Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов Ақтөбедегі медицина қызметкерлерінің алғыс хат табыстады

15 маусым 2016

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 5 маусым күні болған теракті кезінде жараланғандарды қабылдаған жедел медициналық жәрдем ауруханасының медициналық қызметкерлеріне Үкімет атынан алғысхаттар табыстады.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бес медициналық қызметкері Премьер-Министрдің қолынан алғыс хаттар алды. Олардың ішінде хирург дәрігер Жазылбек Әбди, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Айгүл Тайжігітова, облыстық стансаның интенсивті терапия бригадасының дәрігері Ринат Бекмеев, сондай-ақ жансақтау бөлімінің анестезист мейірбикесі Мәдина Сәттарова және жансақтау бөлімінің операциялық мейірбикесі Қымбат Әлібекова бар.

К.Мәсімов медицина қызметкерлеріне қызметіне адалдықтары үшін алғысын білдіріп, жараланғандардың өмірін құтқару арқылы олардың өз жұмыстарын лайықты атқарғанын атап өтті.

Ол сонымен қатар медицина қызметкерлерін келе жатқан Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат