 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті.

Келіссөз барысында қазақстандық көшбасшы Ауғанстанған 600 мыңнан астам тонна егінді жеткізуге, сонымен қатар жолдарды салуға көмек көрсетуге, құрылыс материалдарымен, локомотивтермен және вагондармен қамтамасыз етуге қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар жайлы хабарлады.
«Біз Ауғанстынның дамуын қамтамасыз ету үшін қолымыздан келген көмекті аямауды жалғастырамыз», - деді Елбасы.
Мохаммад Ғани өз кезегінде Ауғанстан Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия өңірімен ынтымақтасу бағытын ұстанатындығын растайтынын атап өтті.
Ауған көшбасшысы Қазақстанның оның мемлекетіне көрсетіп отырған қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа дән риза екенін білдірді.
Ауғанстан Президенті «Қазақстан жолы» оның басшылығындағы ел үшін экономика орнықтылығын нығайту және дамыту ісінде үлгі болып табылатындығына тоқталып өтті. Ауғандық тарап сауда-экономикалық, көліктік, инвестициялық және азық-түлік салалардағы екі елдің ынтымақтастығының табысқа жететіне үміт артатыны аталып өтілді.
Соңында Ауғанстан Президенті елдеріміз есірткінің заңсыз айналымы мен терроризмге қарсы күрес бойынша бірлескен шаралар қабылданатынын хабарлады.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨЗ МОЙНЫНА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асар Мырзахметовты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердің көптігіне байланысты келесі жылы «Нұр Отан» партиясының алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы реформалардың маңыздылығын айтты.
«Болып жатқан оқиғаларды назарға ала отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осындай қиын кезеңде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына барша түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТЕҢГЕГЕ СЕНІМІН ҚАЙТАРУЫ ТИІС

Апта ORTCOM.KZ көзімен

16 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкт төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.

Кездесу барысында Ұлттық банктің қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап айтты.


Сонымен қатар мемлекетіміздің ресми тұлғаларының бірқатар маңызды мәлімдемелерін назардан тыс қалдырмаған жөн.

С.КУЛАГИН: ҚАЛУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН КАЛАЧИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛЫНАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Калачи аулынан ешкімді мәжбүрлеп басқа жаққа қоныстандырмайды. Қалғысы келгендерге өмір сүруге қажетті барлық жағдайлар жасалынады.

«Адамдарға басқа жаққа көшу керек дегенге сенімдімін – ол жердің экологиялық ахуалы нашар. Жаңа жерге көшкендерге бірден жұмыс тауып береміз, балаларды мектепге орналастырамыз. Бірақ мен ешкім адамдарды зорлап көшірмейтінін айтқым келіп отыр. Әкімдік пен медициналық бекет сақталынады», - деді өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысы Есіл ауданында орналасқан Калачи ауылы бірнеше жыл бұрын жергілікті тұрғындар «ұйқы» ауруынан зардап шеге бастағаннан кейін барша халыққа әйгілі болды. Бұл құбылыстың себебін арнайы комиссия анықтағанымен, оған нақты жауап таба алмады. Өткен жылы 500 жуық адам тұрып жатқан ауылды толықтай басқа көшіру туралы шешім қабылданған болатын.


Д.АКИШЕВ: ҰЛТТЫҚ БАНК ИНФЛЯЦИЯНЫ 6-8% ДӘЛІЗІНЕ ҚАЙТАРУ ҮШІН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялаудың ағымдағы құрылымы қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан алдында тұрған міндеттерді ескерумен жетілдіруді талап етеді.

«БЖЗҚ қаражаты еліміздің экономикасына инвестиция салу үшін қажет болып қалуы мүмкін. Алайда қордың негізгі мақсаты азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан оларды пайдалану бойынша кез келген ұсыныстар қаражаттың толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда ғана қарастырылуы тиіс», - деп атап өтті ҚР ҰБ басшысы.
Осыған байланысты Ұлттық банк және Үкімет тиісті ұсыныстарды дайындап жатыр. Оның нәтижесінде қаражатты үлестірудің ашық әрі әділ механизмі құрылатын болады.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫН 73 ЖАСҚА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуы осы жылы аяқталатын «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орынды жалғасы болып табылады.

«Денсаулық» бағдарламасы қол жеткізген нәтижелерді бекітуге және дамытуға бағытталатын болады. Екпін стационарлық емделуге емес, алдын алуға жасалатын болады. Басқа сөзбен айтқанда, басымдық аурудың салдарымен күресуге емес, аурудың алдын алуға беріледі», - деді Тамара Дүйсенова.
Белгілі болғандай, денсаулық сақтау жүйесінің алдағы жылдарға қоятын стратегиялық мақсаттары халықтың өмір сүру ұзақтылығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту, сонымен қатар медицина қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болады


ДӘДМ: ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛМАЙДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): Бүгінде Қазақстанда дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалмайды

«Бір адамға шаққандағы дәрігерлер мен медбикелер саны жағынан қазақстандық көрсеткіштер халықаралық стандарттаға сай келеді. Қала мен ауылдық жерлер арасында қызметкерлерді үлестіруде теңгерімсіздіктің болуы басқа мәселе», - деді вице-министр.
Сонымен қатар жалпы тәжірибе дәрігерлері мен тар көлемді мамандардың арасалмағында да бірқатар мәселелер бар.
«Бізде хирургтер, көз дәрігерлері мен басқа да тар көлемді мамандар көп, бірақ терапевттер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін жалпы тәжірибе аясында жұмыс істейтін кадрларды уәждеу жүйесі енгізілген болатын», - деді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, ондай мамандарға материалдық көтермеулер есептелінетін бірқатар көрсеткіштер әзірленді. Олардың арасында, мысалы, алдын алу шараларын табысты өткізу, пациенттерде ауыр сырқаттың болуын анықтау. Вице-министр осы жүйені қолдану жалпы тәжірибе аясына дәрігерлерді көбірек тартуға мүмкіндік беретініне сенімді.


ҰКП: «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСТЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев(ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында): 2015 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қазақстандық жеткізушілермен жалпы сомасы 883 млрд. теңгені құрайтын 2114 ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты

«Самұрық-Қазына» ұлттық компаниялардың сатып алуларында қомақты үлеске ие. Осы жылдың басынан бастап ҰКП қормен бірлесе отырып, сатып алулардағы қазақстандық қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін орасан зор жұмысты атқарды», - деп атап өтті ҰКП өкілі.
«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС директоры Серікбек Елшібеков соңғы бес жыл ішінде қор сатып алулары үлесіндегі қазақстандық қамту 50%-дан 78%-ға дейін ұлғайғандығын хабарлады.


ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТӨМЕН БАҒАМЕН САТАТЫН 22 СУПЕРМАРКЕТ АШАДЫ

Апта ORTCOM.KZ көзімен

«Халықмаркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева (ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында):«Халық маркасы-2016» байқауы Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына орайластырылады.

«2015 жылдың басында Елбасының бастамасымен елімізде «Қазақстанда жасалған» акциясы басталған. Осы бастаманы қолдау мақсатында осы жылдың мамыр-қазаны аралығында «Халық Маркасы – 2015» жалпыұлттық байқауы өтті», - деді спикер.
Римма Тәжібаеваның пікірінше, бұл белгіні иелену – тұтынушылардың шығарылатын өнімнің жоғары сапасын тануының нышаны болып табылады.
Қазақстандық өнімді өткізу үшін сол атпен супермаркеттер желісі ашылатын болады.

Өткен аптаның көрінісі осындай болды. ORTCOM.KZ порталымен бірге болып, еліміздің соңғы жаңалықтарынан тыс қалмаңыз!



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ