Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Жері құнарлы Жетісу жерімен жұмыс істеу үшін реформа керек – Б.Сағынтаев

18 маусым 2016
365info.kz

Жері құнарлы Жетісудің шұрайлы жерлерімен жұмыс істеу керек, ол үшін реформа керек. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өткен көшпелі отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Жетісу жерінің табиғаты - жанға жайлы, жері - құнарлы. Осындай шұрайлы жерлермен жұмыс істеу керек, осындай жерлермен шаруаны дөңгелетіп алып кетіп үшін реформа керек. Бүгін өздеріңізбен тағы осы бағытта ашық пікірталас өткізіп, Алматы облысы шаруаларының ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдағымыз келіп отыр», - деді көшпелі отырысты ашқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.

Сондай-ақ ол жер туралы сайт жұмыс істеп жатқанын, оған ұсыныстар келіп түсіп жатқанын тағы еске салып өтті.

«Біздің штаб ұсыныстарды жүйеге келтіріп, жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі селекторлық отырысқа облыстың бүкіл аудандары қосылып жатыр. Осының бәрін ұйымдастыруға септігін тигізген облыс әкімі Амандық Батталовқа рахмет», - деп өңір басшысына алғысын білдірді Б.Сағынтаев.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ