Жаңалықтар

Жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт қабылдау бекеттері желісін ашу Қазақстанда сүт өңдеу өнеркәсібін дамытуға септеседі – А.Мырзахметов

28 маусым 2016

Жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт қабылдау бекеттері желісін ашу Қазақстанда сүт өңдеу өнеркәсібін дамытуға септеседі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы кезінде Премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов айтты.

«Сүт пен еттің 75-80% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, алайда аталған өнім көлемі өнімді әзірлеу және өткізу мәселелерінің шешілмеуі себепті қайта өңдеуге жатпайды, ал өңдеуші кәсіпорындар болса 60% ғана жүктелген – бұл сүт бойынша да, ет бойынша да орта есеппен. Ауыл шаруашылығы кооперативтері негізінде шағын шаруашылық формалары түрінде, атап айтқанда, сүт қабылдау бекеттері желісі және мал азықтандыру алаңдарын ашу бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешу қажет. Сүттің 80% жеке үй-жайларда өндіріледі. Егер жұмыс істеп тұрған сүт зауыттарын жобалық қуаттылығына дейін жүктесек, онда қосымша 680 мың тонна сүт өңдеуге болады, ал ЖҚШ бүгінде сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге әзір», - деді А.Мырзахметов.

Ол Қазақстанда 152 сүт өңдеу өнеркәсібінің бар екенін, оның ішінде 93-і жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт сатып алуға келісім бергенін атап өтті.

«Сатып алуды орталықтандырылған ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін «ҚазАгро» институттары лизингтік негізде қажетті жабдықтармен, атап айтқанда, сүтті суытатын танкерлермен және қосымша аспаптармен қамтамасыз ететін болады. Бұл бағдарламаға 160 мыңнан кем емес ЖҚШ тартылмақ. Кәсіпорындар жүктемесі 20% жуыққа, қайта өңделген өнім көлемі 30% артады. Сүт қабылдау бекеттерін ашу және сүт өңдеу заутытарын барынша жүктеу есебінен 2 100 астам тұрақты жұмыс орындары ашылады», - деді А. Мырзахметов.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат