Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Жер реформасы жөніндегі комиссяиның кезекті отырысы Алматы облысында өтеді

18 маусым 2016
Жер реформасы жөніндегі комиссяиның кезекті отырысы Алматы облысында өтеді

Алматы облысында өтетін Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысының онлайн-трансляциясын 18 маусым күні сағат 11.00-де bnews.kz және jerturaly.kz сайттарынан көруге болады.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның барлығы төрт отырысы өтті, оның үшеуі – Астанада, біреуі – Ақмола облысында болды. Қазақстан аймақтарын аралаған соң комиссия мүшелері қорытындыларын шығарып, тамыз айында азаматтардың пікірлерін ескерумен жасалған өз ұсыныстарын енгізетін болады.

Еске салайық, 14 маусым күні болған ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жер комиссиясына байланысты мәселелерді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке беруді тапсырған болатын.

«Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Сізге жемісті жұмыс тілеймін. Енді бізге ішкі міндеттерді бөлуді қарастыруымыз керек. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, сіз ауыл шаруашылығы саласын қадағалаумен айналысқан жұмыстарды қайта бөлу керексіз. Менің ойымша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмысын бастаған жер реформасы бойынша комиссияны да А.Мырзахметовке тапсыру қажет», - деді К.Мәсімов отырыс барысында.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер: жер, жер кодексі
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ