Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Б. Сағынтаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы көшпелі отырысын қорытындылады

3 маусым 2016
Фото: www.kazinform.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысындағы Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысын қорытындылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Бір де бір сауал қараусыз, шеткері қалмайды. Олардың бәрін бір жүйеге келтіріп, бағыттары бойынша қарайтын боламыз», - деді Б.Сағынтаев Комиссияның өңірлерге алғашқы көшпелі отырысының қорытындысы бойынша.

Ол отырысқа қатысқан Ақмола облысының өкілдері өз пікірлерін айтып, өздерін қызықтыратын сауалдарды қойғанын айтып өтті. Олардың ішінде - жерді сатуға, шетел азаматтарына жалға беруге қатысты және т.б. сауалдар бар.

«Ашық әңгіме болды (…) Отырыс төрт сағатқа созылды, қырықтан астам адам сөз сөйледі. Селекторлық режімде облыстың барлық аудандарын қостық. Аудандарда да ниет білдіргендер өз пікірлерін айтты. Бүгінгі отырыс жұмысына барлығы 250-ден астам адам қатысты. Әрине, өңірлердегі адамдардың сауалдарын, ұсыныстарын тыңдағанда оларда барша халықты мазалайтын сұрақтардан бөлек өзге де көптеген сұрақтар бар екенін байқадық. Негізінен бұл әлеуметтік салаға, ауыл инфрақұрылымына қатысты жеке сұрақтар. Олар қала тұрғындары үшін түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ауыл тұрғындары үшін бұл бірінші кезекте тұрған мәселелер», - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Естеріңізге салсақ, Комиссияның алдыңғы отырысы барысында, 28 мамырда, оның мүшелері халыққа жер реформасы бойынша түсіндіру және ақпараттандыру үшін елдің өңірлеріне баратындығы жарияланған болатын.

«Біздің міндетіміз – барлық ұсыныстар мен пікірлерді халыққа жеткізу. Комиссияның келесі отырысын аймақтардағы кездесуден бастауды ұсынамын. Тағы қосалқы топ құрып аймақтарға бару керек. (…) Осы айда бірнеше сапарды жоспарлап, ал тамыз айында түйінді шешіммен оралуымыз керек. Менің ойымша, халықпен кездесуді Ақмола облысынан бастаған дұрыс. Жұмысты жақын облыстардан бастау керек», - деді бірінші вице-премьер.

Сол кезде ол өңірлердегі кездесулерге барлық мүдделі тұлғалар, аграрлық сектор және бизнес өкілдері шақырылатынын айтып өтті. Осыған байланысты ол ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке өңірлерге баруға ниет білдірген топтардың тізімін ұсынуды тапсырған болатын.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ