Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Ауылдық елді мекендердегі жайылымдық жерлер көлемін белгілеп алу қажет - А.Күрішбаев

3 маусым 2016
Фото: www.shyn.kz

Қазір біз жерлеріміздің сапасын білмей жер реформасын жүргізуге асығып отырмыз. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның көшпелі отырысында комиссияның Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

«Қазір біз жерлеріміздің сапасын білмей жер реформасын жүзеге асыруға асығып отырмыз. Оның үстіне, біздің шаруашылықтарымыздың жартысының төлқұжаттары жоқ. Осыған мониторинг жүргізу бойынша үлкен жұмыстар өткізуіміз керек. Бұл мәселе бақылауға байланысты. Қазақстан 100 млн. га жер болса, республика бойынша 200 жер инспекторы бар. Ауыл шаруашылығы жері мол Ақмола облысында 12 жер инспекторы бар, тым аз, олар не істей алады? Осы жер инспекциясы бойынша мәселені де қолға алу керек», - деді ол.

Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жайылымдық жерлер туралы сөз қозғаған А.Күрішбаев әр елді мекеннің болашақта даму жайын болжай отырып, мал санына қарай жайылым көлемін белгілеп алу қажеттігін айтты.

«Ондай жайылымдық жерлер ешкімге жалға да берілмеуі керек, сатылмауы да керек. Осыны ескеруіміз керек», - деп түйіндеді сөзін ол.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ