Жаңалықтар

Е. Нысанбаев: Бiр қолға жалға берiлетiн жер телімінің шегi белгіленеді

2 шілде 2016

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтіп жатқан Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелі отырысында бiр қолға жалға берiлетiн жер телімінің шегiн бекiту туралы ұсыныс жасалды.

«Қолданыстағы заң нормаларында қазақстандықтарға жалға берiлетiн ауыл шаруашылығы жерлерiнiң жоғары шекті мөлшерi белгiленбеген. Бұл жағдайлар бiр қолға жердiң iрi көлемде шоғырлануына әкелді», - дедi отырыста Жер реформасы жөнiндегi штабтың жетекшісі, вице-министр Ерлан Нысанбаев.

Сондықтан жалпы республика, әр облыс аудандары бойынша қазақстандықтарға жалға берiлетiн жер телімдерінің жоғарғы шекті мөлшерiн белгiлеу ұсынылады.

«Оны белгiлеу үшiн бiрыңғай әдiстеме әзiрлеп, аймақтардың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескеру және ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлерi бойынша бiрқатар көрсеткiштерді қамту керек», - дедi вице-министр.

Айта кетейiк, Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бұған дейiн Астанада үш, Ақмола мен Алматы облыстарында екi отырысы өткен.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат