Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді сатуға да, жалға беруге де тыйым салу қарастырылмақ

2 шілде 2016
Ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді сатуға да, жалға беруге де тыйым салу қарастырылмақ

Ауылдардың маңындағы жайылымдық жерлердi жеке меншiкке сатуға да, жалға беруге де қатаң тыйым салу қарастырылатын болады. Сонымен қоса, осыған дейін жалға берiлiп, сатылып кеткен жайылымдық жерлер керi қайтарылуы мүмкiн. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтiп жатқан Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысында айтылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бес отырысының қорытындысы бойынша әзiрленген нақты ұсыныстарды жеткiздi.

«Қазiргi жағдайда елдi мекендер шегiндегi жайылымдық жерлерді жалға беруге тыйым салынбаған, мұндай жерлер жеке меншiкке де берiледi. Ал ауыл тұрғындарының малдары үшін жайылымдар жеткiлiксiз. Сондықтан елдi мекен шегiнен тыс жерлердегi радиусты, халықтың қажеттiлiгiне орай жайылымдық жерлердi анықтау керек. Осы елдi мекендер маңынан берiлген жайылымдарға талдау жасап, оларды керi қайтаруды қарастыру және мұндай жерлердiң жеке меншiкке де, жалға да берiлуiне қатаң тыйым салуды ескерген жөн», - деді Е.Нысанбаев.

Айта кетейiк, комиссия отырысы барысында бiр қолға жалға берiлетiн жердiң шегiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына жердi жалға беру көзделген қолданыстағы заң нормаларын жетiлдiру қарастырылады.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ