Жаңалықтар

Жерді жалға беру мерзімі қысқа болуы тиіс – М.Елеусізов

18 маусым 2016

Қазақстанда жер сатылмауы керек, ал жерді жалға беру мерзімі қысқа болуы тиіс. Мұндай пікірді Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында эколог Мэлс Елеусізов айтты.

«Мен ауылда өстім. Сол себепті ауыл шаруашылығы мәселесін жақсы білемін. Соңғы 25 жылда шетелде тұрған жоқпын. Сондықтан нақты ұсынысым да бар», - деп атап өтті эколог.

Оның айтуынша, Қазақстанда жерге қатысты рефернедум өткізу керек. әрі, жерді сатуға болмайды. Керісінше, адамдарға жермен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.

«Жерді жекеменшікке сатуға жол беруге болмайды! Ал жалға беру мерзімі қысқа әрі ол мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс. Жерді жалға алушыларды және жердің пайдаланылуын қатаң бақылайтын арнайы орган құрылуы тиіс», - деп түйіндеді М.Елеусізов.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат