Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Асқар Мырзахметов: «Жер кодексінің әр бабын оның нақты іске асырылуы тұрғысынан қарастыру керек»

2 шілде 2016
Асқар Мырзахметов: «Жер кодексінің әр бабын оның нақты іске асырылуы тұрғысынан қарастыру керек»

Жер кодексінің әрбір бабын оның нақты іске асырылуы тұрғысынан қарастыру керек. Бұл туралы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысын ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов айтты.

Оның айтуынша, Комиссия мүшелері бұл мәселеде белсенділік танытқандары жөн.

«Бүгін біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Аталған заңнаманың тиімділігін қарастырғанда оның экономика мен халықтың әл-ауқатына ықпалын ескеруіміз қажет. Бүгінгі отырысқа дейін біз комиссияның негізгі бағыттарын қарастырып, жұмыс істейтін бағыттарды айқындадық», - деді Асқар Мырзахметов.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жер кодексіне енгізілетін өзгерістерге мораторий жариялап, құрылған комиссияға мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып аталған мәселені талқылап, қорытындысын шығарып, өз ұсыныстарына Парламентке білдіруді тапсырды.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ