Жаңалықтар

Биыл жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту басталады – Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев

7 сәуір 2016

Атырау облысында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жоспар-кестесі бекітілді. Жыл соңына дейін 346 мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру жоспарланған, 49 маманды қайта даярлаудан өткізу көзделуде. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудыңнегізгі көрсеткіштері бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Ұлт жоспарының екінші бағыты бойыншасот жүйесіне азаматтардың сенімділігін арттыру үшін және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысындағы 47 сот отырысы залының 38-іне аудио-бейне тіркеу жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін барлық сот отырысы залдарын аудио-бейне тіркеу жүйесімен қамту жоспарланып отыр», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ мүлікті заңдастыруда 2016 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша облыста жалпы құны 10 млрд теңге тұратын 1 254 арыз қанағаттандырылды. Одан бөлек, 5,2 млрд теңге сомасына ақша қаражаты заңдастырылды.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап екі мектеп пилоттық режімде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыта бастайды. Пилоттық жоба аясында ұстаздардың еңбекақыларына 20 пайыздық қосымша ақы төленеді. Ал 2015 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындаған 61 медициналық ұйымның 18-і - жекеменшік мекемелер (30%) болды.

Әлеуметтік көмек беруді адрестік сипатын күшейту арқылы оңтайландыру мақсатында, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында пилоттық режімде «Өрлеу» жобасы қолға алынды. Жобаға 22 отбасы тартылды. Нәтижесінде, олардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4 010 теңгеден 14 352 теңгеге дейін өсіп отыр.

Аймақ басшысы облыстағы ірі кәсіпорындарда 21 қоғамдық келісім кеңесі құрылып, 17 этно-мәдени бірлестік жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы жүзеге асыру барысында жалпы саны 117 іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңнан астам адам қатысты», - деп түйіндеді облыс басшысы А.Ноғаев.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат