Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

бақ: Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда

1 тамыз 2016
invest.gov.kz

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бәсекелестік жөніндегі комитетінің құрамына енді. Біздің еліміздің аталған ұйымға қосылуы алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бәсекелестік тәжірибесін үйреніп, тәжірибе жүзінде іске қосу мүмкіндігін, ЭСДҰ-ның талдамалық материалдарына қолжетімділікті береді. Ал бұл болуы мүмкін қателіктердің алдын алып, монополияға қарсы реттеуді реформалау үдерісін тездетеді. Бұл оқиғаның инвестициялық тартымдылықтың құралы ретіндегі бәсекелестікті қорғаудағы маңыздылығы туралы Өңірлік проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлев REGNUM басылымына әңгімелеп берді.

«Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан өткен жылы өзі мүше болған Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Оның үстіне, Қазақстан Еуразия экономикалық одағы нарығында да өзінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне мүдделі», - деді сарапшы.

«Ресми мәліметтер көрсетіп отырғандай, қазірдің өзінде заңнамалық жаңалықтар нарықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр, енді мемлекеттік бағалық реттеуден монополияға қарсы реттеу құралдарын енгізу арқылы нарықтық бағажасамға көшу қажеттігі туындауда. Осының барлығы Қазақстан экономикасының ірі шетел капиталы үшін барынша тартымды әрі қауіпсіз болуына ықпал етеді», - деді Дмитрий Журавлев.

Монополияға қарсы қызмет жұмысы тұжырымдамасының өзгеруі және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында қойылған міндеттердің бірі болып табылады: «инвестициялық ахуалды жетілдіру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірге жүргізілуі тиіс» .

«Жекеменшік шетел инвестицияларын, әсіресе оны трансұлттық корпорациялар тарапынан тарту Қазақстанға Астанадағы халықаралық қаржы орталығы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы сияқты батыл жобаларды іске асырып, «Жаңа Жібек жолы» жобасына қатысу үшін қажет , — дейді Журавлев. — Стратегиялық географиялық мүмкіншілікке ие бола отырып, Қазақстан өз алдына жаһандық экономиканың өңірлік орталығы болу мақсатын қойды, оған жету жолдарын анықтап, оны жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді: еуразиялық интеграция идеяларын дамытып, халықаралық ауқымдағы оқиғаларды қабылдауда, Қытай мен Еуропа арасында жаңа көлік дәлізін құрып, ислам банкингімен жұмыс істеуде».

Сарапшының пікірінше, мұндай кешенді амал бүгіннің өзінде-ақ жемісін беруде: экономикалық дағдарыс жағдайында да Қазақстан ІЖӨ өсуін көрсетуді жалғастыруда.

ТМД елдері институтының Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Аза Мигранян да онымен келіседі: «Қазақстанның қаржылық секторы жеткілікті дамыған, нарықтық институционалдық орта жақсы жолға қойылған, кәсіпкерлер үшін, оның ішінде қаржылық іс-әреттерде де, еркіндіктің деңгейі жоғары».

Алайда, сарапшының айтуынша, ел өзінің алға қойған мақсаттарына жету үшін, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру үшін әлі де көп жұмыстар атқаруға тура келеді: «АХҚО толыққанды жұмыс істеу үшін өзіміздің биржалық тетігімізді құрып және оны тұрақты валютамен, сондай-ақ өзіміздің құнды қағаздар нарығымызбен қамтамасыз ету қажет. Әзірге Қазақстан бұл жолдың басында ғана тұр, ал бұл орталықты құрудың перспективасына келер болсақ — ол барынша өміршең. Алдымен өңірлік деңгейде, ЭЫДҰ мен ТМД деңгейінде, одан кейін осы нарықтың қытайдың, сингапурдың биржалық орталықтарына және одан ары қарау шығу мүмкіндігі, бірақ бұл перспектива, алдағы үш-бес жылдың еншісінде».

Ішкі саясаттың жалғасы болып табылатын Қазақстанның Орталық Азиядағы сыртқы саясаты, сарапшының пікірінше, «Үлкен пайда» қағидасына (жалпыға бірдей пайда) негізделген,— бұл баршаға танымал «Үлкен ойын» геосаясатына мүлдем кереғар. Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде дау-жанжалға ілікпей, барлық көршілерімен және өңірдегі геосаяси әріптестерімен көп бағытты, бейбітшілік сүйгіш және сындарлы сыртқы саясатты ұстанып келеді. Қазақстан, ең алдымен, Ресейдің жақын әріптесі әрі одақтасы болып табылады. Қазақстан өз кезінде еуразиялық интеграция процесінің бастамашысы, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы маңызды халықаралық процесстердің — ШЫҰ, АӨСШК, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ-ның бастамашысы және белсенді қатысушысы болды. Қазақстан өзінің ірі экономикалық әріптесі — Еуропалық одақпен тереңдетілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, ДСҰ мүшесі болды, Қытаймен сауда айналымы өсіп келеді, ислам қаржы әлемімен байланысы даму үстінде.




Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ