Жаңалықтар

Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізін дамыту стратегиясы қабылданды

1 маусым 2016

Бүгін Одесса қаласында он екінші Үкіметаралық ТРАСЕКА комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыс жұмысы барысында «Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту бойынша халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім» тараптарының өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері, ал еліміздің тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Үкіметаралық отырыс шеңберінде ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізін дамыту, халықаралық автомобиль көлігімен тасымалдауды дамыту Концепциясын жүзеге асыру шаралары, ТРАСЕКА автомобиль көлігімен бағыттардың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен бірге, тараптардың 2021 жылға дейін ТРАСЕКА аумақтық әс-қимыл стратегиясының шараларын теңізде жүзу мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді орындау жүрісі талқыланды.

Үкіметаралық отырыстың өзекті мәселелерінің бірі болып 2016-2026 жылдарға арналған Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша стратегияны қабылдау болды. Стратегияда дәліздің көліктік әлеуетін толықтай көлемде пайдалана отырып, жүктің үзіліссіз және кедергісіз қозғалысына мүмкіндік туғызуға, ТРАСЕКА дәлізінің рөлі мен функциясын басқа халықаралық көлік дәліздерінің маңызды балама дәлізі ретінде ұлғайту қарастырылады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Транскаспийлік бағытты одан әрі дамыту мақсатында 2015 жылы кең ауқымда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілетін арттыру мақсатында Ақтау портында жаңа үш құрғақ жүк терминалы салынды, Құрық портындағы паромдық кешен құрылысы жүріп жатыр. Паромдық терминалды теміржол магистралімен жалғайтын Боржақты-Ерсай теміржол желісінің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының Координациялық комитеті жұмысының аясында Қытай-Қазақстан-Әзербайжан-Грузия-Түркия қатынасында және Қытайдан Қазақстан арқылы Иранға контейнерлік пойыздар ұйымдастырылды.Автожол саласында ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 11 автомобиль жолының жобасын жүзеге асыру көзделген.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат