Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

«Атамекен» ҰКП съезі: Жаңа ҚР Салық кодексі кәсіпкерлердің пікірлерін ескерумен келесі жылы қабылданады

16 маусым 2016
«Атамекен» ҰКП съезі: Жаңа ҚР Салық кодексі кәсіпкерлердің пікірлерін ескерумен келесі жылы қабылданады

ҚР Салық кодексі жыл бойы кәсіпкерлердің пікірлерін ескерумен қосымша әзірленетін болады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП съезінің барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов айтты.

«Өткен кездері сіздер жаңа Салық кодексін әзірлеу және енгізу туралы мәселені бірнеше рет көтердіңіздер. Сіздердің пікірлеріңіз ескерілді, біз Мемлекет басшысына жеткіздік, ол бізге тағы жыл бойы осы Салық кодексін сіздердің жағдайларыңызды нашарлатпау мақсатында кәсіпкерлердің көзқарастарын ескерумен дайындауға рұқсат етті», - деді К. Мәсімов кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде.

«Мен сіздерді бұдан әрі талқылауларға шақырамын, қазір қаржы министрі мен экономика министрі бірігіп бұл сұрақты егжей-тегжейлі талқылауға салуда», - деді ол.

Кәрім Мәсімов сонымен қатар барлық жиналғандарды Съездің өткізілуімен құттықтады.

«Сіздердің ұйымдарыңыз - «Атамекеннің» қалыптасып үлгеріп, ел ішіндегі барлық кәсіпкерлерді біріктіре алуымен, сіздердің қазір Үкіметке, министрліктерге, әкімдерге бір көзқарас тұрғысынан жұмыла отырып жүгіне алатындықтарыңызбен құттықтағым келеді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ