Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімсіз пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет - С.Бескемпіров

18 маусым 2016
thekonst.net

Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімсіз пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында өңір басшысының орынбасары Серікжан Бескемпіров айтты.

«Меншік түріне қарамастан, ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімсіз пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет. ҚР Үкіметінің қаулысымен облыс бойынша жекеменшікке беріле алатын ауыл шаруашылығы жерлерінің максималды көлемі бекітілген. Аудан және облыс бойынша ол 226 га-дан 11 мың га дейін, ал заңды тұлғалар үшін 92 мың га. Төрт ай ішінде 4 конкурс ұйымдастырылып, 156 жер учаскесі сатуға шығарылды», - деді әкімнің орынбасары.

С.Бескемпіров Жер кодексінде егер адам жерді ала алмаса, оның конституциялық құқығы бұзылатыны туралы айтып, «халықтың сенімінен шығу үшін жағдай жасауымыз керек», деді.

Ол сондай-ақ 49 жылға дейін сатып алу құқығымен жалдау әдісін қалдыру керек екенін атап өтті.

«Қазақстандықтарда жерді бірден сатып алатын ақша жоқ, ал оларға мүмкіндік берілуі керек. Егер шетелдік инвестицияны тарта білсек, ішкі инвестицияға да көңіл бөлу маңызды. Біз барлық жағдайды пайдалануға тиіспіз», - деп түйіндеді әкімнің орынбасары.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ