Жаңалықтар

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

21 желтоқсан 2015

«Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен» жобасы аясында Орталық коммуникациялар қызметі Сіз үшін соңғы жеті күннің маңызды оқиғаларынан көрініс беретін ең үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді таңдады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ТӘУЕЛСІЗДІК – БҮКІЛ ХАЛЫҚ ҮШІН ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

24 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойды. Құжат сол күні күшіне енді. Осылайша Отанымыздың тарихында жаңа парақ ашылды – еліміз тәуелсіз болды.
Тәуелсіздік күні бүкіл Қазақстанда кеңінен аталып өтіледі. Мереке қарсаңында Астанада Қазақстан халқы үшін маңызды күнге арналған салтанатты жиын өтті.
«Тарих – біздің халқымыздың сақ пен түркінің, Қазақ хандығының дәуірінде, Ұлы Отан соғысы кезінде көрініс тапқан ұлы күресінің куәсі. Бұл біздің өткеніміз және тағдырымыз. Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат – Тәуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты әрі маңызды мереке болып саналады. Өйткені, тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік – кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміз небәрі 24 жылда жаңару үдерісін өткеріп, бүкіл әлемде сый-құрметке ие болғанына назар аударды.
«Ширек ғасырға жуық кезеңде біз кейбір мемлекеттер ештеңесіз шығатын, ал енді бірі ғасырларды сарп ететін тарихи жолдан өттік. Бұл бабалардың ерлігімен рухтанып, болашақ ұрпаққа жол ашқан барша қазақстандықтардың еңбегі арқасында мүмкін болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік бүкіл халық үшін зор жауапкершілік екеніне назар аударды.
«Жыл басында өткен президент сайлауы біздің табысты түрде болашағы біртұтас ұлтқа айналып келе жатқанымызды көрсетті. Бірлік пен келісімді сақтап, нығайту оңай жұмыс емес. Ол даналық пен көргенділікті, көрегендік пен еліміздің барша азаматтарының өзара сыйластығын қажет етеді. Ғылым Жер бетіндегі әрбір этнос кемінде бір ерекше қасиетке ие екенін айтады. Біздің өміріміз Қазақстандағы 100 этностың 100 айрықша және қайталанбас қасиеті бар екенін көрсетіп отыр. Соның бәрі жиналып келіп біздің Біртұтас Ұлтымыздың бірегей басымдылығын құрайды. Қазақстанның әрбір этносы – біздің байлығымыз. Көпэтностылық – біздің ортақ ұлы қазынамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы, міне, 20 жыл бойы осы байлықтың басты қорғаушысы міндетін табысты атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз және ортақ шаңырағымыз», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДА ОЗЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ МАҢЫЗДЫ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

14 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.
Рәсім барысында Елбасы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы үлкен жетістіктер, ғылыми-техникалық қызметте қол жеткізген танымал нәтижелері үшін ғалымдарды марапаттады.
Қатысушыларға арналған сөзінде Елбасы елімізде инновациялық дамуға ерекше көңіл бөлінетінін, оған отандық ғалымдар үлкен үлесін қосып отырғанына тоқталып өтті.
«Ғылым мен техника ойлаудың көкжиектерін кеңейтіп, адамның мүмкіндіктерін өсіреді. Және бізде озық экономиканың негіздерін қалыптастыратын жаңа әзірлемелер жүзеге асырылып жатқаны аса маңызды. Назарбаев Университетінде және Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде құрылған орталықтар ғылымның дамуы мен коммерциялану, стартаптарды өмірге келтіру, үздік зертханаларды ауыстыру ошақтарына айналуда», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Лауреаттар өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа ғылыми қызметті жүргізу үшін жасалған жағдайлар үшін алғыстарын білдіріп, отандық ғылымның одан кейінгі дамуына қолдарынан келген еңбектерін аямайтындықтарын айтты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБЫСЫНДА БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КҮШ-ЖІГЕРІ ШОҒЫРЛАНҒАН

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

15 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Президенті өз сөзінде баршаны алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады және марапатталушы азаматтар үшін бұл рәсімнің маңыздылығын айтты.
«Бүкіл ел бойынша марапатталушыларға менің атымнан ордендер мен медальдар тапсырылуда. Сіздердің әрқайсыңыздың Отанымыздың игілігі жолындағы жұмыста үлестеріңіз бен тәжірибелеріңіз бар. Әрқайсыңызды Қазақстанның мақтанышы деп айтуға әбден болады. Осының бәріне еңбекпен жеттіңіздер. Біз еңбек адамына құрмет көрсетуге тиіспіз, сондықтан «Еңбек Даңқы» орденін алған адамдардың қызметін айрықша атап өткім келеді. Бұл – экономикалық қуатты еселеп жатқан еңбекшілер үшін үлгі болсын, соның негізінде барлық өзге салалар дамып жатыр», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық марапатталушыларды алдағы мерекелермен құттықтап, мықты денсаулық пен табыс тіледі.

Сонымен бірге Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциялар барысында сөз етілген бірқатар маңызды мәлімдемелерді де назардан тыс қалдыруға болмайды.

Д.АХМЕТОВ: ШҚО-ДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ НЫСАНДАРЫНДА ЖЕТІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

ОКҚ алаңында Қазақстан өңірлері әкімдерінің қатысуымен баспасөз конференциялардың тізбегі жалғасула. 14 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндамасын әкім Даниал Ахметов ұсынды.
22 желтоқсан күні Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен баспасөз конференция өтеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов: Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын сапалы іске асыру бүкіл өңірдің дамуына негіз болды.
«ШҚО-ғы Индустрияландыру картасына 76 жоба кіреді, олардың 45 іске асырылды. Бұл нысандар 335 млрд. теңгеге өнім өндірді, жеті мыңға жуық жұмыс орны құрылды», - деді әкім.
Пайдалануға берілуі тиіс кәсіпорындардың арасында – Ақтоғай тау-кен-байыту комбинаты (ТБК). Кәсіпорынды «KazMinerals» компаниясы австралиялық инвесторлармен тығыз серіктесе отырып салып жатыр. Бұл ТБК-ң қуаты жылына 85 мың тонна катодты мыс. 1,5 мыңнан астам қазақстандық маман жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге облыстың Жарма ауданында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны салынып жатыр. Жобаға қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлердің 80 млрд. теңгеден астам инвестициясы салынды. Жоспарланған қуаты – жылына құрамында алтын бар екі млн. тонна кен. Нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі.

«ҚАЗАГРО»-НЫҢ ЖИЫНТЫҚ КРЕДИТ ҚОРЖЫНЫ 800 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

«ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов: Қазіргі таңда түрлі салалық бағыттар мен бизнес көлемдерінің қажеттіліктеріне бейімделген 40 астам кредиттік өнім іске асырылуда. Қарызгерлердің жалпы саны 47 мың өндірушіден асады. Несиелендірудегі шағын және орта бизнетің үлесі 87% құрайды.
Бұл ретте Нұрлыбек Мәлелов АӨК-гі ауыл шаруашылық техниканың бес бірлігінің төртеуі «ҚазАгро» холдингінің желісімен сатып алынады. «ҚазАгроҚаржы» арқылы 2015 жылы ғана фермерлер 3 892 машина сатып алды.
Сонымен бірге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 21,6 млрд. теңге сомасына 7 136 шағын несие берілді.
Холдинг басшысының айтуынша, бюджеттік емес қаражатты тарту бойынша тиімді жұмыстың нәтижесінде соңғы бес жылда аграрлық секторды қаржыландыру көлемдері 60%-ға өсті. Сондай-ақ 24 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 90 мыңы сақталынды.

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІ ӨСІП КЕЛЕДІ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

«Global Entrepreneurship Monitor» ұлттық үйлестірушісі Лейла Ерғожа: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдау көрсетуінің арқасында Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік өсіп келеді. Бұл бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасы ерекше әсер берді.
«2007 жылы қазақстандықтардың кәсіпкерлік белсенділігі 10%-дан төмен болатын, 2014 жылы ол 13,7% құрады, яғни шамамен 5%-ға өсті», - деді спикер.
Оның айтуынша, еңбекке қабілетті халықтың орташа алғанда 15% өз ісін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстандықтар ЕО, АҚШ, Канада, Австралия мен Сингапур елдерінің тұрғындарына қарағанда бизнесті жүргізу туралы көбірек ойланатыны қызықты жайт.
«Global Entrepreneurship Monitor» (GEM) жобасы – әлемнің жекелеген елдері бойынша кәсіпкерлік белсенділікті зерттеуге бағытталған әлемнің жетекші бизнес-мектептерінің жалпы бастамасы. Қазіргі таңда GEM жобасына әлем халқының 72,4% және ЖІӨ-ң 90% құрайтын 73 астам ел қатысуда. Әрекет ету мерзімі ішінде GEM көптеген қатысушы елдер үшін бизнес ортаны жақсартуға қатысты шешімдерді қабылдау құралына айналды.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ: «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР КАРТАСЫ» ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева: Елбасының ішкі істер органдары жұмысының ашықтығы мен қоғамның тарапынан бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдарымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ғаламтор-порталы құрылды.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» әрекет етіп жатқан «Қылмыскерлік картасы» геоақпараттық сервисті негізінде іске асырылатын болады. Негізгі ақпарат көзі Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген бұзушылықтар туралы мәліметтер болып табылады. Осының арқасында Картадағы деректер тиісті мәліметтерді базаға енгізгеннен кейін 3-4 минут өткен соң көрінетін болады», - деді спикер.
Портал екі бөлімге бөлінген: ашық – азаматтарға арналған және жабық – құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін. Біріншісінде қылмыстарды белгілі бір жерде немесе мекенжайда, уақыты мен ауырлығы бойынга қылмыстарды егжей-тегжейлі қарау ұсынылатын болады.

Т.БАЛЫҚБАЕВ: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІН БЕДЕЛІН АРТТЫРАДЫ

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев: Әл-Фараби атындағы білім мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық ғылыми қызметтің беделін арттырып, ғалымдарды озық ғылыми зерттеулерді жүргізуге ынталандырады.
Естеріңізге салсақ, бұл жоғары награда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Сыйлықты алуға ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің танылған нәтижелері ұсынылуы мүмкін. Ел үшін нақты экономикалық және әлеуметтік әсерінің болуы міндетті шарт болып табылады.
«Сыйлық екі жылда бір рет беріледі. Осы жылы оның көлемі 18,6 млн. теңгені құрады. Бұл көтермелеу ғалымдардың еңбегін ынталандырып, ғылымға, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға қосатын үлестерін күшейтеді», - деді вице-министр.
Осы жылы талқылауға 26 жұмыс келіп түсті. Нәтижесінде олардың жетеуі Елбасыға Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлықты алуға ұсынылған болаты.

ҚАЗАҚСТАН 2016 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА 100 АСТАМ ЛИЦЕНЗИЯ АЛУҒА ҮМІТТЕНІП ОТЫР

Апта тынысы ORTCOM.KZ көзімен

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков: Бүгінде Қазақстанның 43 спортшысы 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды.
«2015 жылы еліміздің ұлттық құрамалары 29 лицензиялық әлем чемпионатына, Азияның 40 чемпионатына және әлем кубоктарының 140 астам көпсатылы кезеңдеріне қатысты. Нәтижесінде спорттың 10 түрінде 43 лицензия бар. Желтоқсанның аяғына дейін тағы екі лицензия алу күтілуде», - деді спикер.
Келесі жылы қазақстандық спортшылар 122 түрлі жарысқа қатысады. Нәтижесінде 100 астам қазақстандық спортшы ел намысын Олимпиадада қорғайды деп күтілуде.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылың 5-21 тамызы аралығында Рио-де-Жанейрода ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Әлемдік жарыстарға 205 елден 12,5 мың спортшы қатысады.

Өткен аптаның көрінісі осындай болды. ORTCOM.KZ порталымен бірге болып, еліміздің соңғы жаңалықтарынан тыс қалмаңыз!

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат